Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта:
3) тармақшадағы "1, 2 және 3" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық корпусқа қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғам таза кiрiстiң 20 (жиырма) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды деп белгiленсiн";
2) 2-тармақта:
"Индустрия және сауда" деген сөздерден кейiн ", Сыртқы iстер" деген сөздермен толықтырылсын;
"2 және 3" деген сандар "2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
3) 3-тармақтағы "1, 2 және 3" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 25 сәуірдегі
№ 404 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық
корпусқа қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, акцияларының
жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғам
«Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