"Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының
Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы
Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі N 731 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi "Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 18-жолда "Алматы" деген сөздiң алдынан "Алматы қаласы және" деген сөздермен толықтырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |