"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 ж. 11 тамыздағы № 169-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында қоса берiлiп отырған "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 11 тамыздағы
№ 169 өкімімен
бекітілген
"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және
олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
жөніндегі iс-шаралар жоспары
┌───┬────────────────────────────────────────┬─────────┬────────────────────┐
│P/c│ Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы │Орындалу │ Орындалуға │
│ N │ │ мерзiмi │ жауапты │
│ │ │ │ мемлекеттік │
│ │ │ │ орган │
├───┴────────────────────────────────────────┴─────────┴────────────────────┤
├Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мынадай қаулыларының жобаларын │
│әзiрлеу және енгізу: │
├───┬────────────────────────────────────────┬─────────┬────────────────────┤
│1. │1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау │ │ │
│ │кезіндегі біліктiлiк талаптарын бекіту │ │ │
│ │туралы; │ 2003 │ ЭМРМ │
│ │2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң │ жылғы │ │
│ │1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 │ 15 тамыз│ │
│ │қаулысына мұнай өнiмдерiн өндiрудi │ │ │
│ │лицензиялау саласындағы уәкiлеттi │ │ │
│ │органды айқындау бойынша толықтыру │ │ │
│ │енгізу туралы. │ │ │
│2. │1) мониторингтi жүзеге асыруға қажеттi │ │ │
│ │мәлiметтердi берудiң нысандарын, ережесi│ │ │
│ │мен мерзiмдерiн бекіту туралы; │ 2003 │ ҚарМ │
│ │2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң │ жылғы │ │
│ │2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 962 және │15 тамыз │ │
│ │2002 жылғы 9 қазандағы № 1102 │ │ │
│ │қаулыларына мұнай өнiмдерiнiң жекелеген │ │ │
│ │түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын│ │ │
│ │мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi│ │ │
│ │органның функцияларын орындау бойынша │ │ │
│ │толықтырулар енгізу туралы. │ │ │
├───┴────────────────────────────────────────┴─────────┴────────────────────┤
│Мынадай ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту: │
├───┬────────────────────────────────────────┬─────────┬────────────────────┤
│3. │1) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың │ │ │
│ │айналымы теңгерiмiн жасай отырып, │ │ │
│ │бiрыңғай дерекқорды жүргiзу туралы; │ 2003 │ ҚарМ │
│ │2) декларацияны тапсырудың нысандарын, │ жылғы │ │
│ │eрежесi мен мерзiмдерiн бекіту туралы; │ 15 тамыз│ │
│ │3) iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу │ │ │
│ │eрежесiн бекіту туралы. │ │ │
│4. │мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) │ │ │
│ │олардың айналымының көлемi туралы │ 2003 │ ҚарМ │
│ │мәлiметтердi және өзге де қажеттi │ жылғы │ ЭМРМ │
│ │ақпаратты мемлекеттік органдардың │ 15 тамыз│ ИСМ │
│ │бiрыңғай дерекқорға ұсыну ережесi мен │ │ ККМ │
│ │нысанын бекіту туралы. │ │ КБА │
│5. │1) мұнай және (немесе) газ өндiретiн │ │ │
│ │ұйымдардың мұнай өнiмдерiн өндiру │ 2003 │ ЭМРМ │
│ │көлемдерi мен шикi мұнайды және (немесе)│ жылғы │ 2) тармақша │
│ │газ конденсатын және басқа да шикiзат │ 15 тамыз│ ҚОҚМ-мен │
│ │көздерiн жеткiзуiнің ең аз көлемдерiн │ │ келісім │
│ │бекіту туралы; │ │ бойынша │
│ │2) өндiрiс паспортын толтыру нысаны мен │ │ │
│ │eрежесiн бекіту туралы. │ │ │
│6. │мұнай өнiмдерiн өндiру және сату көлемi │ │ │
│ │туралы ақпаратты уәкiлеттi органға │ 2003 │ ИСМ │
│ │автоматтандырылған берудi қамтамасыз │ жылғы │ ҚарМ-мен │
│ │ететiн есепке алудың бақылау аспаптарын │ 15 тамыз│ келісім │
│ │қолдану жөніндегі ережелер мен │ │ бойынша │
│ │талаптарды бекіту туралы. │ │ │
└───┴────────────────────────────────────────┴─────────┴────────────────────┘