Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 тамыздағы № 828 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды;";
2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Индустрия және сауда министрлiктерi осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларда көрсетiлген акционерлік қоғамдардың иеленуiнде қалған таза кірiстiң бiр бөлiгiн олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетiлдiруге жұмсауды қамтамасыз етсiн.";
3) көрсетiлген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының дивидендтерiн есептеу мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 19 тамыздағы
№ 828 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 25 сәуірдегі
№ 404 қаулысына
2-қосымша
Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi
жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi
акционерлік қоғам
"Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ.