Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 27 тамыздағы № 875 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 Қаулысымен күші жойылды
«Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 27 тамыздағы
№ 875 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан
ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану
ережесі
1. Осы Ереже құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды.
Байланыс құралдары, көлік, мүлік және өзге де материалдық құралдар іздестіру-құтқару, авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында адамдарды құтқару үшін және өте қажет жағдайда ғана пайдаланылады.
2. Өте қажет жағдай табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер төнген кезде басталады.
3. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануды тұрақты шарттық негізде немесе ерікті бастамалармен құрылатын авариялық-құтқару қызметі мен авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушылары жүзеге асырады.
Құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануы туралы шешімді төтенше жағдайларды жою басшысы қабылдайды және бұйрықпен (өкіммен) ресімделеді.
4. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде құтқарушылар төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың басшыларынан байланыс құралдарын, көлікті, мүлікті және өзге де материалдық құралдарды қабылдап алады.
5. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану осы ұйымдар қызметінің бұзылуына әкеліп соқпауы тиіс.
6. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану үшін құтқарушылар ұйымдардың адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда қажетті байланыс құралдарының, көліктің, мүліктің және өзге де материалдық құралдарының тізбесін анықтайды.
Құтқару бөлімшесінің басшысы ұйым басшысымен бірлесіп, қабылдап алу актісін, ал авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдаланылған мүлікті беру актісін (1-2-қосымшалар) жасайды. Актінің бір данасы ұйым басшысына, екінші данасы төтенше жағдайларды жою басшысына беріледі.
7. Адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген тікелей қауіп жойылғаннан кейін оларды құтқару үшін тартылған байланыс құралдары, көлік, мүлік және өзге де материалдық құралдар иесіне қайтарылады.
Адамдарды құтқару үшін және
өте қажет болған жағдайда
төтенше жағдайлар аймақтарында
орналасқан ұйымдардың байланыс
құралдарын, көлігін, мүлкін
және өзге де материалдық
құралдарын пайдалану
ережесіне
1-қосымша
Бекітемін
Төтенше жағдайларды жою
басшысы
_______________________
2003 ж.»__"___________
Адамдарды құтқару үшін және өте
қажет болған жағдайда материалдық
құралдарды қабылдап алу актісі
Құтқару бөлімшесінің басшысы ______________________________________
Ұйым басшысы ______________________________________________________
«Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына
сәйкес ____________________________________________________ұйымынан
адамдарды құтқару жөніндегі жұмыстарды орындау уақытына
мынадай материалдық құралдар:
байланыс құралдары ________________________________________________
көлік _____________________________________________________________
мүлік _____________________________________________________________
өзге материалдық құралдар _________________________________________
қабылдап алғаны туралы осы актіні жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _______________________
Құтқару бөлімінің басшысы _________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Ұйым басшысы ______________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Адамдарды құтқару үшін және
өте қажет болған жағдайда
төтенше жағдайлар аймақтарында
орналасқан ұйымдардың байланыс
құралдарын, көлігін, мүлкін
және өзге де материалдық
құралдарын пайдалану
ережесіне
2-қосымша
Бекітемін
Төтенше жағдайларды жою
басшысы
_______________________
2003 ж.»__"___________
Адамдарды құтқару үшін және өте
қажет болған жағдайда материалдық
құралдарды қабылдап алу актісі
Құтқару бөлімшесінің басшысы ______________________________________
Ұйым басшысы ______________________________________________________
«Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына
сәйкес ____________________________________________________ұйымға
адамдарды құтқару жөніндегі жұмыстарды орындау уақытына
мынадай материалдық құралдар:
байланыс құралдары ________________________________________________
көлік _____________________________________________________________
мүлік _____________________________________________________________
өзге материалдық құралдар _________________________________________
қайтарылғаны туралы осы актіні жасасты.
Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _______________________
Құтқару бөлімінің басшысы _________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Ұйым басшысы ______________________________________________________
(тегі, аты-жөні)