2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға сыртқы (көрнекi) жарнаманы реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18-бап. Жарнамалық ақпарат беру
Осы Заңның талаптары орындалмаған жағдайда уәкiлетті органдардың талап етуi бойынша жарнама берушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге мiндеттi.
19-бап. Терiске шығару
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзу фактiсi анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратуды, орналастыруды дереу, бірақ күнтізбелік үш күннен кешіктірмей тоқтатуға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен терiске шығаруды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте терiске шығару жөніндегі шығыстардың бәрiн бұзушылыққа жол берген тұлға көтередi.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Терiске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсiлдерiмен терiске шығарылатын жөнсiз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңiстiгiнiң, орны мен тәртібінiң нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерi пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Жөнсіз сыртқы (көрнекі) жарнаманы теріске шығару сыртқы (көрнекі) жарнаманың сол объектісінде сол сипаттамалар мен ұзақтық өлшемдерін пайдалана отырып, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Егер терiске шығару белгіленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органының шешiмi бойынша терiске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгiленген мерзiмде терiске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы керi талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиiс.
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.
2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының