1998 жылы Жайық өзенiнiң сағасында әрқайсысының қуаты бекіре
балықтарының 3 млн. шабақ болатын екі бекіре балық зауыты iске қосылды.
Жұмыс істеп тұрған ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік
кәсіпорындар күрделi жөндеудi, қайта жаңартуды және жаңғыртуды талап
етедi, өйткені мемлекеттік бюджеттен бөлiнетiн қаражат балық шабақтарын
өсiру жөнiндегі технологиялық процестерді ғана қамтамасыз етті.
Балық шаруашылығы жұмыстары Бұқтарма, Қапшағай, Шардара су
қоймаларында, Жайық-Каспий бассейнiнде, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай,
Қарағанды, Павлодар облыстарында жүргізілуде.
Бағдарламада балық шаруашылығы жұмыстарына арналған қаржылық
қаражатты 1,5 есе арттыру көзделеді, бұл 247 млн.теңге құрайды, сондай-ақ
ұдайы молайту мақсатындағы кәсіпорындарды материалдық-техникалық
қамтамасыз етуге 91 млн. теңге мөлшерiнде.
Қазіргі уақытта бекiре және басқа балықтың құнды түрлерiн жерсіндіру
мен тауарлық өсiру жүргiзілмейді.
Қазiргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Қызыл Кiтаптағы балық
түрлерiн қорғау, оларды зерттеу мен санын қалпына келтірудi толық
қамтамасыз етпейдi. Осыған байланысты балық ресурстарын қорғау, зерттеу
және қалпына келтіру жөніндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру
қажет.
Бұдан басқа сирек кездесетiн балықтар түрлерін жасанды түрде өсiру
биотехнологиясын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсаттаpы үшін сирек
кездесетін балықтар түрлерiн шектеулі алып қоюға жеңілдiкті құқық беру
тетiгiн әзірлеу әрi жетiлдiру қажет.
Қазiргi уақытта балық қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі
қоғамдық қатынастар "Жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану
туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңымен,
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480
қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы балық аулау және басқа
да су жануарларын аулау ережесіне", Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуiрдегі 414 қаулысымен бекітілген "Балық
шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесіне" сәйкес
реттеледi.
Көрсетiлген нормативтiк құқықтық кесiмдер ескiрген және қазiргi
заман талаптарына сай келмейді.
Бағдарламада Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне
мынадай өзгерістер енгізу көзделедi:
балық ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу тәртібіне, сондай-ақ
мынадай тұлғаларды жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден
босатуға қатысты:
мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде жануарлар дүниесiн зерттеудi және
пайдалануды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарын;
бақылаулық аулауды жүргiзу, сондай-ақ жерсiндiру әрi өсiру
мақсатында жануарларды аулау мен өндiру кезінде жануарлар дүниесiн
бақылау мен қорғау арнаулы уәкілеттi органдары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң спорттық-әуесқойлық балық аулау
жөніндегі шешiмiмен ҰOC-на қатысушылар мен оларға теңестiрілген адамдар;
тауарлық өсiруге арналған олардың иелігіндегi су айдындарында
жасанды түрде өсiрілген балықты пайдалану кезiнде жеке және заңды
тұлғалар;
балық қорғау органдары қараған әкімшілік құқық бұзушылық пен
әкімшілiк жаза қолдану бөлігінде;
балық қорғау инспекторларына балық қорғау заңнамасының бұзылуы
туралы iстер бойынша анықтау iстерiн жүргiзу құқықтарын беру, сондай-ақ
олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруы кезiнде, сондай-ақ олардың өмiрi
мен денсаулығына қылмыстық қол сұғушылық, қарсылық көрсеткенi үшiн
жауапкершілік көздеу;
заңсыз ауланған балықты, көлiк құралдарын, сондай-ақ қылмыс жасау
құралдарын тәркiлеу бөлiгiнде.
Балық шаруашылықтары аймақтары маңында жақын орналасқан мұнай-газ
кен орындарының, суға батырылған жер қойнауын пайдалану объектілерiнің,
теңiздегi көлік операциялары кезiнде туындаған авариялық жағдайлардың
балықтардың жай-күйiне терiс әсерiне байланысты балық шаруашылығы
қызметiне қойылатын экологиялық талаптар мен көмiрсутектi шикiзатты
барлау әрi өндiру, су жинау құрылыстарын пайдалану және балық шаруашылығы
айдындарында кемелердi пайдалану кезiнде балық шаруашылығына тигiзбеген
зиянды есептеу әдiстемесi әзiрлеу қажеттілiгi туындайды.
Балық шаруашылығы маңызы бар су айдындары мен су ағындарының
экологиялық мониторингi бағдарламаларын әзiрлеу көзделеді, өйткенi
қазiргi заман жағдайларында су сапасын бақылаудың және су айдындары мен
су ағындарының перспективалық жай-күйiн болжаудың болмауы химиялық қана
емес, гидрохимиялық та көрсеткiштер бойынша су айдындары мен су
ағындарының антропогендiк факторлар әсерiнен ластануын бағалау
мүмкіндiгiн қиындатады.
Балық қорларын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының
халықаралық ынтымақтастығы ұсыным жасаушы орган мәртебесiне ие Каспий
теңiзi су биологиялық ресурстары жөніндегi комиссияда және Каспий
теңiзіндегі бiрлескен ғылыми зерттеулерде жүзеге асырылады.
БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымымен (бұдан әрi
Азық-түлiкауылшарұйымы) ақпараттық және консультациялық байланыстар жолға
қойылды. 2001 жылы Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ базасында
Азық-түлiкауылшарұйымы сарапшыларының Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркменстан, Иран Ислам Республикасы, Монғолия мамандарының қатысуымен
Орталық және Орта Азия ирригациялық су айдындарын балық шаруашылығына
пайдалану жөнiнде кеңес өткізілдi.
Балық шаруашылығы су айдындарын жекелеген зерттеулер балық
шаруашылығының тар ауқымдағы мәселелерiн басымдықпен қаржыландыратын
халықаралық гранттар бойынша жүргізіледі.
Қазiргi уақытта Атырау облысындағы балықтың құнды тұқымдары мен
олардың уылдырығының контрабандасының себептерi жұмыссыздықтың жоғары
деңгейi, Каспий теңiзi жағалауында және Жайық пен Қиғаш өзендерi
сағасында орналасқан өндiрiстiк кооперативтердiң қолайсыз экономикалық
жағдайы, салық алымдарының едәуiр ставкалары мен "Атыраубалық" AAҚ-тың
төменгi сатып алу бағалары. Уылдырық бизнесiнiң шығыны төмен табыстылығы
жағалау аудандары тұрғындарының қазiргi заманғы жүрдек су көлiгiмен және
теңiз навигациясының ең жаңа аспаптарымен жабдықталған, ұйымдастырылған
браконьерлiк топтар құрған заңсыз балық кәсiпшілiгiн дамытуда.
Балықты заңсыз аулаудың жолын кесу жөнiнде қабылданған шаралар
лайықты нәтиже бермей отыр. Оның себептерiнiң бiрi: балық қорларының
жеткiлiксiз қорғалуы, браконьерлiкпен күрестi қамтамасыз етуге
бағытталған аумақтық органдардың өзара iс-қимылының нашарлығы мен
материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiнiң нашар болуы.
Трансұлттық қылмыстық жолын кесу мақсатында Қазақстан
Республикасының Атырау облысы мен Ресей Федерациясының Астрахань облысы
құқық қорғау органдарының шекара бойындағы ынтымақтастығы бойынша өзара
iс-қимыл жасауын ұйымдастыру шекара бойындағы аумақтарда бекiре және
басқа да балық өнiмдерiн заңсыз өндiру, олардың контрабандасы жолын
кесуге бағытталған бiрлескен іс-шараларды жалғастыру жоспарлануда.
Ресей мен Қазақстанның браконьерлiктің жолын кесу жөніндегі шекара
бойындағы ынтымақтастықты жолға қою, бекiре балықтары түрлерiн аулау
квоталарын беру мен оларды пайдалануды бақылау шараларын күшейту
көзделуде.
Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы мен балық қорларын ұдайы
молайту саласында жетекшi елдерден едәуiр артта қалуда әрi халықаралық
ынтымақтастық болмағандықтаң және жаңа технологиялар сатып алмағандықтан
ескiрген технологияларды пайдалануда.
Iс жүзiнде білiм беру, тағлымдама алу, тәжiрибе мен технологиялар
алмасу саласындағы ынтымақтастық тоқтатылды.
Осы Бағдарлама шеңберiнде балық шаруашылығын дамытудың мынадай
жолдары ұсынылуда:
нормативтiк және заңнамалық базаны жетілдiру, халықаралық
ынтымақтастықты дамыту;
балық ресурстарын қорғауды күшейту және балық шаруашылығы мелиорация
жұмыстарын жүргiзу;
республика су айдындарында балық қорларын жасанды түрде ұдайы
молайту;
балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.
Осы Бағдарламаны республикалық және жергiлікті бюджеттер қаражаты,
табиғат пайдаланушылар қаражаты, халықаралық қаржы институттары қаражаты
есебiнен iске асыру көзделуде.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
eлдің балық шаруашылығын дамыту, балықтың құнды түрлерiн сақтау әрi дамыту және балық қорларын ұтымды пайдалану.
Бағдарламаның негізгі мiндеттерi:
балық шаруашылығын тиімдi дамыту үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
балық шаруашылығы саласын мемлекеттік басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;
балық ресурстарын қорғаудың, ұдайы молайтудың тиімді жүйесiн қалыптастыру;
балықтардың құнды түрлерінің кәсіпшілік қорларын қалыптастыру әрi толықтыру және көл-тауар шаруашылықтарын дамыту үшiн жағдай жасау;
балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаны iске асырудың негізгi бағыттары мен
тетігі
Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
5.1. Заңнамалық базаны жетілдіру
Заңнамалық базаны жетілдiру мақсатында мынадай нормативтік құқықтық кесiмдер әзiрленедi:
тұлғалардың кейбір санаттарын жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден босату, сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшін ақы төлеу тәртібіне қатысты;
балық қорғау органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық пен әкiмшілік жаза қолдану туралы iстердi қарауы;
балық қорғау инспекторларына балық қорғау заңнамасының бұзылуы туралы iстер бойынша анықтау iстерiн жүргiзу құқықтарын беру, сондай-ақ олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оларға бағынбауы, сондай-ақ олардың өмiрi мен денсаулығына қылмыстық қол сұғушылық, қарсылық көрсеткенi үшін жауапкершiлiк көздеу;
заңсыз ауланған балықты, көлiк құралдарын, сондай-ақ қылмыс жасау құралдарын тәркілеу;
табиғат пайдаланушылар мен балық ресурстарын қорғау органдарының балық аулау лимиттерi мен квоталарын игерiлуi үшiн жауапкершiлiгiн күшейту;
табиғат пайдаланушыға балық шаруашылығы су айдындарын немесе балық кәсiпшілігі учаскелерiн ұзақ мерзiмге (10 жылдан астам) пайдалануға беру; өткізу рыноктарынан қашықтығына, олардың коммерциялық құнына, табиғат пайдалану дәстүріне, сондай-ақ ғылыми мақсаттарға балық ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақыны саралап төлеудi енгізу;
отандық рынокты қорғау мақсатында балық өнiмдерi импортына қатысты тарифтiк-кеден саясатын жетiлдiру;
Каспий теңiзi биологиялық ресурстарын сақтау туралы, сондай-ақ Каспий теңiзi биологиялық ресурстары жөніндегі комиссия құру туралы келісімдер қабылдау;
Қазақстан мен Ресей балық қорғау органдарының ынтымақтастығы жөнiнде келісімдер жасасу;
көл-тауар шаруашылықтарын дамыту;
көмiрсутектi шикiзатты барлау әрi өндiру, су жинау құрылыстарын пайдалану және балық шаруашылығы айдындарында кемелердi пайдалану кезінде балық шаруашылығына тигiзiлген зиянды есептеу әдiстемесiн бекіту;
балық шаруашылығы маңызы бар су айдындары мен су ағындарының экологиялық мониторингi бағдарламаларын бекіту;
балық шаруашылығы қызметте қойылатын экологиялық талаптарды бекіту;
Балық шаруашылығы су айдындарындағы мелиорация жұмыстарын жүргiзу ережесін әзiрлеу.
5.2. Балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығы мелиорация жұмыстары
Екi немесе одан да көп облыс аумағында орналасқан әрi трансшекаралық сипатқа ие облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi бассейндік басқармалар өз қызметiн бассейндiк қағидат бойынша тиiмдi жүзеге асыруда. Мұндай көзқарастың қажеттiгi биоресурстардың объективтi тұтастығынан айқындалады. Қазiргi уақытта жоғарыда аталған басқармалар мемлекеттік органдар болып табылмайды әрi мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыра алмайды. Осыған байланысты, сондай-ақ балық ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы функциялардың атқарылуының тиiмділiгiн арттыру мақсатында қазiргi мемлекеттік мекемелер - облысаралық бассейндер басқармаларға мемлекеттік органдар, ал олардың қызметкерлерiне мемлекеттік қызметшiлер мәртебесi берiледi.
Балық қорларын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты тиiмдi iске асыру үшiн мыналар көзделедi:
бiр облыс аумағында орналасқан әрi трансшекаралық сипаты жоқ су айдындарында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - қазiргi штат саны шегiнде төрт аймақтық балық инспекциясы балық шаруашылығы облыстық аумақтық басқармалары етiп қайта ұйымдастырылады (1-сурет);
Арал-Сырдария балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқарма құру;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармаларының материалдық-техникалық базасын дамыту;
1-сурет
Қазақстан Республикасы су айдындарында балық ресурстарын мемлекеттік
басқару мен оларды бақылаудың ұсынылып отырған құрылымы
Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетi |
Облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармалары |
Облысаралық балық ресурстарын қорғау мен балық аулау жөніндегі бассейін- дік басқармалар Жайық-Каспий Балқаш-Алакөл Зайсан-Ертіс Арал-Сырдария |
Ұдайы молайту мақсатындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар: Балық питомниктерi; Уылдырық шашу-балық өсiру шаруашылықтары; Өндірiстiк- жерсіндiру станциясы; Бекіре балықтары зауыттары |
Облыстық маңызы бар су айдындары |
Облысаралық бассейн- дер су айдындары |
мыналар арқылы балық қорғау кадрларымен қамтамасыз етудi жақсарту:
мемлекеттік жоғары оқу орындары базасында балық қорғау кадрларын
даярлауды ұйымдастыру балық кәсiпшілiгiнің жай-күйi мен балық қорларының
мониторингiн жүргiзетін ихтиологиялық қызметті күшейту.
2004-2006 жылдар кезеңiнде балық шаруашылығы мелиорация жұмыстарының
ең төменгi қажетті көлемiн, атап айтқанда Жайық және Қиғаш өзендерiнiң
сағасында түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету көзделедi.
Балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстары мынадай жағдайларда жүргізілуi
тиiс:
белгіленген тәртiппен мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен
биологиялық негіздеме болуы;
бiр облыс аумағында орналасқан су айдындарында мелиорация
жұмыстарының түрлерi балық ресурстарын қорғау жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органмен келісілуi тиiс.
5.3. Республика су айдындарында балық қорларын жасанды түрде ұдайы
молайту
Бұл бағытта:
1) республика су айдындарында балықтың құнды түрлерінiң кәсiпшілiк
санын қалыптастыру, балықтың құнды түрлерiнiң уылдырық шашу санын
тұрақтандыру әрi арттыру, оның ішінде:
өскелең балық тауар өнiмiн барынша алып қою мақсатында қазiргi
балық-су нормативтерiне сәйкес су айдындарына жыл сайын балық жiберудi
ұлғайту;
оңтайлы рұқсат етiлетiн балық аулау есептеріне сәйкес су айдындары
ихтиоценозында олардың үлесiн ұлғайту әрi балықты алып қою үшiн
шабақтармен толықтыруды кезеңдiлiкпен жүзеге асыратын балықтың құнды
түрлерiнiң өз бетiмен көбейетiн кәсiпшілік үйiрлерiн жасау;
көлдердi оларға балық жiберуге дайындау жөніндегі балықсу-мелиорация
жұмыстарын жүргiзу;
құнды түрлерiнің өзара қатынастарында бәсекелестiктi азайту үшiн
олардың шоғырланатын жерлерiнде балықтардың құндылығы шамалы түрлерін
iрiктеп аулауды жүзеге асыру;
2) балықты ұдайы молайту мақсатындағы кәсiпорындардың
материалдық-техникалық базасын қалыптастыру;
3) сирек кездесетiн балықтардың мекендейтiн және көбейетiн
жерлерiнде табиғи резерваттар ұйымдарының табиғи-ғылыми және
техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу;
4) су айдындарына балық жiберу мен оларды жерсiндiрудiң
республикалық схемасын әзiрлеу, оның iшiнде:
шағын су айдындарына балық жiберу мен оларды жерсiндiрудiң
экологиялық жай-күйiн бағалау әрi биологиялық және
техникалық-экономикалық негiздемелерiн дайындау;
жасанды түрде ұдайы молайту биотехнологиясын жетілдiру (әртүрлi су
айдындары үшiн балық салу материалының оңтайлы жас мөлшерiн айқындау,
шабақтар жiберу жерлерiн нақтылау);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық
шаруашылығы ғылыми-өндірiстiк орталығында асыл тұқымды жоғары өнiмдi
материал жасау әрi дамыту;
тоған әрi индустриялық балық-су шаруашылықтарын дамытудың
биологиялық және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу;
тоған шаруашылықтарының қазiргi жай-күйiн және индустриялық балық
шаруашылығы үшiн әлеуетiн бағалау;
уылдырық шашу-балық өсiру шаруашылықтары мен балық питомниктерiнiң
қызметiне талдау жүргiзу және балық жiберудiң қолданылатын
технологияларының тиімдiлiгiн бағалау;
биологиялық негiздемелерге сәйкес Арал (Кiшi) теңiзiнде, Балқаш,
Зайсан көлдерiнде, Қапшағай су қоймасында және басқа да су қоймаларында
биологиялық негiздемелерге сәйкес бекiре балықтарының түрлерiн жерсiндiру
және өсiру;
су айдындарына балық жіберу мен оларды жерсiндiрудiң республикалық
схемасын әзiрлеу жөнiнде мынадай шаралар қабылданады:
балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерiн сақтау
әрi тұрақты пайдалану жөнiнде;
балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерi
таралымының қазiргi жай-күйiн айқындау жөнiнде балықтың сирек кездесетiн
және жойылу қаупi төнген түрлерiн жасанды түрде ұдайы молайту
биотехнологиясын әзiрлеу әрi жетілдiру жөнiнде;
сирек кездесетiн балықтардың мекендейтiн және көбейетiн жерлерiнде
табиғи резерваттар ұйымдарының табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық
негiздемелерiн әзiрлеу жөнiнде;
ерекше қорғалатын табиғи аймақтар (ЕҚТА) су айдындарына балық жiберу
мен оларды жерсiндiру, қайта жерсiндiру жөнiнде;
мекендейтiн жерлерiнде, табиғи резерваттарда және бейiмделген су
айдындарында балық қорғауды күшейту жөнiнде;
5) балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерi
мекендейтiн жерлерiнде табиғи резерваттар ұйымдастыру жөнiнде;
балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерi
мекендейтін жерлерінде табиғи резерваттар ұйымдастыру, оның iшінде:
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген балықтың сирек
кездесетiн түрлерінің тектік қорын сақтау әрi олардың санын шаруашылық
маңызы бар санына дейiн ұлғайту;
балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерiнiң
қазiргi жай-күйiн талдау;
Қызыл кiтаптағы балық түрлерiн сақтаудағы қазiргi ЕҚТА рөлiн
бағалау;
балықтың сирек кездесетiн түрлерiнің санын арттыру және оларды
шектеулi түрде шаруашылық пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу;
олардың табиғи мекендеріндегi түрлерi санын сақтау әрi ұлғайту
жөніндегі iс-шаралар ұсыну;
6) өнеркәсiптiк өндiру үшiн жаңа oбъектiлердi (албырт балық,
көксерке, бекiре балықтары) жасанды түрде өсiрудің биотехнологияларын
енгізу.
5.4. Балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету
Балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында:
1) трансшекаралық су ағындарының гидрологиялық режимiне талдау