Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен
таңбалау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 8 тамыздағы № 792 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 495 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн заңсыз өндiрудi және олардың айналымын болдырмау, акцизделетiн тауарларды акциздiк алым таңбаларымен таңбалау тәртібін жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша акцизделетiн тауарларды (бұдан әрi - алкоголь өнiмдерi) 2003 жылғы 10 тамыздан бастап жаңа үлгiдегi акциздiк алым таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалау енгiзiлсiн.
2. Темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де өнiмдердi (бұдан әрi - темекi бұйымдары) жаңа үлгiдегi акциздiк алым таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалау 2003 жылғы 1 қазаннан бастап енгiзiлсiн, сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды - 2402.
3. Отандық және импорттық өндiрiстегi алкоголь өнiмдерiн 2003 жылғы үлгiдегi акциздiк алым таңбаларымен сату:
1) алкоголь өнiмдерiн өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2003 жылғы 10 тамыздан бастап;
2) алкоголь өнiмдерiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2003 жылғы 1 қарашадан бастап жүзеге асырады деп белгiленсiн.
4. Отандық және импорттық өндiрiстегi темекi бұйымдарын 2003 жылғы үлгiдегi акциздiк алым таңбаларымен сатуды:
1) темекi бұйымдарын өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2003 жылғы 1 қазаннан бастап;
2) темекi бұйымдарын сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырады деп белгiленсiн.
5. Алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын жаңа үлгiдегi акциздiк алым таңбаларымен таңбалауды отандық алкоголь өнiмдерiн және темекi бұйымдарын өндiрушiлер мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Банкнот фабрикасымен (филиалы) алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын таңбалау үшiн жаңа үлгiдегi акциздiк алым таңбаларын дайындауға арналған шарт жасассын;
импортталатын алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдары бойынша келісім-шарттарды есепке алуды мiндеттi түрде жүргiзе отырып, алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлер мен импорттаушылардан акциздiк алым таңбаларын сатып алуға өтiнiмдер жинауды қамтамасыз етсiн;
акциздiк алым таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды өндiру және оның айналымы саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын түгендеудi жүргiзу тәртібін әзiрлесiн.
7. Алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдары таңбаланған, 2001 жылғы үлгiдегi алкоголь өнiмдерiне акциздiк алым таңбаларының құны және 1997 жылғы үлгiдегi темекi бұйымдарына акциздiк алым таңбаларының құны, сондай-ақ алкоголь өнiмдерi бойынша 2003 жылғы 10 тамыздағы және темекi бұйымдары бойынша 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қалдықта болған, пайдаланылмаған 2001 жылғы үлгiдегi алкоголь өнiмдерiне акциздiк алым таңбаларының және 1997 жылғы үлгiдегi темекi бұйымдарына акциздiк алым таңбаларының құны жүргiзiлген түгендеудiң негiзiнде отандық тауар өндiрушiлер мен алкоголь өнiмдерiн және темекi бұйымдарын импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының шығындарына жатқызылады.
8. 2003 жылғы үлгiдегi акциздiк алым таңбаларының құны алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын отандық өндiрушiлер мен импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының шығындарына жатқызылуға тиiс.
9. Мыналардың:
1) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 290-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 және 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 8 қарашадағы № 1421 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 39, 498-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 8 тамыздағы
№ 792 қаулысына
қосымша
Жаңа үлгiдегi акциздiк алым таңбаларымен таңбалауға
жататын алкоголь өнiмiнiң тiзбесi
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды | Тауардың атауы |
2204 (220430-дан басқа), 2205, 220600 2208-ден | Шараптар, маркалық шараптар, коллекциялық шараптар, шымырлама шараптар, шампан, шарап сусындары Арақтар мен айрықша арақтар, коньяк, брендилер, ликер-арақ бұйымдары, өзге де күшейтiлген алкогольдi сусындар өзге де әлсiз алкогольдi сусындар |
Ескерту. Алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарының номенклатурасы
кодпен де, алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарының атауымен де
айқындалады.