Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1084
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 824 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 824 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрлерi 28-1, 33-жолдар алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
"6. Әлеуметтiк саясат" деген бөлiмде:
"6.5. Мәдениет" деген кішi бөлімдегi реттiк нөмiрлерi 6.5.1., 6.5.7-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д. Ахметов |