Осы Бағдарламада көзделген ұлттық стандарттау және сертификаттау
жүйелерiн бұдан әрi дамыту бірқатар заңнамалық кесiмдер мен нормативтiк
құжаттарды әзiрлеу және үйлестiру жолымен балама халықаралық жүйелермен
жақындастыруға стандарттау нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге, өнiмдi
сертификаттау рәсiмдерiн өзгертуге, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету
саласындағы қызметті жетілдiруге байланысты проблемаларды шешедi.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының әлемдiк рынокқа шығуына жағдай жасау үшiн өзiне стандарттау, сәйкестiктi бағалау, аккредиттеу, сапаны басқару, мемлекеттік қадағалау мен бақылау жөнiндегі жұмыстарды жетілдiрудi қамтитын техникалық реттеу саласындағы жұмыстардың халықаралық практикасына Қазақстан Республикасының өтуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілiк сауда ұйымына (ДСҰ) кіру үшiн жағдай жасау болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi:
- стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізудi қамтамасыз ету;
- техникалық реттеудiң халықаралық үлгісiне өту;
- салаларда стандарттау жөніндегі жұмыстарды дамыту мен жетiлдiру үшiн жағдай жасау;
- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруi үшiн жағдай жасау;
- республикада әлемдiк рынокта жүргiзiлген өнiм сәйкестігінiң бағалау нәтижелерiн тану үшiн жағдай жасау;
- отандық өнiмнiң бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру;
- мемлекетаралық, өңiрлiк және халықаралық деңгейде бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi кезең-кезеңмен құру;
- халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жандандыру.
Қойылған мiндеттердi iске асыру отандық өнiмнiң сапасын арттыруға және iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелестік қабiлеттілігін арттыруға, мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiруге және республиканың бірыңғай ақпараттық кеңiстігiн құруға ықпал етедi.
5. Бағдарламаны іске асырудың негiзгi
бағыттары және тетiгі
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары:
- стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнаманы жетiлдiру, оны халықаралық практикаға сәйкес келтiру;
- мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамыту және халықаралық жүйелермен үйлестiру;
- қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарды салалар бөлінiсiнде халықаралық талаптармен үйлестіру;
- сапа менеджментi жүйелерiн енгізудi ынталандыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
- Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетілдiру;
- стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
- стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiліктілігін арттыру болып табылды.
5.1. Стандарттау және сертификаттау саласындағы
заңнаманы жетiлдiру, оны халықаралық практикаға
сәйкес келтіру
Қалыптасқан халықаралық практиканы және ТМД елдерiнде қабылданған практиканы ескере отырып мiндетті техникалық регламенттер мен стандарттар арқылы өнiм өндiрудi нормативтiк реттеудi көздеу жоспарланатын "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу және бекіту күтiледi.
5.2 Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау
жүйелерiн дамыту және халықаралық жүйелермен
үйлестiру
5.2.1 Мемлекеттік стандарттау жүйесiн жетiлдiру және
техникалық реттеу жүйесiн құру жөніндегі iс-шаралар
Мемлекеттік стандарттау жүйесiн бұдан әрi дамыту мен жетілдiру оларды балама халықаралық жүйелермен жақындастыруды және стандарттарды epiкті қолдануға өтудi көздейдi.
Алдағы кезеңде қолданыстағы заңнамаға және нормативтiк техникалық құжаттамаға оларды жаңадан әзiрленген заң жобасына сәйкес келтiру және техникалық реттеудi талап ететiн экономика салаларын анықтау мақсатында талдау жүргiзу қажет.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі мемлекетаралық кеңес (бұдан әрi - MAК) шеңберiнде кейiннен оларды МАК-қа мүше елдерде, оның iшiнде Қазақстанда да қабылдап, мемлекетаралық мүдденi бiлдiретiн секторлар бойынша техникалық регламенттердi әзiрлеу көзделедi. Осыған байланысты ұлттық техникалық регламенттердi әзiрлеу осы саладағы мемлекетаралық үрдiстердi ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Нормативтiк құқықтық кесiмдердi және құжаттарды:
- техникалық регламенттерге;
- техникалық регламенттермен үйлестірiлген стандарттарға және басқа да нормативтiк құжаттарға ажырату күтілуде.
Мемлекеттік стандарттау жүйесiн жетiлдiру үшiн Бағдарламада:
- техникалық реттеу жүйесiне өту жөнiнде iс-шаралар жоспарын дайындау және бекіту;
- негіз құраушы стандарттарды техникалық реттеу туралы заңнамамен сәйкес келтiру мақсатында оларды қайта қарау;
- экономиканың жұмыс iстеп тұрған салаларында экономиканың басым секторлары мен оларды техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында негiз құраушы стандарттарды қайта қарауды талап ететiн өнiм түрлерiн анықтау үшiн мiндеттi нормаларды белгiлейтiн басқа нормативтiк құжаттарға талдау жүргізу;
- халықаралық талаптармен үйлестiрiлген ұлттық стандарттар әзiрлеу;
- жаңа техникалық комитеттер, сондай-ақ салаларда кәсiпорындардағы стандарттау қызметтерiн құруға ықпал ету;
- теледидарда, радиода, баспада салалық және мамандандырылған басылымдарда техникалық реттеу жүйелерiн насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөнiнде iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және iске асыру;
- халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, өнiмнiң сапасына мемлекеттік қадағалау жүргiзу тәртібін жетiлдіру, сондай-ақ сату саласында сапасын анықтау үшін тауар үлгiлерiн сатып алу мен сынауды қаржыландыру;
- аккредиттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша ДСҰ-мен өзара iс-әрекет жөніндегі ақпараттық орталық жүйесiн дамыту мен бірге алып жүрудi қамтамасыз ету;
- мүдделi тұлғаларды өндiрiлетiн өнiм, нормативтiк құжаттар мен тауар өндiрушілер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн өнiмдi каталогтау жүйесiн жетiлдiру, оның электронды каталогына өзгерістер енгізу;
- Азаматтық және қызметтiк қару мен оның оқтары үлгiлерiнiң мемлекеттік кадастрын жүргізу.
5.2.2 Сертификаттау және аккредиттеу жүйелерiн жетiлдiру
жөнiндегі iс-шаралар
Сертификаттау және аккредиттеу саласында сертификаттау жөнiндегі органдар мен сынақ зертханаларын аккредиттеу нәтижелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында берiлетiн сәйкестiк сертификаттарын халықаралық деңгейде тануды қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүргiзу қажет.
Ол үшiн:
- сертификаттық сынаулар жүргiзу жөніндегі сынақ орталықтарының (зертханаларының) желiлерiн құру және жетiлдiру. Оның iшiнде, Солтүстiк өңiрде ауыл шаруашылығы техникасы бойынша, Орталық өңiрде тұрмыстық электр аспаптары, газ, кабельдiк өнiмдер бойынша сынақ зертханаларын құруға; сондай-ақ бұйымдар мен материалдардың өрт қауiпсiздiгi көрсеткiштерiн тексеру бойынша сынақ зертханаларын құруға ықпал ету қажет. Осы мiндеттi орындау үшін бағдарламада өлшеу аспаптарымен және құралдарымен жабдықталған көшпелi зертханаларды сатып алу көзделген;
- сынақ зертханалары (орталықтары) желiлерiнiң сынақ жабдықтарын жаңғыртуды және оларды халықаралық тiзiлiмдерде аккредиттеудi жүргiзу;
- халықаралық сарапшылар тiзiлiмiне енгізу мақсатында, аккредиттеу нәтижелерiн тануды қамтамасыз ету мақсатында стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында мамандар оқытуды жүргiзу;
- шетелде қазақстандық сертификаттау жөніндегі органдар беретiн сәйкестiк сертификаттарын тану мақсатында ұлттық аккредиттеу жөнiндегі органды халықаралық деңгейде аккредиттеуге дайындау;
- сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ және өлшеу зертханаларын аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.
5.3 Қолданыстағы стандарттау жөніндегі
нормативтік құжаттарды салалар бөлiнiсiнде
халықаралық талаптармен үйлестiру
Осы кезеңде стандарттау мен сертификаттаудың басым объектiлерi ретiнде мiндетті сертификаттауға жататын өнiмдер тiзiлiмiне сәйкес өнiмдер, сондай-ақ қызметiнiң түрi әлеуетті қауіпті кәсiпорындар өндiрiсi болуы тиiс.
Бағдарламаның негізгі iс-шаралары халықаралық стандарттар салаларына енгізуге бағытталған, ол үшiн:
- республиканың кәсiпорындарында салаларда стандарттау қызметтерiн құру;
- республиканың техникалық реттеу жүйесiне өтуiн ескере отырып, салада қолданыстағы стандарттау жөнiндегі нормативтік құжаттарды әзiрлеу мен оларды халықаралық талаптармен үйлестiрудiң бағдарламалары мен жоспарларын республика экономикасының түрлi секторларының мемлекеттік басқару органдарының бекітуi;
- Қазақстан Республикасы экономикасының басым салалары үшiн дамыған шет елдердiң халықаралық өңiрлiк және ұлттық стандарттарын сатып алу;
- экспортқа шығарылатын отандық өнiм мен объекттерге (технологиялар, қызметтер көрсету) арналған қолданыстағы нормативтiк құжаттарды үйлестiру жүргізу болжанып отыр.
5.4 Сапа менеджментi жүйелерiн енгізудi
ынталандыру жөнiнде жұмыстар жүргізу
Әлемдiк рынокта өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне гаранттың біреуi сапа менеджменті жүйесiн сертификаттау және халықаралық стандарттар бойынша қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Сапа менеджментi жүйелерiне арналған стандарттар сапа мәселелерiнде басшылар мен мамандардың жоғары құзыреттілігі мен арнайы даярлығына бағдарланған, өндiрiстi ұйымдастыру мен процестердi басқаруда жаңа бағыттарды iздестiрудi талап етедi.
Экономиканың түрлi секторындағы кәсiпорындарды сапа менеджментi және қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн енгізуге дайындау үшiн Бағдарламада:
- өндiрiстің жергілiктi жағдайын ескере отырып, 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарына сәйкес нәтижесi сапа менеджментi мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн әзiрлеу және енгізу жөнiндегі нұсқамалар мен әдiстемелiк құралдар әзiрлеу болып табылатын сапа менеджментi және қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн енгізу жөнiнде қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу;
- ИСО 19011 "Сапа менеджментi және/немесе қоршаған ортаны қорғау жүйелерiнiң аудитi жөніндегі басшылық" халықаралық стандарттың икемделiнуi жөнiнде ұсынымдар мен әдiстемелiк материалдар әзiрлеу;
- ғылыми-техникалық журналдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында ұсынымдар мен басқа материалдарды жариялау;
- тарифтiк емес кедергiлердi азайту және Қазақстанның ДСҰ-ға тиiмдi қатысуы үшiн Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесiн еуропа жүйесiмен үйлестіру жөніндегі ұсынымдар әзiрлеу көзделген.
5.5 Мемлекеттік стандарттар қорын
дамыту және жетiлдiру
Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетiлдiру мақсатында:
- МСҚ өнеркәсiбi дамыған шет елдердiң халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарымен, әсiресе электронды тасымалдаушыларда толықтыру;
- қорда бар нормативтік құжаттарды қағаз тасымалдаушылардан электронды тасымалдаушыларға аудару;
- қолданыстағы техникалық реттеу жүйесiн реформалау мiндеттерiмен сәйкес келтiру мақсатында қолданыстағы нормативтік құжаттар қорының тиімділігіне талдау жүргiзу және нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
- өнiмге арналған нормативтік құжаттардың библиографиялық дерекқорын құру, мысалы - мұнай және мұнай өнiмдерi, түстi металдар мен олардың қорытпалары, ауыл шаруашылығы шикiзаты және оны қайта өңдеу өнiмдерi және басқалары;
- көрсеткiштердi, каталогтарды, стандарттарды дайындау және, сондай-ақ электронды тасымалдаушыларда шығару;
- стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджментi жүйелерi жөніндегі баспа өнiмдерiн шығару және тарату жөніндегі маркетингтiк қызметтi жүзеге асыру жоспарланып отыр.
5.6 Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу
саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
Халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында Бағдарлама:
Халықаралық стандарттау жөнiндегі ұйым (ISO) жұмысына қатысуды;
- Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өңiрлiк ұйым; - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес жұмысына қатысуды;
- стандарттау жөніндегі халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердiң жұмысына қатысуды көздейді.
Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға алдағы өтуiн және әлемдiк экономикаға ықпалдасу қажеттілігін ескере отырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде:
- Халықаралық электротехникалық комиссияға кіру;
- ТМД және алыс шет елдерiнiң стандарттау және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдарымен ынтымақтастық жоспарланып отыр.
