өнеркәсiбіндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар (осы баптың 1-тармағында
көзделген талаптарды сақтаған кезде) мемлекеттік қабылдау комиссиялары
өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап
бес жыл бойы қолданады.
7. Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдер бойынша салық есептілігiн табыс етудiң тәртібі мен мерзiмдерi
осы Кодекске сәйкес айқындалады.»;
34) 120-бапта:
1-тармақта «акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну
кооперативтерiнен басқа,» деген сөздер «акционерлік қоғамдарды,
мекемелердi және пәтер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну
кооперативтерiн қоспағанда,»деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «жарналар,» деген сөзден кейін «кондоминиумға
қатысушылардың жарналары,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған
кезде шығыстардың жалпы сомасындағы коммерциялық емес ұйым шығыстарының
шегерiмдерге жатқызылуға тиiс сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының
жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес
салмағын негiзге ала отырып, барабарлық әдiсi бойынша анықталады.»;
35) 121-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда
жазылсын:
«1. Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық
жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек,
өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар
түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:";
36) 122-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қызметінiң айрықша түрі ауыл шаруашылығы саласында микрокредит
беру болып табылатын микрокредиттiк ұйымдар салық салынатын табысты
қызметтiң осы түрiнен алынған табыстардың сомасына азайтады.»;
37) 126-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша
аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн
корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ
егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық
төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық төлемдердің орташа айлық
есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.
3. Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша
декларацияда көрсетiлген iс жүзіндегі салық мiндеттемесiнiң сомасы өткен
салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық
төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен салық кезеңi
үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс
жүзiндегі салық мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала отырып, декларация
тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге
мiндеттi.»;
5-тармақтағы «есептi жылдан кейiнгi жылдың» деген сөздер «есептi
салық кезеңiнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн
декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын
қоспағанда, түзетудің себептерiн жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң
алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге
құқылы.»;
38) 127-баптың 1-тармағындағы «Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе,"
деген сөздер алып тасталсын;
39) 128-бап алып тасталсын;
40) 129-баптың 3-тармағында «резидент заңды және жеке тұлғаларының»
деген сөздер «резидент болып табылатын жеке және заңды тұлғаларының»
деген сөздермен ауыстырылсын; «ұсталған» деген сөзден кейiн «және
(немесе) төленген» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 130-бапта:
1-тармақтағы «табысының резидентке қатысты осы бөлiгi» деген сөздер
«пайдасының резидентке қатысты бөлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеңiлдетiлген салық салынатын елде орналасқан және (немесе)
тiркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының бiр бөлiгi Қазақстан
Республикасы Президентінің салық салынатын табысына қосылатын осы
пайданың жалпы сомасы резидент еместің шоғырландырылған қаржылық
есептілігiмен расталуға тиiс.»;
2-тармақтағы «айқындалатын салық ставкасынан 1/3 төмен болса» деген
сөздер «айқындалатын салық ставкасының 1/3-iнен аспайтын болса» деген
сөздермен ауыстырылсын;
42) 131-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша «алған» деген сөзден кейiн», осындай резидент
еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ» деген сөздермен
толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде заем операцияларын
жүзеге асыратын ұйымдарға төленетiн кредиттер (заемдар) бойынша сыйақыны
және резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны
қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн
сыйақыдан басқа сыйақы;";
1-1-тармақта:
1) тармақша «сыйақылар» деген сөзден кейiн «және агенттік
облигациялар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «зейнетақы қорларына» деген сөздерден кейiн «және
орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру
қорына» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «коммерциялық емес ұйымдарды және әлеуметтiк саладағы
қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды» деген сөздер «қызметiн әлеуметтiк
салада жүзеге асыратын ұйымдарды және салымдар (депозиттер) жөніндегі
сыйақылар бойынша коммерциялық емес ұйымдарды» деген сөздермен
ауыстырылсын;
43) 135-баптың 3-тармағы «алатын» деген сөзден кейiн», осындай
резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ» деген сөздермен
толықтырылсын;
44) 139-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiктің екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«келісім-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын
салық төлеушілер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан,
кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;";
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар салық төлеушіге
жылдық жиынтық табыстан осы Кодекстiң 107-бабы 1-тармағының 1) - 8)
тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi
қоспағанда, инвестициялық жобалар шеңберiнде пайдалануға берiлген
тiркелген активтердiң құнын преференциялардың қолданылу мерзiмiне қарай
тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.»;
45) 140-1-баптың 1-тармағындағы «осы Кодекстiң мақсаттары үшiн»
деген сөздер», егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен
ауыстырылсын;
46) мынадай мазмұндағы 22-2-тараумен толықтырылсын:
«22-2-тарау. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын
ұйымдарға салық салу
140-4-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, «Ақтау теңiз порты» арнайы
экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға
мынадай шарттарға бiр мезгiлде сәйкес келетiн:
1) жиынтық жылдық табысының кемiнде тоқсан процентiн Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекiтетiн қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне
енгiзiлген қызметтiң мынадай түрлерi:
химия өнеркәсiбi;
резина және пластмасса бұйымдары өндiрiсi;
өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiрiсi;
металлургия өнеркәсiбi;
дайын металл бұйымдары өндірісі;
машиналар мен жабдықтар өндірісі бойынша құрылыс объектiлерiн сатуды
қоса алғанда, өзi өндiретiн тауарларды сатудан алынуға тиiс (алынған)
табыстар құрайтын;
2) «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы
салық органында тiркеу есебiнде тұратын;
3) «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағынан тыс
жерлерде орналасқан жерi бойынша заңды тұлға функцияларының бір бөлiгiн
орындайтын тұрақты жұмыс орындары жабдықталған құрылымдық бөлiмшелерi мен
аумақтық оқшауланған бөлiмшелерi жоқ ұйымдар жатады. Егер жұмыс орны бiр
айдан артық мерзiмге құрылса, ол тұрақты болып табылады.
2. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетін тауарларды өндiретiн ұйымдар;
арнайы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатпайды.
3. Алынған (алынуға тиiс) табыстарды осы баптың 1-тармағының 1)
тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынатын табыстарға жатқызу
өнеркәсiптiң тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі және сәулет,
қала құрылысы мен құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi органдар уәкiлеттi
мемлекеттік органмен келісім бойынша белгiлеген тәртiппен және нысанда
берiлген, «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында
орналасқан атқарушы органның растамасы негiзiнде жүзеге асырылады.
140-5-бап. Салықты есептеу, төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
1. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында
қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және
3-тармақтарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын
айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық
табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстiң 126-бабына
сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
3. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында
орналасқан және осы Кодекстiң 140-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында
көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық
салу oбъектiлерi бойынша:
1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық
орташа құнына 0 процент ставка қолданылады.
140-6-бап. Салық кезеңi және салық есептілігi
Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдер бойынша салық есептілiгін беру тәртібі мен мерзiмдерi осы
Кодекске сәйкес айқындалады.»;
47) 144-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацта «1.»деген цифр алып тасталсын;
1) тармақшада «еңбекақы төлеуге байланысты төлемдердi қоспағанда,"
деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына
қатысты өтеуден басқа);";
6) тармақша «iшкi iстер органдарының» деген сөздерден кейiн»,
қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн» деген сөздермен
толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес
және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып
табылмайтын шығыстары;";
«26-1) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн
әлеуметтiк төлемдер;";
37) тармақша «сомалары» деген сөзден кейiн», сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына
бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;"
деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру
шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi.»;
2-тармақ алып тасталсын;
48) 147-баптың 2-1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртiппен» деген сөздер «олардың орналасқан жерi
бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 152-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;
6) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығын жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн, тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіштің
5 еселенген шегіндегі сақтандыру сыйлықақылары.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердің төлем көзiнен салық
салынатын табысын айқындау кезiнде, осы баптың 1-тармағының 1) және 2)
тармақшаларына сәйкес, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі шегерiмдер
жүргiзiлмейдi.»;
50) мынадай мазмұндағы 153-1-баппен толықтырылсын:
«153-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып
табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ
адамдар табыстарының жекелеген түрлерiнен жеке
табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Осы Кодекстің 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында
көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын
шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс
салығын есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық есептілігiн берудi салық
агентi осы Кодекстің 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар
орындалған жағдайда, осы Кодекстiң 152-бабында белгiленген салық
шегерiмдерiн ескере отырып, осы Кодекстің 187-1, 188-баптарына сәйкес
жүргiзедi.
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар
орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент жеке
тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және
төлеудi салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес
жүргiзедi.
3. Салық агентi осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, осы
Кодекстің 147 және 153-баптарына сәйкес резидент жеке тұлғалардың
табыстарынан жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi жүргiзуге
құқылы.
4. Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудiң таңдап алынған
тәртібі салық кезеңiнiң iшiнде өзгермейтін болуға тиіс.»;
51) 161-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру сыйлықақылары:
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына
енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген, сақтандыру ұйымдары
жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша табысы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын;
«1-1. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша
табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда
төленетiн сатып алу сомасы жатады.»;
52) 164-баптың 3-тармағында:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді,
сондай-ақ салық есептілігiн берудi осы тармақтың 1) тармақшасында
айқындалған тұлға салық кезеңі iшiнде осы Кодекстiң 126 және
127-баптарына сәйкес жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу мен төлеуді,
сондай-ақ салық есептілiгін беруді осы тармақтың 2) тармақшасында
айқындалған тұлға салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 191 және
192-баптарында белгіленген тәртіппен мерзімдерде жүргізеді.»;
53) 166-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «кәсiпкерлiк» деген сөздiң
алдынан «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік
қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда,» деген сөздермен
толықтырылсын;
54) 169-бап «79-124» деген цифрлардан кейiн», 130» деген цифрмен
толықтырылсын;
55) 170-бапта «оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
жерлерден алынған табыстар» деген сөздер «сондай-ақ Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар» деген
сөздермен ауыстырылсын;
56) 171-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «табыс етеді» деген
сөз алып тасталып, осы тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен
толықтырылсын:
«7) осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында
көрсетілген, табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен
асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.»;
57) 173-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«173-бап. Шетел салығын есепке алу
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс
жерле төленген жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстің 129-бабының 2
және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке
табыс салығын төлеу кезiнде есепке алынады.
Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi осы Кодексте белгіленген
жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан
Республикасында есептелуi мүмкін салық сомасынан аспауға тиiс.»;
58) 177-бaптa:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкiлетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді
сақтандырушы немесе қайта сақтандыруды жүзеге асырса;";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы
Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды
ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін резидент емес мынадай шарттарды бiр
мезгілде орындаған кезде:
егер мұндай персонал тек өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және
оның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;
шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент емес
осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс
нәтижелеріне жауапты болмаса;
шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден алынатын
резидент еместiң табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның
атынан және оның мүдделерiн көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын
ескере отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды
ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса,
Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме
құрмайды.
Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрceтуге арналған
шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетудi
алушыға есеп құжаттамасының көшiрмелерін табыс етуi міндетті.»;
59) 178-бапта:
2) тармақшада «маркетингілік,»деген сөз алып тасталсын;
3) тармақшаның үшіншi абзацы «резидент заңды тұлғаға» деген
сөздерден кейін», консорциумға» деген сөзбен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) осындай тұлғаларға резидент заңды тұлғаға қатысты жүктелген
басқару міндеттерiн орындауға байланысты басшылардың қаламақылары
және (немесе) басқару органының директорлар кеңесінің, басқарманың немесе
өзге де органының мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте осындай
тұлғалардың басқару мiндеттемелерін iс жүзінде орындаған жер маңызды
емес;";
60) 179-бaптa:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес мысалдарда ақша, бағалы
қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету, табыс алушы резидент еместiң борышты талап етуін
есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi.»;
3-тармақта:
2) тармақша «жүзеге асыруға» деген сөздерден кейін», сондай-ақ
халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуды жүзеге асыруға»
деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада «жатпайды» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы
7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Осы Кодекстiң 198-бабына сәйкес резидент еместiң шартты банк
салымдары бойынша сыйақылары;
8) сыйақыларды қоспағанда, халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша