Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1084
қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 тамыздағы N 824 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
реттiк нөмiрлерi 3, 21-жолдар алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрлерi 28-1, 33-жолдар алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"6. Әлеуметтiк саясат" деген бөлiмде:
"6.5. Мәдениет" деген кішi бөлімдегi реттiк нөмiрлерi 6.5.1., 6.5.7-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов
|