5.7 Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу
саласында кадрларды даярлау және олардың бiліктiлiгiн
арттыру
Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында кадрларды даярлау және олардың біліктiлігін арттырудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында:
- жоғары оқу орындарында стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мамандар даярлау бағдарламаларын жетілдiру, оның iшiнде жалпы және арнайы білім алу кезеңiнде оқытудың үлгілiк бағдарламаларын, оқыту және әдiстемелiк нұсқаулықтарды жасау;
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесiп, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару мәселелерi жөнiнде білім беру мекемелерi үшiн оқыту және әдiстемелiк материалды дайындауға қатысу;
- білім беру мекемелерiнiң студенттерi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнде тағылымдамадан өту қажет.
Қазақстанда аккредиттелген сертификаттау жөнiндегі органдар берген өнiмге арналған сәйкестік сертификаттарын шет елдерде тану үшiн қазақстандық мамандардың халықаралық сарапшы-аудиторлар тiзiлiмiнде тiркелуi қажет. Осы мақсатта халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында сарапшы-аудитор біліктiлiгін берiп, халықаралық деңгейде Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитет орталық аппаратының және оған ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың мамандарын даярлау, сондай-ақ республикада семинарлар өткізу және мамандарды оқыту үшiн әлемнiң өнеркәсiбi дамыған елдерiнiң халықаралық және ұлттық ұйымдарын тарту көзделiп отыр.
Сондай-ақ, Бағдарламаның iс-шараларымен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитеттің ведомстволық бағынысты кәсiпорындарының негізiнде:
- стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мiндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік инспекторларды;
- салаларда стандарттау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, ұйымдар мен кәсiпорындардың мамандарын даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру көзделiп отыр.
5-бөлiмде берiлген iс-шараларды iске асыру халықаралық стандарттарға өту үшiн жағдай туғызуға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігін арттыруды және оның әлемдiк рынокқа шығу мүмкiндігін қамтамасыз етедi.
Осы Бағдарламаны негізгi орындаушы Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегі және "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңдарына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкiлеттi орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi болып табылады және Қазақстан Республикасында стандарттау және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады. Бағдарламаны iске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының стандарттау және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының атқарушы органдары мен заңды тұлғаларының қатысуы болжанып отыр.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытуға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу 590 566 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде 2004 жылға - 242 683,0 мың теңге, 2005 жылға - 170 402,0 мың теңге, 2006 жылға - 177 471,0 мың теңге.
Бұл ретте жыл сайынғы қаржыландыру көлемi тиiстi, қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаның іс-шараларын 2004-2006 жылдары iске асыру:
- мемлекеттік және халықаралық стандарттар негiзiнде өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн және тұтынушылық қасиеттерiн арттыру;
- стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестірудiң салдарынан саудада техникалық кедергiлердi жою;
- техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестiктi бағалау саласында жұмыстардың халықаралық практикасына біртiндеп көшу;
- жаңа, оның iшiнде халықаралық деңгейде техникалық комитеттер, сондай-ақ салаларда стандарттау қызметтерiн құру;
- халықаралық, өңiрлiк және ұлттық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыру;
- бірыңғай ақпараттық кеңiстiк құру үшiн жағдайды қамтамасыз етедi.
Бағдарлама іс-шараларын орындау нәтижесiнде мынадай оң өзгерістерге қол жеткiзiледi:
- жаңа нарықтық экономика мен халықаралық практикаға жауап беретiн, өнiмге, оның өндiрiлу процесiне және айналымына, жұмыстармен және қызмет көрсетулерге қойылатын мiндеттi және ұсынылатын (ерiктi) талаптарды белгілеу мен қолдану мәселелерiне көзқарасты қамтамасыз ететiн "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленетiн және қабылданатын болады;
- қазiргi уақытта қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың санын 700-ден 2006 жылға 1100 дейiн арттыру. Осылайша, тек 2004 жылы Бағдарламаның іс-шараларымен халықаралық талаптармен үйлестірiлген 260 стандартты әзiрлеу iске асырылатын болады; кейiнгі жылдары стандарттарды әзiрлеу және оларды үйлестіру қарқыны төмендемейдi. Осылайша, 2006 жылға қарай мемлекеттік стандарттардың саны қазiргі қолданыстағыдан 57%-ке артуы, әзірленген стандарттардың үйлестіру есебiнен сапасының 17%-тен 60%-ке артуы күтіледі;
- өнiмдердiң электронды каталогтарын енгізу нәтижесiнде нақты ақпаратпен энергетиканың шамамен 900 мүдделi кәсiпорындары, шағын және орта бизнестiң 3000 кәсiпорындары және басқа да мүдделi тұлғалар қамтамасыз етiледi;
- 9000 сериялы ИСО стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйелерiн енгізген нақты сектор мен машина жасау кәсіпорындарының саны 2004 жылы бір жарым есе, 2005 жылы - екі есе, 2006 жылы - екi жарым есе артады;
- МСҚ нормативтiк қоры электронды режимде халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттармен жинақталуы есебiнен 30 000-нан 40 000-ға дейiн артады;
- 14 автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi енгізу есебiнен ДСҰ хатшылығымен шұғыл және нақты ақпаратпен алмасу қамтамасыз етіледi.
8. Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау
және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөнiндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Iс-шара | Аяқталу нысаны | Орында луына (iске асыр- уына) жауап- тылар | Орындалу (iске асырылу) мерзiмi | Болжанып отырған шығыстар (мың теңге) | Қаржы- ландыру көзi |
8.1. Стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнаманы жетiлдiру, оны халықаралық практикаға сәйкес келтiру |
8.1.1 | "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Респу- бликасының Заңын әзiрлеу | Қазақстан Республи- касы Заңының жобасы | ИСМ, IIМ, ҚорМ, ДСМ, СIМ, ЭMPM, ҚОҚМ, ЕХҚМ, ККМ, АШМ, Ақпа- рат- минi | 2004 жылғы III тоқсан | Талап етiл- мейдi- | - |
8.2. Мемлекетік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамыту және халықаралық жүйелермен үйлестiру |
8.2.1 8.2.2 8.2.3 8.2.4 8.2.5 8.2.6 8.2.7 | Техникалық реттеу жүйесiне көшу жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және бекіту Бұқаралық ақ- парат құрал- дарымен жұмыс жөніндегі iс- шаралар жос- парын әзiрлеу және бекіту, техникалық реттеу жүйесiн насихаттау Өнiмдер каталог- тарын жүргiзу: - ОЭК кәсiпорын- дары шығаратын өнiмдер ката- логы; - Шағын бизнес кәсiпорындары шығаратын өнiм- дер каталогы; - Қазақстан Республикасының басқа да кәсi- порындары шығаратын өнiм- дер каталогы Азаматтық және қызметтiк қару мен оның оқ- тарының мемле- кеттiк кадастрын жүргiзу Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ және өлшеу зертханаларын аккредиттеу Сынақ орталық- тарының желiле- рiн жетiлдiру Аспаптармен және өлшеу жабдықта- рымен жинақтал- ған жылжымалы зертханаларды сатып алу және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң аумақтық органдарын қамтамасыз ету Сапасына және сату саласында қауiпсiздiгiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшiн тауар үлгiлерiн сатып алу жане сынау | Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысының жобасы ИСМ бұйрығы Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулысының жобасы ҚР ИСМ Стандарт- тау, мет- рология және сер- тификаттау жөніндегі комитетi- нiң (бұдан әрi - СМСК) бұйрығы Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ИСМ, IIМ, ҚорМ, ДСМ, СIМ, ЭМРМ, ҚОҚМ, ЕХҚМ, ККМ, АШМ, Ақпа- рат- минi ИСМ, Ақпа- рат- минi ИСМ, ЭБЖМ, ҚарМ ИСМ, IIМ, ЭБЖМ, ҚapM ИСМ, ЭБЖМ, ҚарМ ИСМ, ЭБЖМ, ҚарМ ИСМ, ЭБЖМ, ҚарМ | 2004 жылғы I тоқсан Жыл сайын I тоқсан Жыл сайын IV тоқсан Жыл сайын IV тоқсан Жыл сайын IV тоқсан 2004 жылғы IV тоқсан Жыл сайын IV тоқсан | Талап етiл- мейдi Талап етiл- мейдi Барлығы: - 3318,0 оның iшiнде: 2004 ж- - 1054,0 2005 ж. - 1107,0 2006 ж. - 1157,0 Барлығы: 6 000,0 Оның iшiнде 2004ж - - 2000,0 2005ж. - 2000,0 2006ж. - 2000,0 Барлығы: 6631,0 Оның iшiнде: 2004ж- - 2107,0 2005ж. - 2212,0 2006ж. - 2312,0 2004ж. - 55908,0 Барлығы: -62945,0 Оның iшiнде: 2004ж. - 20000,0 2005ж. - 21000,0 2006ж. - 21945,0 | - - Респу- бликалық бюджет Респу- бликалық бюджет Респу- бликалық бюджет Респу- бликалық бюджет Респу- бликалық бюджет |
8.3. Қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарды салалар бөлiнiсiнде халықаралық талаптармен үйлестiру |
8.3.1 8.3.2 | Стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және оларды халықа- ралық талап- тармен үйлестiрудiң салалық жос- парларын құру Стандарттау, метрология және сертификаттау және мұнай-газ саласында халы- қаралық өңiрлiк және ұлттық стандарттарды әзiрлеу және сатып алу "Техникалық реттеу туралы" заңға сәйкес келтiру мақса- тында негiз құраушы стан- дарттарды қайта қарау | Мемлекет- тiк орган- дардың норматив- тiк және құқықтық кесiмдерi СМСК бұйрығы | ИСМ, IIМ, ҚорМ, ДСМ, СIМ, ЭМРМ, ҚОҚМ, ЕХҚМ, ККM, БҒМ, АШМ, Ақпа- рат- минi ИСМ, IIМ, ҚорМ, ДСМ, СIМ, ЭMPM, ҚОҚМ, ЕХҚМ, ККM, АШМ, ҚарМ, Ақпа- рат- минi, ЭБЖМ | Жыл сайын IV тоқсан Жыл сайын IV тоқсан | Талап етiл- мейдi Барлығы: 379432,0 Оның iшiнде: 2004ж. - 120560,0 2005ж. - 126588,0 2006ж. - 132 284, 0 | Респу- бликалық бюджет |
8.4 Сапа менеджментi жүйелерiн енгізудi ынталандыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу |
8.4.1 | Сапа және қоршаған ортаны қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүр- гiзу, нұсқаулық- тар мен әдiс- темелiк құралдар әзiрлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ИСМ, БҒМ, ҚОҚМ, ҚарМ | Жыл сайын IV тоқсан | Барлығы: 31473,0 Оның iшiнде: 2004ж. - 10000,0 2005ж. - 10500,0 2006ж. - 10973,0 | Респу- бликалық бюджет |
8.5 Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетiлдiру |
8.5.1 8.5.2 | ҚР мемлекеттік стандарттар қорының ақпарат- тық жүйесiн дамыту, оның iшiнде: - Мемлекеттік стандарттар қорын электронды тасымалдаушылар- да жинақтау, дерекқорын құру; - стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджментi жүйелерi бойынша баспа өнiмдерiн шығару және тарату жөніндегі қызметтi жүзеге асыру ҚР Мемлекеттік стандарттар қоры ақпараттық жүйе- сiн бірге алып жүру (жабдық- тарға қызмет көрсету және дерекқорды бағдарламалық қамтамасыз етудi жүргiзу) | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ИСМ, Ақпа- рат- минi, ЭБЖМ, ҚарМ ИСМ, ЭБЖМ, ҚарМ | Жыл сайын IV тоқсан Жыл сайын IV тоқсан | Барлығы: 13950,0 Оның iшiнде: 2004ж. - 7591,0 2005ж. - 3359,0 2006ж. - 3000,0 Барлығы: 10899,0 Оның iшiнде: 2004ж- - 3463,0 2005ж. - 3636,0 2006ж. - 3800,0 | Респу- бликалық бюджет Респу. бликалық бюджет |
8.6 Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту |
8.6.1 | Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұ- мысына қатысу, оның iшiнде стандарттау жөніндегі халы- қаралық техни- калық комитет- тердiң жұмыс- тарына қатысу; мемлекетаралық стандарттау, сертификаттау және аккредит- теу жөніндегі жұмыстарға қатысу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне есеп | ИСМ, ІІМ | Жыл сайын IV тоқсан | Талап етiл- мейдi | - |
8.7 Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру |
8.7.1 | Мамандарды халықаралық деңгейдегi сарапшы-аудитор- лар атағын алуға оқыту Жиыны | СМСК бұйрығы | ИСМ, ЭБЖМ, ҚарМ | 2004 жылғы IV тоқсан | 2004ж. - 20000,0 Барлығы: 590556,0 оның iшiнде: 2004ж.- 242683,0 2005ж. - 170402,0 2006ж. - 177471,0 | Респу- бликалық бюджет Респу- бликалық бюджет |