Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 ж. 14 тамыздағы № 173-ө өкімі
(ҚР Премьер-Министрінің 27.02.04 ж. № 52-ө өкімімен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі нормативтік құқықтық кесімдерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар Тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыруға тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Үкіметті хабардар етсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 14 тамыздағы
№ 173 өкімімен
бекітілді
Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық
цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының
Үкіметі кесімдерінің тізбесі
ҚР Премьер-Министрінің 27.02.04 ж. № 52-ө өкімімен тізбе өзгертілді
р/с N | Заңнамалық кесімнің атауы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімімен реттелуі тиіс қатынастар | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындалу мерзімі |
1 "Электрондық 1) мемлекеттік орган. МАҚМ, АБА, 2004 жылғы қаңтар құжат және дардың электрондық ПМК, электрондық құжат айналымының цифрлық қол. тәртібі мен таңба туралы" шарттары; Қазақстан Республикасы. ның 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 2) электрондық цифрлық АБА, ҚМ 2003 жылғы қол қою ашық кілтінің 22 қыркүйек сәйкестігін куәландыру, тіркеу куәліктерінің шынайылығын растау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары; 3) лицензиялау нысаны; 4) жекелеген қызмет ЭБЖМ түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкаларының мөлшерін айқындау 2. "Ақпараттан. 1) ақпараттандыру АБА, 2003 жылғы дыру туралы" саласындағы ұлттық ТМРБҚ 22 қыркүйек Қазақстан операторды және (келісім Республика. оның өкілеттігін бойынша) сының 2003 айқындау; жылғы 8 мамырдағы Заңы 2) мемлекеттік АБА "Ақпарат және ақпараттық ақпаратты қорғау ресурстарды туралы" Қазақстан пайдалану тәртібі; Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін 3) Мемлекеттік АБА, МАҚМ, 2003 жылғы ақпараттық ПМК 22 қыркүйек ресурстарды қалыптастыру үшін міндетті түрде берілетін құжаттандырылған ақпарат пен электрондық құжаттар түрлерінің тізбесі |