Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 999 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1059 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Сапа саласындағы конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 11, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын беру ережесiнде:
4-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өндiрушi салалар мен металлургия өнеркәсiбi ұйымдары;
2) машина жасау өнiмдерiн шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
3) жеңiл өнеркәсiп ұйымдары;
4) құрылыс индустриясы ұйымдары;
5) тамақ өнiмдерiн шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
6) қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар.";
7, 8 және 9-тармақтардағы: "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткізу ережесiнде:
1-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "кәсiпорындар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацындағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 9 қыркүйектегi № 999 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына
қосымша
Сапа саласындағы жетiстiктерi үшін Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхамбетбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы Индустрия және сауда министрi,
төрағаның орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Әбiлғазы Қалиақпарұлы Индустрия және сауда министрлігі
Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі комитетiнiң
төрағасы
Досқалиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау министрi
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Бiлiм және ғылым вице-министрi
Мусина - Қазақстан Республикасының
Лилия Сәкенқызы Ауыл шаруашылығы вице-министрi
Кәкен - Қазақстан Республикасының
Қарлығаш Ғазизқызы Көлiк және коммуникациялар
министрлігі аппаратының басшысы
Жүндібаев - Қазақстан Республикасының
Валерий Ермекбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі Ұйымдық жұмыстар,
жиынтық талдау және бақылау
департаментінің директоры
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасы
Марат Мәулетжанұлы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi
төрағасының орынбасары
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Бақытжан Әбдiрұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
агенттiгi төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Кононова - Қазақстан Республикасы
Татьяна Ильинична Сауда-өнеркәсiп палатасының
вице-президентi (келісім бойынша)