Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1387 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) 2-тармақтағы «мемлекеттік комитетiне» деген сөздер «орталық атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесi туралы ережеде:
мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі мемлекеттік комитетi», «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі мемлекеттік комитеттің» деген сөздер тиiсiнше «төтенше жағдайлар жөнiндегі орталық атқарушы орган», «төтенше жағдайлар жөнiндегі орталық атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру;";
мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
«төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртібін айқындау;
мониторинг пен халықты хабардар етудi ұйымдастыру;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ТЖМЖ құрамына:
аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қоса Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы;
өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басқару органдары, ұйымдары;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру үшiн төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мынадай комиссиялар құрылады:
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;
облыстардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссиялары;
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөніндегі салалық комиссиялар);
Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия;
көлiктегi қауiпсiздiк пен терроризмге қарсы iс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестiру кеңесi;
көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялар;
республикалық және аумақтық эвакуациялық комиссиялар;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;
Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша құрылатын, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары, эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;
ТЖМЖ аумақтық, функционалдық және салалық (объектiлiк) кіші жүйелердi қамтиды және олардың екi деңгейi бар: жергiлiктi және республикалық (мемлекеттік).
Сiлтеме Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардағы қолда бар, сондай-ақ құрылатын ТЖ алдын алу және жою жөніндегі құрылымдар, күштер мен құралдар.»;
6-тармақта:
екiншi абзацтағы»(кезекшi қызметтi)»деген сөздерден кейiн «немесе 051 құтқару қызметiн» деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтық кiшi жүйелердiң мiндеттерi, жұмыс iстеуiн ұйымдастыру және оның тәртібі, мемлекеттік органдардың объектiлiк және жергіліктi төтенше жағдайлар кезіндегі өзара iс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен келісім бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетiн ережелермен айқындалады.»;
7-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Функционалдық кiшi жүйелердiң негiзгi мiндеттерi, қызметiн ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегі орталық атқарушы органы бекiтетiн азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерi туралы ережелермен айқындалады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмiмен айқындалады.»;
8-тармақта:
«кәсіпорындарында», «кәсiпорындары», «кәсiпорындар мен» деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзацтағы «төтенше жағдайлар жөніндегі салалық комиссиялар» деген сөздер «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары (бұдан әрi төтенше жағдайлар жөніндегі салалық комиссиялар)»деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
«(облыстардың, аудандардың, қалалардың әкiмдерi)», «кәсiпорындар мен» деген сөздер алынып тасталсын;
«жергіліктi атқарушы органдардың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялары» деген сөздер «төтенше жағдайлар жөніндегі тиiстi аумақтық комиссиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның аумақтық органдары ТЖМЖ аумақтық кiшi жүйелерiн басқару кезiнде жұмыс аппараты болып табылатын жергiлiктi атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдардағы Азаматтық қорғаныс жөнiндегі бөлiмдер (қызметкерлер), ұйымдар басшылары (ТЖМЖ объектілік кішi жүйелерiнің басшылары).»;
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық және салалық комиссияларды - облыстар, қалалар, аудандар әкiмдерінің орынбасарлары, тиiстi орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары басқарады.»;
13-тармақтың бiрiншi, екiншi, үшінші, төртiншi және бесiншi абзацтары алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Байқау және бақылау күштерi мен құралдары:
Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның кезекшi қызметтерiнен;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың кезекшi қызметтерiнен;
қауіптiлiгi ықтимал объектiлердiң кезекші диспетчерлiк қызметтерiнен;
апаттар медицинасы орталықтарының диспетчерлiк қызметтерiнен;
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң бөлiмшелерiнен;
Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалау органдарынан;
радиациялық және ядролық қауiпсiздiкке мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардан;
теңiзде және ішкi су айдындарында мұнай операцияларының қауiпсiз жүргiзiлуiне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардан;
көлiктiң қауіпсiз пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдардан;
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;
ветеринария, фитосанитария, жануарлар мен өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
қоршаған орта мен табиғи ресурстардың, оның ішінде гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметтерiнен;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
сейсмологиялық байқау және жер сiлкінісiн болжау республикалық жүйесiнің қызметтерiнен;
селдердiң, тау көшкiндерінің және қар көшкiндерінің мониторингi қызметтерiнен;
орман және дала өрттерінің мониторингi қызметтерiнен тұрады.
ТЖ жою күштерi мен құралдары:
азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнен;
республикалық және аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарынан; Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнен;
суда құтқару қызметiнің құралымдарынан;
сүңгуір авариялық-құтқару жасақтарынан;
авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру құралымдарынан, оның ішінде штаттық тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы және басқа да мамандандырылған қызметтерден;
051 құтқару қызметтерiнен;
ормандарды авиациялық күзету және қорғау қызметiн қоса алғанда, ормандарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қызметтерiнен;
азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектiлiк құралымдарынан;
сел, су тасқыны және қар көшкіні қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерден;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң үнемi әзiрлiкте тұратын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, инженерлiк әскерлерi және басқа да әскер түрлерi әскери бөлiмдерiнен;
бiрыңғай авиациялық iздестiру-құтқару қызметiнен тұрады.»;
15-тармақтың бiрiншi абзацында:
«Азаматтық қорғаныс бөлiмдерінің, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi республикалық жедел құтқару отрядының, облыстық жедел-құтқару отрядтарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң үнемi әзiрлiкте тұратын химиялық, инженерлiк және басқа да әскерлері түрлерi әскери бөлiмдерiнің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментi бөлiмшелерінің» деген сөздер «Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерінің, суда құтқару қызметінің, 051 құтқару қызметтерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің үнемi әзірлікте тұратын радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, инженерлiк әскерлерi және басқа да әскер түрлерi әскери бөлiмдерiнiң күштерi базасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен мекемелерiнің» деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Төтенше жағдайлар туындаған кезде жағдай туралы ақпаратты:
қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің аппараттары, сондай-ақ ұйымдар - дереу Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдарына;
ұйымдар - өздерінің өкiлеттігіне сәйкес дереу орталық атқарушы органға;
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегi орталық атқарушы органының аумақтық органдары - дереу «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгінің республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесiне бередi.
Жаhандық және аймақтық төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты:
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары - Қазақстан Республикасының шекаралас әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерiнiң әкiмдерiне;
орталық атқарушы органдар - ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінің республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесiне;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы - өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес дереу Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық атқарушы органдарға бередi.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Әдетте, төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылықты:
объектілік төтенше жағдайлар кезiнде қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы аумақтық органдарының, ТЖМЖ аумақтық кiшi жүйелерi басшы органдарының қатысуымен ұйымдардың басшылары;
жергiлiктi төтенше жағдайлар кезінде жергiлiктi атқарушы органдар, авариялардың, апаттардың, дүлей зiлзалалардың таралу шекараларына қарай Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары;
аймақтық және жаhандық төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметінің тапсыруымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия тарапынан iс-қимылдар үйлестiрiле отырып Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы жүзеге асырады.
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың бiрiншi басшылары ТЖМЖ басшы органдарының нұсқауларын орындамағаны немесе уақтылы орындамағаны үшін жауаптылықта болады.»;
19-тармақтың үшiншi абзацындағы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрамалары мен әскери бөлiмдерi, өзге де әскерлерi мен әскери құралымдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрамалары мен бөлiмдерi, басқа да әскерлерi және әскери құралымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
21-тармақтың екiншi абзацындағы «ТЖМК Мемлекеттік өрт сөндiру қызметi департаментiнің» деген сөздер «Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1387 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1997 жылғы 28 тамыздағы
№ 1298 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі функциялары
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі.
Төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қоғамдық тәртiптi қорғау республикалық қызметінің тұрақты дайындығын қамтамасыз ету.
Iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiн төтенше жағдайлар саласында даярлықтан өткізу мен оқып-үйренуiн ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртіпті сақтау (ұстау) және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, өз құзыретi шегiнде материалдық және мәдени құндылықтарды, мемлекеттік және өзге де объектiлер мен коммуникацияларды, меншiктiң барлық түрiн, азаматтардың жеке мүлкiн қорғау. Төтенше жағдайлар аудандарын, зақымдау ошақтарын оқшаулау (қоршау). Төтенше жағдайлар кезiнде өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесiп карантиндік, санитарлық, табиғатты қорғау (экологиялық) және эвакуациялық іс-шаралардың жүргiзiлуiне қатысу.
Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегiнде iзгілік және өзге де жүктердi төтенше жағдайлар аймақтарына (аудандарына) жеткізу кезiнде бiрге жүру және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, дүлей зiлзалалар мен апаттарды текcepугe қатысу.
Өз құзыреті шегінде қару-жарақ пен оқ-дәрiлердiң (жауынгерлiк қару-жарақты қоспағанда), жарылғыш және әсерi күштi улы заттардың, радиоактивтi материалдардың және рұқсат етiлген жүйелер объектiлеріндегі заттардың сақталуын қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Қажет болған жағдайларда iшкi iстер органдарының төтенше жағдайлар аймақтарындағы (аудандарындағы) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге қатысу.
Өзара iс-қимыл жасау жоспарларына сай немесе Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларға iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерiнің қатысуын қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесiнiң басшы органдарын, сондай-ақ халықты төтенше жағдайлардың туындау қаупi туралы жедел хабарландыруға қатысу.
Көлiктегi қауіпсiздiктi және терроризмге қарсы iс-әрекеттi қамтамасыз етуге қатысу.
Төтенше жағдайлар кезiнде iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердi қорғау жөніндегі iс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру. Өз құзыретi шегiнде авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі басқа да кезек күттірмейтiн жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
Төтенше жағдайлардағы iс-қимылдарға азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық медициналық қызметiнiң және апатты медицина құралымдарының тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз ету.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру.
Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметiнiң құралымдарын (Қазақстан Республикасының Апатты медицина орталығы мен апатты медицинаның аймақтық орталықтарын қоса алғанда), санитарлық-карантиндік пункттердi және далалық госпитальдарды құру және олардың құралымдарының қызметiн қамтамасыз ету.
Медициналық резервтер құру, олардың уақтылы жаңартылуын және ауыстырылуын ұйымдастыру, мамандандырылған медициналық көмек бригадаларын медициналық мүлiкпен жарақтандыру.
Дәрi-дәрмектердің және медициналық мақсаттағы құралдардың мемлекеттік резервiн қалыптастыру.
Төтенше жағдайларды жоюды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аса қауiптi жұқпалы аурулардың әкелiнуiне және таралуына жол бермеу, оларды жою жөніндегі iс-шаралардың орындалуына қатысу. Эпидемиологиялық жағдай жөнiнде басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасу.
Халық арасында санитарлық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.
Қазақстан Республикасының аумағын аса қауiптi және карантиндік аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан қорғауды ұйымдастыруға қатысу.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, авариялар, апаттар және дүлей зiлзалалар кезiнде өзара көмек көрсетуге жәрдемдесу.
Шет елдердi Қазақстан Республикасында жүргiзіліп жатқан эпидемияға қарсы iс-шаралар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан табиғи және техногендiк авариялар мен апаттардың трансшекаралық әсер ету қаупi туралы хабардар ету.
Халықаралық көмек шеңберiнде құтқарушылардың келу, кету рұқсаттарын тездетіп алуына, төтенше жағдайлар аймақтарына iзгілік жүктердiң жеткiзiлуiне жәрдемдесу.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесiн жетiлдiру мен дамыту мүддесi үшiн ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру.
Шығаруға және сатып алуға ұсынылатын авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын әзiрлеуге және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жасауды ұйымдастыруға қатысу.
Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық қадағалаулар ұйымдастыру. Жер сiлкiнiсiн, бiрiншi кезекте қысқа мерзiмдiлерiн болжаудың сенiмдi тәсiлдерiн әзiрлеу және енгізу.
Сейсмикалық қауiптілік мониторингiн жүргiзу.
