"Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 196-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi белгiленген мерзiмде Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) екi ай мерзiмде "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыруға тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 196 өкімімен
бекітілген
"Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске
асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерінің тiзбесi
┌───┬──────────────────────────┬──────────────┬─────────────────────┐
│Р/с│ Нормативтік құқықтық │ Орындау │ Жауапты орындаушы │
│N │ кесімнің атауы │ мерзiмi │ │
├───┼──────────────────────────┼──────────────┼─────────────────────┤
│1 │Ұлттық почта операторы │2003 жылғы │ АБА, ТМРА │
│ │туралы ереже │30 қазан │(келісім бойынша) │
├───┼──────────────────────────┼──────────────┼─────────────────────┤
│2 ├Қазақстан Республикасы │2003 жылғы │ АБА │
│ │Yкіметiнiң почта-жинақ │30 қазан │ │
│ │жүйесi мәселелерi │ │ │
│ │жөнiндегі кейбір │ │ │
│ │шешiмдерiне өзгерістер │ │ │
│ │мен толықтырулар енгізу │ │ │
│ │туралы │ │ │
├───┼──────────────────────────┼──────────────┼─────────────────────┤
│3 │"Қазақстан Республикасында│2003 жылғы │ АБА, ТМРА │
│ │почта байланысы мен │30 қазан │ (келісiм бойынша) │
│ │телекоммуникациялар │ │ │
│ │саласындағы кәсiпкерлiк │ │ │
│ │қызметтi лицензиялау, │ │ │
│ │радиожиілiк спектрiн │ │ │
│ │пайдалану тәртібі туралы │ │ │
│ │ереженi бекіту туралы" │ │ │
│ ├Қазақстан Республикасы │ │ │
│ │Үкіметінiң 1996 жылғы │ │ │
│ │26 қарашадағы № 1443 │ │ │
│ │қаулысына өзгерiс енгізу │ │ │
│ │туралы │ │ │
└───┴──────────────────────────┴──────────────┴─────────────────────┘