Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 22 тамыздағы № 849 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 Қаулысымен күші жойылды
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесін және тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы";
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:";
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 22 тамыздағы
№ 849 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1809 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Жiктеу тәртібі және шарттары
2. Жалпы пайдаланымдағы республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердiң көшелерiн жiктеу жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Халықаралық не республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкiлеттi орган (бұдан әрi мемлекеттік уәкiлеттi орган) автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныс енгiзедi.
4. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттік уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгізудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
Мемлекеттік уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгізу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келісім жiберiледi.
Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгізу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттік уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.
3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi
5. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Автомобиль жолдарының индексіндегі сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына атау мен индекстi беру халықаралық келісімдермен белгiленедi.
7. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң әрпi автомобиль жолының сыныбына сәйкес келедi және мыналармен айқындалады:
"M" - шақырым есебi, шектес мемлекеттiң аумағынан басталатын аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
"А" - Қазақстан Республикасының iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтарының, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, көршiлес мемлекеттердiң арасындағы көлiктiк қатынасты қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
"P" - қалғандары үшiн;
8. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексіндегі келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi:
"К" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
р/с N | Қазақстан Республикасы облыстарының атаулары | Индекстегi әріптің атауы |
1 | 2 | 3 |
1. | Ақмола | C |
2. | Ақтөбе | D |
3. | Алматы | B |
4. | Атырау | E |
5. | Шығыс Қазақстан | F |
6. | Жамбыл | H |
7. | Батыс Қазақстан | L |
8. | | M |
9. | N |
10. | P |
11. | Маңғыстау | R |
12. | Павлодар | S |
13. | Солтүстiк Қазақстан | T |
14. | Оңтүстiк Қазақстан | X |
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер
арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi
бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен
меншiктеледi.