Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1720 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңына сәйкес және ақпараттық қауiпсiздiктi, қолданыстағы әрi жасалатын мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ресурстардың бiрдейлендiрiлуiн және үйлесiмдiлiгiн (ұштасуын) қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамы ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор болып белгiленсiн.
2. Жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға мынадай өкiлеттiктер берiлсiн:
1) оларды әлемдiк ақпарат жүйелерi мен ақпарат ресурстарына кiрiктiру мақсатында мемлекеттік ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;
2) бағдарламалық-ақпараттық құралдарға жүйелiк-техникалық қызмет көрсетудi және Қазақстан Республикасының ұлттық инфрақұрылымына кiрiктiрiлетiн мемлекеттік ақпараттық жүйелердi сүйемелдеудi жүзеге асыру;
3) мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi қалыптастыру, дамыту және сүйемелдеудi ұйымдастыру-техникалық қолдауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың бiрыңғай коммуникациялық ортасын және өзара iс-қимыл жасау жүйесiн құру әрi оны техникалық қолдау;
5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзудi техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына кiрiктiрiлетiн ақпараттық жобаларға техникалық талдау жүргiзу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнiндегі жұмыстар жүргiзу.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |