Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен
өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
30 қыркүйектегі N 1004 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 322-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу;
8-2) өз құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу;";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 31-1), 31-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"31-1) темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу;
31-2) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органның функциялары;";
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi туралы ережеде:
10-тармақта:
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету;
өз құзыретi шегiнде мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi, жиырма бесiншi, жиырма алтыншы, жиырма жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
"этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласында есепке алумен есептiлiктi ұйымдастыру;
этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн өндiру мен айналымын реттеу;
акцизделетiн тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдардағы акциз бекеттерiнiң жұмысын бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын лицензиялау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау;
этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнайды жеткiзушiлердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне мониторингтi жүзеге асыру;
мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру және олардың айналымы бойынша бiрыңғай дерекқорды жүргiзу;
өзге мемлекеттiк органдардың мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiрыңғай дерекқорға берудiң нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындау;
мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөнiндегi iлеспе жүкқұжаттар мен декларациялар арқылы мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауды жүзеге асыру;";
12-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
"бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес этил спиртiнiң, алкоголь өнiмiнiң және темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымы саласында құқық бұзушыларға әсер ету шараларын қабылдауға;
өз құзыретi шегiнде бақыланатын объектiлерде дайын этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн шығару көлемiнiң осы салада қолданылатын нормативтерге сәйкестiгiн тексеруге, осы мақсаттарда осы объектiлердiң есепке алуды бақылау аспаптарымен жарақталуын, технологиялық процесс нормалары мен ережелерiнiң сақталуын және этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң айналымын бақылауға;
этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн өндiретiн, сақтау мен сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды лицензиаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мәнiне тексерудi жүзеге асыруға;
өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк медициналық кәсiпорындардың, сондай-ақ дәрiлiк құралдар мен фармацевтикалық препараттарды өндiрушілердiң этил спиртiн пайдалануын бақылауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн өндiрудi лицензиялауды, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн импорттауды жүзеге асыруға;
этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын заңнамада белгiленген тәртiппен реттеуге;
темекi өнiмдерiнiң қалдықтары мен айналымы туралы декларацияларды қабылдауға, олардың есебiн жүргiзуге және талдау жасауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiрудiң паспорттарын қабылдауға және олардың есебiн жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темекi өнiмдерiн өндіретiн тұлғалардың мониторингін жүргiзуге;";
3) "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 30 сәуiрдегi N 396 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 114-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін темекі өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу бөлігіндегі ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |