Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды акциз таңбаларымен таңбалау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 792 қаулысы
(2006.22.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 527 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен тақырыбта және мәтінде сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен тақырыбы және мәтіні өзгертілді (бұр.ред.қара)
Темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар өзге де бұйымдарды заңсыз өндiрудi және олардың айналымын болдырмау, акцизделетiн тауарларды акциз таңбаларымен таңбалау тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де өнiмдердi (бұдан әрi - темекi бұйымдары) жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалау 2003 жылғы 1 қазаннан бастап енгiзiлсiн, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды - 2402.
3. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Отандық және импорттық өндiрiстегi темекi бұйымдарын 2003 жылғы үлгiдегi акциз таңбаларымен сатуды:
1) темекi бұйымдарын өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2003 жылғы 1 қазаннан бастап;
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;
2) темекi бұйымдарын сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Темекi бұйымдарын жаңа үлгiдегi акциз таңбаларымен таңбалауды отандық темекi бұйымдарын өндiрушiлер, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Банкнот фабрикасымен (филиалы) темекi бұйымдарын таңбалау үшiн жаңа үлгiдегi акциз таңбаларын дайындауға арналған шарт жасассын;
импортталатын темекi бұйымдары бойынша келісім-шарттарды есепке алуды мiндеттi түрде жүргiзе отырып, темекi бұйымдарын өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және импорттаушылардан акциз таңбаларын сатып алуға өтiнiмдер жинауды қамтамасыз етсiн;
акциз таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды өндiру және оның айналымы саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың темекi бұйымдарын түгендеудi жүргiзу тәртібін әзiрлесiн.
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Темекi бұйымдары таңбаланған, 2001 жылғы үлгiдегi алкоголь өнiмдерiне акциз таңбаларының құны және 1997 жылғы үлгiдегi темекi бұйымдарына акциз таңбаларының құны, сондай-ақ темекi бұйымдары бойынша 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қалдықта болған, пайдаланылмаған 1997 жылғы үлгiдегi темекi бұйымдарына акциз таңбаларының құны жүргiзiлген түгендеудiң негiзiнде отандық тауар өндiрушiлер мен темекi бұйымдарын импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының шығындарына жатқызылады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9. Мыналардың:
1) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 290-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 және 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 8 қарашадағы № 1421 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 39, 498-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
Қосымша. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 904 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)