Қоршаған табиғи ортаның жағдайы, ықтимал қауiптi аумақтар мен объектiлер туралы деректер жинау үшiн ғарыштық мониторинг ұйымдастыру әрi жүзеге асыру, авариялық және аварияларды жағдайлар туралы шұғыл хабарлау үшiн оларды төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне жүйелi түрде беру.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесi үшiн кадрлар даярлауды ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою iс-қимылдарына оқушыларды оқытып-үйрету.
Ведомстволық бағынысты мекемелерде төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегi iс-шараларды жүзеге асыру.
Әскерилендiрiлмеген авариялық-құтқару құралымдарын құру және оларды әзірліктің қажеттi деңгейiнде ұстау.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi бөлімдерi мен бөлiмшелерiнiң (бiрiншi кезекте радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану және инженерлiк әскерлердiң) белгіленген тәртiппен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі iс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органмен бiрлесiп соғыс жағдайы кезеңiнде азаматтық қорғаныс жүйесiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастыру. Авиациялық iздестiру-құтқару қызметiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне төтенше жағдайлар аудандарын оқшаулау және төтенше жағдайлар аймақтарындағы материалдық және мәдени құндылықтарды қорғауға көмек көрсету.
Төтенше жағдайлар қаупi төнген және туындаған кезде хабарлау және байланыс жүйесiне қатысу.
Төтенше жағдайларда байланысты ұйымдастыру үшiн радиожиілік арнасын бөлу.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесi үшiн әскери мамандар даярлау.
Өнеркәсiптiк төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде әскери-техникалық құралдармен арнайы көмек көрсету.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі.
Ведомстволық бағынысты, оның iшiнде шекаралас аумақтарда және су ортасында орналасқан объектiлердегi авариялар мен апаттардың алдын алу және жою жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру.
Республика аумағында ядролық және радиациялық қауiпсiздіктi, оған қадағалауды қамтамасыз ету.
Ықтимал қауiптi ведомстволық бағынысты объектiлердегi және оған шектес аумақтардағы жағдайды қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру. Халықты хабардар ету.
Объекттердi өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып орналастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестiру. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесiне кiретiн ведомстволық және кәсiптiк авариялық-құтқару бөлiмшелерінің күштерiмен құтқару авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге қатысу.
Халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, ведомстволық бағынысты объектiлердегi шығарылатын өндiрiс өнiмдерінің, жұмыстар мен процестердiң қауіпсiздігі саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру әрi техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу.
Энергетика және өнеркәсiп объектілерінің, жаңадан пайдалануға берiлген объектiлерде құбыр магистральдары мен желiлердiң сейсмикалық төзiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Салалық авариялық-техникалық және авариялық-құтқару қызметтерінің ведомстволық бағынысты объектiлердегi төтенше жағдайлардағы іс-қимылға тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз ету.
Ведомстволық бағынысты oбъектiлердегi техногендік төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртібін айқындау.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерінің төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға тұрақты әзiрлігін қамтамасыз ету.
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомстволық бағынысты объектiлерде авариялар мен апаттардың, эпизоотиялар мен эпифитотиялардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің, су кеңiстiгiнiң химиялық қауiптi әрi радиоактивтi заттармен және ауыр металдармен ластануына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру. Ластанған аумақтарда ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұтымды жүргiзудi қамтамасыз ету.
Эпизоотологиялық, фитопатологиялық және токсикологиялық бақылау, эпизоотиялар мен эпифитотияларды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру. Карантиндiк iс-шараларды ұйымдастыру.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсi үшiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды бағалау жөніндегі қажеттi ақпаратты жедел алуды, өңдеудi және берудi қамтамасыз ету.
Халықтың арасында эпизоотиялар мен эпифитотиялардың таралуының алдын алу жөнінде санитарлық-түсiндiру жұмысын жүргiзу. Ауыл халқын төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға оқытып-үйрету.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау қызметiнiң төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз ету.
Орман қорының аумағында өрттердiң және аурулар мен зиянкестер ошақтарының алдын алу және жою жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру. Орман-патологиялық қадағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру, ормандардағы өрт жағдайы мен энтофитопатологиялық жағдайларға баға беру жөнiнде қажеттi ақпарат берiп отыру.