Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн
дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 6 ақпандағы № 148 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 2.4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік органдардың басшылары (келісім бойынша) Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне жыл сайын 5 қаңтардан және 5 шiлдеден кешiктiрмей Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын 25 қаңтардан және 25 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 6 ақпандағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық
стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған
Бағдарламасы
1. Паспорты (Бағдарламаның негiзгi параметрлерi)
Атауы Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және
сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы
негіздеме 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 2.4-тармағы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы
17 шiлдедегi № 712-1 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға
арналған стратегиясын iске асыру жөніндегі
2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының
5.3.3.11-тармағы
Негізгi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
әзiрлеушi министрлігі
Бағдарламаның Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының
мақсаты әлемдiк рынокқа шығуы, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда
ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кіруiне жағдай жасау үшiн
өзiне стандарттау, сәйкестiгiн бағалау,
аккредиттеу, сапаны басқару, мемлекеттік қадағалау
мен бақылау жөнiндегі жұмыстарды жетiлдiрудi
қамтитын техникалық реттеу саласындағы жұмыстардың
халықаралық практикасына Қазақстан Республикасының
көшуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару
мiндеттер саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзудi
қамтамасыз ету;
техникалық реттеудiң халықаралық үлгiсiне өту;
салаларда стандарттау жөнiндегі жұмыстарды дамыту
мен жетiлдiру үшiн жағдай жасау;
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруi үшiн жағдай жасау;
республикада өткiзiлген өнiмнiң сәйкестігін
бағалау нәтижелерiнiң әлемдiк рынокта танылуы
үшiн жағдай жасау;
отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн және
сапасын арттыру;
мемлекеттік, өңiрлiк және халықаралық
деңгейлерде бірыңғай ақпараттық кеңiстіктi
кезең-кезеңмен құру;
мамандардың біліктiлiгiн арттыру;
халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды
жандандыру.
Iске асыру 2004-2006 жылдар
мерзiмi
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
орындаушылар министрлігі
Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен
ведомстволары
Қаржылану көзi Республикалық бюджет
Қаржылық Барлығы: 590 556 мың (бec жүз тоқсан миллион бес
шығындар жүз елу алты мың) теңге, оның iшiнде:
- 2004 жылға - 242 683,0 мың (екi жүз қырық екi
миллион алты жүз сексен үш мың) теңге
- 2005 жылға - 170 402,0 мың (жүз жетпiс миллион
төрт жүз екi мың) теңге
- 2006 жылға - 177 471,0 мың (жүз жетпiс жетi
миллион төрт жүз жетпiс бір мың) теңге
Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру:
нәтижелер - мемлекеттік және халықаралық стандарттар
негiзiнде өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгін және
тұтынушылық қасиеттерiн көтеруге;
- стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру
негізiнде саудада техникалық кедергiлердi
болдырмауға;
- техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестiгiн
бағалау саласында жұмыстардың халықаралық
практикасына біртiндеп өтуге;
- жаңа оның iшiнде халықаралық деңгейде техникалық
комитеттер, сондай-ақ салаларда стандарттау
қызметтерiн құруға;
- халықаралық, өңiрлiк және ұлттық ұйымдармен
ынтымақтастықты жандандыруға;
- бірыңғай ақпараттық кеңiстіктi құруға септiгін
тигiзуi тиiс.
2. Кiрiспе
Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының 7.3.3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 2.4-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 5.3.3.11-тармағы негiзiнде әзiрлендi.
Осы Бағдарлама iс-шаралардың орындалуымен Қазақстан Республикасының стандарттар мен сәйкестiктi бағалауды әзiрлеу мен қолданудың халықаралық практикасына көшу үшiн жағдай жасау басталған "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 4 шiлдедегi № 913 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасының жалғасы болып табылады.
Осы Бағдарлама мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерін одан әрi дамытуға, стандарттау, сәйкестiгiн бағалау, сапаны басқару саласында жұмыстардың халықаралық практикасына біртiндеп көшуге және көрсетiлген бағыттарда жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарламаның iс-шаралары 2004-2006 жылдар кезеңiн қамтиды, ұзақ мерзiмдi сипатқа ие және келесi бағдарламаларда iске асырылатын болады.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Қазiргі уақытта республикада негізгі ережелерi Дүниежүзілік сауда ұйымының халықаралық талаптарымен және қағидаттарымен сәйкестендірілген мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң заңнамалық негізi құрылған. Осы мақсатпен "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Республикада мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң негіз құраушы стандарттарын халықаралық баламалармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.
Республикада 39 мыңнан астам саналатын нормативтiк құжаттардың атаулары, оның iшiнде: 3 700 стандарттау жөніндегi мемлекеттік нормативтiк құжаттар (шамамен 700 мемлекеттік стандарт, 3000-нан астам техникалық шарттар, ережелер мен ұсыныстар); 20 000 мемлекетаралық стандарт; 15 000-ға жуық шетелдiк стандарттар және 4 000 халықаралық стандарттар бap нормативтiк құжаттар қоры (Мемлекеттік стандарттар қоры) құрылды. Алайда, бар қор Қазақстанда қолданыстағы нормативтiк құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестiру жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн шетелдердiң халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарымен жеткілiктi толықтырылмаған. Алдағы кезеңде Мемлекеттік стандарттар қорын (бұдан әрi - МСҚ) кеңейту және жаңарту қажет.
МСҚ кеңейту және жаңарту жөнiндегі, сондай-ақ ақпарат алмасу жөнiндегі жұмыстарды толық көлемде жүргізу үшiн МСҚ ақпараттық жүйесiнiң техникалық жабдықталуын жаңғырту және оны дамыту жөнiнде жұмыстарды жалғастыру қажет.
Жүргізiлген талдау көрсеткендей мемлекеттік стандарттарды жаңарту қарқыны соңғы 10 жыл iшiнде елеулi түрде қысқартылды. Осының нәтижесiнде халықаралық талаптармен үйлестiрілген мемлекеттік стандарттардың процентi, негiзiнен негiз құраушы стандарттар есебiнен 2003 жылы тек 17%-тi құрайды.
Салалардың стандарттарды әзiрлеуге қызығушылығының әлсiздігі, салалық бағдарламаларды қаржыландырылмау немесе қаржыландырудың жеткiлiксiздігi, стандарттауда ғылымның дамуының белсендiлiгiнiң төмендеуiнiң негізгi себебi болып табылады.
Экономиканың түрлi салаларында стандарттау жөнiнде жұмыстар жүргiзу мақсатында қызмет саласына мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу жөнiндегі жұмыстар мен халықаралық стандарттауға қатысу кiретiн 40 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрылды. Алайда стандарттау жөніндегі балама техникалық комитеттердi басқа да қамтылмаған салаларда құру қажет. Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның (бұдан әрі - ИСО) мүшесi болып табылады. ИСО шеңберiнде Қазақстан 6 стандарттау жөніндегі - халықаралық техникалық комитеттiң жұмысына және мұзға төзiмдi теңiз мұнай-газ құрылғыларына стандарттар әзiрлеу жөніндегі топтың жұмысына қатысады. Алайда, Қазақстан Халықаралық электротехникалық комиссияның (бұдан әрi - ХЭК) мүшесi болып табылмайды. Осы ұйымда мүшелiктiң болмауы XЭК халықаралық стандарттарын пайдалануға мүмкiндiк бермейдi.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсiмдерi туралы ДСҰ-ға мүше мүдделі елдердi ақпараттандыру үшiн Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетке ведомстволық бағынысты кәсiпорын негiзiнде аккредиттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша ДСҰ-мен өзара iс-әрекет жөнiндегі ақпараттық орталық құрылады. Қазiргi уақытта ақпараттық орталық қажеттi бағдарламалық өнiмдермен, библиографиялық және толық мәтiндi дерекқормен жабдықталмаған.
Мүдделi тұлғаларды рынок жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында республикада шығарылатын өнiмдi каталогтау жүйесi құрылды және жүргiзiледi. Қазiргi уақытта жүргiзiлуi мен көкейкестілігі жалғастырылуы қажет өнiмнiң 3 электронды каталогы құрылған.
Республикада түрлі ведомстволармен әзiрленген 25 сыныптауыш қолданыста, олардың 10-ы мемлекеттік мәртебеге ие. Техника-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтаудың бірыңғай жүйесін құру қажет.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгінiң қажеттi шарттары ретiнде қару айналымын тәртiпке келтiруге жағдай жасау үшiн Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитетке Азаматтық және қызметтiк қару мен оның оқтарының мемлекеттік кадастрын шығару тапсырылған. Осы мiндеттi iске асыру үшiн бұдан әрi Азаматтық және қызметтік қару үлгiсiнiң тiзбесiн және Азаматтық және қызметтік қару мен оның оқтарының мемлекеттік кадастрын жүргiзу қажет.
Отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігі өндірiсте сапа менеджментi жүйесiнiң болуына тiкелей байланысты болады. Республикада қазiргi уақытта ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесiн шамамен 116 кәсiпорын ғана сертификаттады, олардың iшiнде нақты секторда тек әрбір салада 3-4-тен ғана. Сапа менеджментi жүйелерiн енгізуде кәсiпорындардың қызығушылықтарының төмендiгінiң негiзгi себептерiнiң бірi сапа саласында саясатты әлсiз насихаттау мен ғылыми-әдiстемелiк базаның болмауы болып табылады. Таяу жылдарда отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгінiң деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету үшiн кәсiпорындарда сапа менеджментi жүйелерiн және қоршаған ортаны қорғауды енгізу мен сертификаттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік қолдау қажет.
Қазiргі уақытта жалғастырылуы қажет өнеркәсiптiң басым салаларындағы кәсiпорындарда 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын енгізу кезiнде туындайтын проблемаларды талдау жөнiнде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
Отандық кәсiпорындарды бәсекеге қабiлетті өнiм өндiруге ынталандыру мақсатында республикада "Сапа саласындағы жетiстіктерi үшін" және "Қазақстанның ең үздік тауарлары" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйақысына iзденуге конкурстар құрылды.
Қолда бар сертификаттау сынақтары бойынша республиканың сынақ қоры жеткiлiксiз, себебi өнiмнiң барлық номенклатурасын қамтымайды және республикада тегiс таратылмаған.
Сынақ қорын жабдықтау үшiн өнiмнiң, шикiзаттың және материалдардың әлеуетi қауiптi түрлеріне сертификаттық сынақтар жүргiзу жөніндегі аккредиттелген сынақ орталықтары (зертханалар) желісін құру және жетілдiру қажет.
Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тiзiлiмдерiнде тiркелген мамандар жоқ. Халықаралық және өңірлік ұйымдарда мамандарды даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды жүргiзу қажет.
Осылайша, қазiргі уақытта қолданыстағы ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерi халықаралық талаптарға, соның iшiнде Саудада техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегі Дүниежүзiлiк сауда ұйымы келісімдерiнiң талаптарына және ТМД елдерiнiң еркiн сауда аймағындағы техникалық кедергiлер жөнiндегі келісімдерге сәйкес келтiрiлмеген.
Төменде проблеманың күштi және әлсiз жақтары берiлген.
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
- техникалық реттеу жүйесiне өту жөніндегі жұмыстардың бірiншi кезеңiн жүргізу; - республика кәсiпорындарында сапа менеджментi мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн енгізу жөніндегі жұмыстарды насихаттау мен қолдау жөнiнде жұмыстар жүргiзу; - салаларда стандарттау жөнiндегі қызметтi жандандыру. | - ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестiрудiң төмен процентi; - техникалық реттеу саласында бірыңғай саясатты құруға керi әсер ететiн мемлекеттік органдардың жекелендiрiлгендігі; - халықаралық тiзiлiмде тiркелген сарапшылардың болмауы; - өнiмнiң жекелеген түрлерiнiң сапасын бақылау үшiн сынақ қоры мен қазiргi заманғы жабдықтардың болмауы. |
Мүмкіндіктер | Қауіптер |
- жаңа нарықтық экономика мен халықаралық практикаға жауап беретiн, өнiмге, оның өндiрiлу процестерiне, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қойылатын мiндеттi және ұсынылатын (ерiктi) талаптарды белгілеу мен қолдану мәселелерiне көзқарасты енгізу; - халықаралық ұйымдармен және стандарттау мен сертификаттау жөнiндегі ұлттық органдармен бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi құру; - мемлекеттік стандарттар қорын ұлғайту, сондай-ақ үйлестірілген ұлттық стандарттар процентiн арттыру. | - әлемдiк жаhандандыру процесiнiң шегiнен тыс қалу қатерi; - ғылым мен техниканың қазiргi уақыттағы талаптарына жауап беретiн ақпараттар мен нормативтiк құжаттардың болмауы; - республикалық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейлерде ақпаратпен және нормативтiк құжаттармен шұғыл алмасу үшiн жағдайдың болмауы. |