Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 14 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Көкшетау» республикалық мемлекеттік кәсiпорны етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Құрылатын кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi белгiленсiн.
3. Құрылатын кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметті түзеу мекемелерiндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып жүзеге асыру деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) құрылатын кәсiпорын жарғысының бекітілуiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі» деген бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi» деген бөлiмшесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-22-жолмен толықтырылсын:
«106-22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Көкшетау қаласы
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу
мекемелерi «Еңбек-Көкшетау»
республикалық мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында)»;
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |