Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
30 қыркүйектегі № 1004 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119; 29.10.04 ж. № 1127 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы ред. қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1127 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
3) "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 30 сәуірдегі № 396 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 13, 114-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін темекі өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу бөлігіндегі ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |