2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы
2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 505-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
1-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) түсімдер - 934 306 555 мың теңге, оның ішінде:
кірістер - 847 823 861 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 69 870 048 мың теңге;
кредиттерді қайтару - 16 612 646 мың теңге;
2) шығыстар - 1 026 969 555 мың теңге, оның ішінде:
шығындар - 977 897 923 мың теңге;
кредиттер - 49 071 632 мың теңге;
3) тапшылық - 92 663 000 мың теңге, яғни елдің жалпы ішкі өнімнің болжамды көлемінің 1,8 проценті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
2-бап. Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін төленетін жалдау ақысы республикалық бюджеттің кірісінде 3 803 250 мың теңге сомасында көрсетіледі, оның:
442 560 мың теңгесі ақшалай түседі;
3 360 690 мың теңгесі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сынақ полигондарын жалдау туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 006 «Қару-жарақты, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, сатып алу және қалпына келтіру» және 011 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімді мамандар даярлау» республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пайдаланады.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
3-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін түсімдер:
15 904 500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы;
8 989 500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы бойынша берешек көзделсін.
4-бап. 2004 жылы «Өнімдерді бөлу туралы» келісім-шарттар бойынша алынатын өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі 100 процент мөлшерінде республикалық бюджетке есептелетін болып белгіленсін.
5-бап. Пайдалы қазбалар өндіруді жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшін аударымдарды роялти түрінде республикалық бюджеттің кірісіне бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кірістер сыныптамасының «Роялти» кодына Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарттық негізге көшіруді жеделдету жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 24 ақпандағы № 135 қаулысымен бекітілген ставкалар бойынша белгіленген мөлшерде аударсын.
6-бап. Шикізат секторы ұйымдарынан түсіп, республикалық бюджетке есептелетін 2004 жылға арналған салық түсімдерінің көлемі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7-бап. Мыналар:
бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кірістер сыныптамасының «Роялти» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикізат базасын ұдайы молықтыру жөніндегі республикалық қор алдындағы берешегі, сондай-ақ келісім-шарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың негізінде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтін тарихи шығындар сомасы;
бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөніндегі берешек, сондай-ақ бұрын Жол қорына түсіп келген автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары;
«Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)»коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша бepeшeк;
«Өндiрушілер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым жөніндегі берешек тиiстi бюджеттің кірiсiне есептелетін болып белгіленсiн.
8-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген, еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi және босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге жұмыс берушілер аударған жәрдемақы сомасының көрсетiлген қорға аударылған жарналар сомасынан асып түсуі нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жинақталған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне есептелiп отырады.
9-бап. Акционерлік қоғамдардан - ұлттық компаниялардан 2004 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсiмдердiң көлемi 3-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
10-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан 2004 жылға арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердің көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекітiлсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
11-бап. Облыстық бюджеттерден және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулар мөлшерінің жалпы сомасы 2004 жылға 69 870 048 мың теңге, оның ішiнде:
Атырау облысынан - 25 865 709 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 10 139 127 мың теңге;
Астана қаласынан - 1 804 090 мың теңге;
Алматы қаласынан - 32 061 122 мың теңге болып белгiленсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
12-бап. Мынадай ұйымдардың:
мемлекеттік білім беру мекемелерiнің;
санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердiң;
сот сараптамасы органдарының;
туберкулезге қарсы мекемелердің;
психоневрологиялық мекемелердiң;
Қазақ республикалық лепрозорийiнің;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат-үйлердің;
ақыл-есi кем балаларға арналған интернат-үйлердiң;
психоневрологиялық интернаттардың;
мемлекеттік мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің;
iшкi iстер органдары мамандандырылған күзет бөлiмшелерінің;
әдiлет органдары тергеу изоляторларының;
шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олардың отбасы мүшелерiн ақылы негiзде азық-түлiкпен қамтамасыз еткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскер бөлiмдерiнің, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерінің;
мемлекеттік мұрағаттардың;
мемлекеттік кiтапханалардың;
мемлекеттік мұражай-қорықтардың;
орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің тауарлар сатуы мен қызметтер көрсетуінен түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тәртiппен пайдаланылатын болып белгiленсiн.
13-бап. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшерi - 6 600 теңге;
2) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 5 800 теңге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш 919 теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
14-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте бала тууға байланысты он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылатын бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 3 080 948 мың теңге сомасында шығыстар көзделсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
15-бап. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жедел-iздестiру, тергеу және саптық бөлiмшелерiнiң, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, Әдiлет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 430 теңге сомасында белгiленсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
16-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыстарында:
1) резидент заңды тұлғаларға салынатын корпоративтiк табыс салығы бойынша:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдары бойынша - 15 251 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін, асыл тұқымды мал шаруашылығымен шұғылданатын аттестатталған шаруашылықтар бойынша - 3 394 мың теңге сомасында;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өндiрілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге қосылған құн салығы бойынша:
Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы бойынша 802 930 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі үшiн, асыл тұқымды мал шаруашылығымен шұғылданатын аттестатталған шаруашылықтар бойынша - 35 935 мың теңге сомасында;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдары бойынша - 7 392 мың теңге сомасында;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi үшiн арнайы жабдық берiлiмi үшін Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша - 73 033 мың теңге сомасында;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсіздiк комитетi үшiн арнайы жабдық берiлiмi үшiн әкелiнетiн тауарларға кеден баждары бойынша 1 743 мың теңге сомасында;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсіздiк комитетi үшiн арнайы жабдық берілімi үшiн кедендiк бақылау мен кедендiк рәсiмдерді жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер бойынша - 1 607 мың теңге сомасында;
6) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін, асыл тұқымды мал шаруашылығымен шұғылданатын аттестатталған шаруашылықтар жөнiндегі роялти бойынша - 139 мың теңге сомасында;
7) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі үшiн, асыл тұқымды мал шаруашылығымен шұғылданатын аттестатталған шаруашылықтар жөніндегі басқа да салық түсiмдерi бойынша - 12 мың теңге сомасында берешектерді өтеуге қаражат ескерiлсін.
17-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекiтілген 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ететiн ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға 7 512 317 мың теңге сомасында қаражат, оның iшiнде:
121 000 мың теңге - «Аграрлық кредит корпорациясы» жабық акционерлік қоғамына;
4 805 564 мың теңге - «ҚазАгроҚаржы» жабық акционерлік қоғамына;
2 500 000 мың теңге - «Мал өнiмдерi корпорациясы» жабық акционерлік қоғамына;
85 753 мың теңге - «Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы» жабық акционерлік қоғамына көзделсiн.
18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы шығыстарының құрамында мемлекеттік органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңартуға 398 188 мың теңге сомасында шығындар көзделді деп белгіленсін.
Мемлекеттік органдардың тiзбесiн және сатып алынатын техниканың санын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
19-бап. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі шығыстарының құрамында республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеуге және оларға сараптамалар жүргiзуге 303 000 мың теңге сомасында шығындар көзделдi деп белгiленсiн.
Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзу iсiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртiппен және тiзбе бойынша жүзеге асырылады.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
20-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар мөлшерiнiң жалпы сомасы 2004 жылға 134 395 118 мың теңге, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 14 112 078 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 2 130 712 мың теңге;
Алматы облысына - 14 425 291 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 15 010 054 мың теңге;
Жамбыл облысына - 15 064 657 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 5 657 033 мың теңге;
Қарағанды облысына - 6 998 424 мың теңге;
Қостанай облысына - 8 891 582 мың теңге;
Қызылорда облысына - 10 908 556 мың теңге;
Павлодар облысына - 1 043 270 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 11 468 018 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 28 685 443 мың теңге болып белгiленсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
21-бап. Облыстық бюджеттерге 2004 жылға арналған субвенциялар мөлшерiн анықтау кeзiнде республикалық бюджет алдындағы борышты өтеу үшiн 787 000 мың теңге, оның iшiнде:
Ақтөбе облысына - 287 000 мың теңге;
Қостанай облысына - 500 000 мың теңге сомасында қаражат ескерiлдi деп белгiленсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
22-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тiршілік-тынысын қамтамасыз ету жағдайлары туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге сәйкес Қарағанды облысы Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 200 000 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер көзделсiн.
23-бап. Қызылорда облысының бюджетiне 2004 жылға арналған субвенция мөлшерiн анықтау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенiнде тұратын және (немесе) жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерi туралы 1998 жылғы 12 қазандағы келісімге сәйкес, «Байқоңыр» кешенiнде тұратын және (немесе) жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар ескерiлдi деп белгiленсiн.
24-бап. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңын iске асыруға қаражат 2004 жылға арналған жергiлiктi бюджеттерде 5-қосымшада белгiленгеннен кем емес мөлшерде көзделетiнi ескерiлсiн.
25-бап. 2004 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарында 6-қосымшаға сәйкес кепiлдік берiлген көлемде тегiн медициналық көмек көрсетуге 15 000 000 мың теңге сомасында қосымша шығындар көзделетiнi ескерiлсiн.
Қосымша шығыс қаражатын жұмсауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
26-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо- және тифлоқұралдармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 112 165 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер көзделгенi ескерiлсiн.
Аталған соманы бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртiппен және тiзбе бойынша жүзеге асырылады.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
27-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентінiң Жарлығымен бекітілетiн 2004 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге - 5 072 582 мың теңге сомасында, сондай-ақ 2003 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасына енгізiлген оралмандардың 316 отбасына тұрғын үй сатып алуға 209 396 мың теңге қаражат көзделсiн.
2004 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келетін оралмандар отбасыларына қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртіппен отбасының бip мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткіш есебiнен бөлінедi деп белгiленсiн.
28-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қызылорда облысының облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер мынадай мөлшерде көзделсiн:
156 800 мың теңге - Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн;
122 251 мың теңге - Арал және Қазалы аудандарының халқына кепiлдiк берiлген көлемде тегiн медициналық көмек көрсету үшiн.
Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге шығыстар жергіліктi бюджеттерде өз қаражаты есебiнен 116 000 мың теңгеден кем емес сомада көзделетiнi ескерілсiн.
29-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысының облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер мынадай мөлшерде көзделсiн:
43 200 мың теңге - Шалқар ауданының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн;
17 122 мың теңге - Шалқар ауданының халқына кепiлдiк берiлген көлемде тегiн медициналық көмек көрсету үшiн.
Шалқар ауданының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттерде өз қаражаты есебiнен 95 000 мың теңгеден кем емес сомада көзделетiнi ескерiлсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
30-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мынадай мөлшерде:
мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 2 731 921 мың теңге;
жаңадан iске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға - 1 141 080 мың теңге;
жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерiн ұстауға 438 887 мың теңге;
шағын қалаларды, оның iшiнде экономикасы күйзелiске ұшыраған қалаларды дамытуға - 300 000 мың теңге;
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының балансынан алып берiлген жалпы білім беретiн оқу орындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге - 715 830 мың теңге;
жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде орта кәсiптiк оқу орындарында оқитын студенттер стипендияларының мөлшерiн ұлғайтуға - 219 006 мың теңге;
патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырауға арналған ақшалай қаражат төлеуге - 244 682 мың теңге;
полицияның учаскелiк инспекторларының ақшалай ризығын ұлғайтуға және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға - 716 000 мың теңге мақсатты трансферттер көзделгенi ескерiлсiн.
Бұл сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
31-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте ауылдық (селолық) округтердің әкiмдерi аппараттарын ұстауға облыстық бюджеттерге 7-қосымшаға сәйкес берiлетiн 2 882 473 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер көзделгенi ескерiлсiн.
32-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын нығайтуға 15 000 000 мың теңге, оның iшiнде:
ауылдық елдi мекендердi ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін салуға және реконструкциялауға - 5 460 000 мың теңге;
ауылдық мектептер құрылысына облыстық бюджеттерге мақсатты инвестициялық трансферттер - 5 210 000 мың теңге;
ауылдық (селолық) жердiң денсаулық сақтау объектiлерi құрылысына және реконструкциялауға облыстық бюджеттерге мақсатты инвестициялық трансферттер - 4 022 600 мың теңге;
ауылдық (селолық) жердiң денсаулық сақтау iсiнде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға - 250 000 мың теңге;
2003 жылғы 23 мамырда жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен Т.Рысқұлов ауданындағы денсаулық сақтау объектілерін жөндеуге Жамбыл облысының облыстық бюджетiне мақсатты трансферттер - 57 400 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
2004 жылғы республикалық бюджет қаражатының есебiнен салуға, реконструкциялауға, жөндеуге жататын ауылдық (селолық) жердiң білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамтамасыз ету объектiлерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтайды.
33-бап. Тиiстi республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерiне 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн мақсатты инвестициялық трансферттер есебiнен iске асырылатын жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн және көлемiн Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтайтын болып белгiленсiн.
34-бап. 16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен алынып тасталды (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
35-бап. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап аумақтық iшкi iстер органдарының электрондық почта қызметтерiне жұмсалатын шығындар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
36-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер 9 309 670 мың теңге сомасында көзделсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
37-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 1 162 176 мың теңге, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне - шетелде Қазақстан Республикасының меншiгiне жылжымайтын мүлiк сатып алуға 201 894 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстеме ақы төлеуге 652 000 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының әскери тасымалдар бойынша шығындарын өтеуге - 308 282 мың теңге көзделсін.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
38-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 15 250 333 мың теңге сомасында, оның iшiнде:
«Қазақстанның Даму Банкi» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға - 10 651 333 мың теңге;
«Қазақстанның Даму Банкi» акционерлік қоғамына кредиттiк ресурстар беруге - 4 599 000 мың теңге қаражат көзделсін.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
39-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте мына ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға 26 062 183 мың теңге сомасында қаражат:
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына - 45 950 мың теңге;
«Күйгенжар» акционерлік қоғамына - 274 798 мың теңге;
«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына - 2 599 429 мың теңге;
«Қазақстан келісім-шарт агенттiгi» акционерлік қоғамына - 93 000 мың теңге;
«Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» акционерлік қоғамына - 900 000 мың теңге;
«Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамына - 1 222 890 мың теңгe;
«Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамына - 10 500 000 мың теңге;
«Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлік қоғамына - 750 000 мың теңге;
«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына - 786 116 мың теңге;
Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi» акционерлік қоғамына - 1 500 000 мың теңге;
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына - 7 390 000 мың теңге, оның iшiнде Амангелдi газ кен орындары топтарын игеруi - 4 000 000 мың теңге, Ақшабұлақ - Қызылорда қаласы газ құбырын салуға - 3 390 000 мың теңге көзделсін.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
40-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте ақпараттық технологиялар паркiн құруға 700 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
16.06.04 ж. № 564-II ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгізiледi)
40-1-бап. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 6 400 000 мың теңге сомасында мақсатты трансферттер көзделгені ескерiлсін.