Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы маңызды стратегиялық мәні
бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды
жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 1313 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар ормандарды ұдайы молайту және өрттен қорғау, орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсімдіктерінің тектік қорын сақтау, киіктерді қорғау және олардың санын есепке алу үшін 2004 жылы сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді жеткізушілер болып айқындалсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1313 қаулысына
қосымша
Ормандарды ұдайы молайту және оларды өрттен қорғау, орман қорын
ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсімдіктерінің тектік қорын
сақтау, киіктерді қорғау және олардың санын есепке алу үшін 2004 жылы
сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтер
көрсетуді жеткізушілердің тізбесі
р/с N | Жұмыстар мен қызметтер көрсетудi жеткiзушiнiң атау | Жұмыстар мен қызметтер көрсетудi жеткiзушiнiң орналасқан жерi | Жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң атауы |
1. | ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Казавиаорманқорғау" РМҚК | Алматы қаласы | Авиациямен орман қорғау |
2. | ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Жасыл аймақ" РМҚ | Астана қаласы | Астана қаласының санитарлық қорғау жасыл аймағын құру |
3. | ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қазорманжоба" РМҚК | Алматы қаласы | Орман орналастыру жұмыстары |
4. | ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Алматы орман селекциялық орталығы" РМҚК "Көкшетау орман селекциялық орталығы" РМҚК | Алматы қаласы Щучинск қаласы | Тұрақты ағаш тұқымы базасын қалыптастыру |
5. | ҚР АМШ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Аңжануарөнеркәсiп ӨБ" РМҚК | Алматы қаласы | Киiктердi қорғау және олардың санын есепке алу |