6) мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның таза кiрiсiнiң тиiстi бөлiгiн немесе қазыналық кәсiпорын сметадан тыс алған кiрiстердiң аударылуын;
7) кәсiпорынның шарттық мiндеттемелерiнiң орындалуын;
8) кәсiпорынның техникалық қайта жарақталуын, қайта құрылуын (қажет болған кезде);
9) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын, кәсiпорынды басқаруды жетiлдiру үшiн құқықтық құралдардың белсендi пайдаланылуын, кәсiпорынның шарттық тәртібінiң, қаржы-экономикалық жағдайының нығаюын;
10) экологиялық талаптардың сақталуын;
11) Мемлекеттік басқару органына кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары жобаларының, оның iшiнде Мемлекеттік басқару органы анықтайтын мерзiмдерде және тәртiппен қаржылық көрсеткiштердiң ұсынылуын;
12) Мемлекеттік басқару органына қаржы-шаруашылық есептiлiк туралы мәлiметтердің ұсынылуын;
13) егер жұмылдыру тапсырмасы бар болса, жұмылдыру бағдарламасының орындалуын;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мiндеттердi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
10. Басшы мемлекеттік, қызметтiк және коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң құрамы мен көлемi белгiленетiн осы Шарттың қолданылу мерзiмi, сондай-ақ Басшы лауазымда жұмысын тоқтатқаннан кейiнгi белгiлi бiр кезең iшiнде мемлекеттік, қызметтiк және коммерциялық құпияны жария етпеу туралы мiндеттеме қабылдайды.
4. Тараптардың жауапкершілігi
ҚР Үкіметінің 2009.23.06. № 976 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік басқару органы:
1) басқа жұмысқа Басшыны заңсыз ауыстырғаны;
2) Кәсіпорын басшысымен Шартты заңсыз бұзғаны;
3) еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты Басшыға келтiрiлген мертiгу немесе денсаулығына келтiрген өзге де зақымдар;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар үшiн жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.23.06. № 976 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Басшы меншiк иесi мен Мемлекеттік басқару органы алдында:
1) кәсiпорындағы iстiң жай-күйi;
2) кәсіпорынды тиесілі басқармағаны;
3) кәсiпорын жарғылық емес қызметті жүзеге асырғаны;
4) мемлекеттік бюджеттiң кірісіне шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза кірісінің тиісті бөлiгiн немесе қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған кiрiстерiн уақтылы аудармағаны;
5) қаржы-шаруашылық есептiлік туралы мәлiметтердi уақтылы бермегені;
6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтерді жария еткені;
7) осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны;
8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар үшiн дербес жауап бередi.
5. Жұмыс, демалыс және еңбекақы төлеу режимi
13. Басшы үшiн____________ сағаттық жұмыс күні белгіленедi.
Жұмыстың басталуы -_______сағат, түскі үзiлiс -____бастап____
сағатқа дейiн, жұмыстың аяқталуы -_______сағат.
Демалыс күндерi - сенбi, жексенбi, мереке күндерi.
Демалыс және мереке күндеріндегi жұмыс үшiн ақы, егер бұл жұмыс Мемлекеттік басқару органының жазбаша бұйрығының негізiнде жүргізілсе төленедi.
14. Басшыға ұзақтығы»___»күнтiзбелiк күн болатын жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы бepiледі.
15. Мемлекеттік басқару органы Басшының өтiнiші негізінде Басшыға жалақысын сақтамай демалыс бере алады.
16. Басшыға айына _________________________ теңге мөлшерінде
(жазбаша)
лауазымдық жалақы белгіленедi.
17. Басшыға жыл сайын кезекті демалыс кезеңiнде
_________________ лауазымдық жалақы мөлшерiнде қосымша материалдық
(еселенген)
көмек төленеді.
18. Мемлекеттік басқару органы еңбек мiндеттерін табысты және адал
орындағаны үшiн _________________ лауазымдық жалақы мөлшерінде
(еселенген)
кәсiпорынның жалақы қорын үнемдеу есебiнен Басшыға сыйлық беру туралы
шешiм қабылдай алады.
19. ҚР Үкіметінің 2009.23.06. № 976 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Шарттың бұзылу жағдайы
20. Шарт:
1) сынақ мерзiмi кезеңiнде Басшының атқаратын лауазымына сай еместiгi анықталған жағдайда;
2) Тараптардың келісімi бойынша;
3) Тараптардың бiреуiнiң бастамасы бойынша;
4) заңнамалық кесiмдерде көзделген өзге де негiздемелер бойынша бұзылуы мүмкiн.
Шарттың бұзылуы мемлекеттік басқару органының бұйрығымен peciмделедi.
21. Тараптардың келісімi бойынша Шарттың бұзылуы үшiн негiздеме Тараптардың жазбаша келісімi болып табылады.
Егер осы Тарап Шарт бұзылғанға дейiн кемiнде бiр ай мерзiмде басқа Тарапты жазбаша ескертсе, Шарт Тараптардың бiреуiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн.
22. Шарт мемлекеттік басқару органының бастамасы бойынша мынадай негiздемелер бойынша бұзылуы мүмкiн:
1) Басшы Шартта белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамаса;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпорын таратылса;
3) Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде және өткiзiлген аттестаттаудың нәтижелерi бойынша анықталған жеткiлiксiз біліктiлiгiнiң не осы жұмысты жалғастыруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайының салдарынан Басшы атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмесе;
4) жүктiлiгi және босануы бойынша демалыста болған уақытын санамағанда, уақытша еңбекке жарамсыздығының салдарынан екi айдан астам жұмысқа келмесе, сондай-ақ егер заңнамада осы ауру бойынша еңбекке жарамсыздығының неғұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе;
5) Басшы еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзса.
23. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар басқа Тараптың келісімi болған кезде Тараптардың бiреуiнiң ұсынысы бойынша енгiзiлуi мүмкiн және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Тараптар қол қоятын қосымша келісіммен ресiмделедi.
24. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысында сақталатын, бiрдей заң күшi бар, Тараптардың әрқайсысы үшiн мемлекеттік және орыс тiлдерiнде екi-екiден төрт данада жасалды.
7. Дауларды қарау тәртібі
25. Осы Шартта көзделмеген өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.
26. Осы Шартта немесе оған байланысты туындауы мүмкін Тараптар арасындағы даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жетпеген кезде сот тәртібімен шешіледі.
8. Тараптардың деректемелері:
Мемлекеттік басқару органы: Басшы:
_______________________________ _______________________________
(мемлекеттік басқару органының (аты-жөні)
атауы және оның орналасқан жері)
_______________________________ _______________________________
(жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы, нөмірі, берілген
күні)
_______________________________ _______________________________
_______________________________ _______________________________
(әлеуметтік жеке кодтың (ӘЖК)
нөмірі)
_______________________________ _______________________________
(аты-жөні) (салық төлеушінің тіркеу нөмірі
(СТН)
_______________________________ _______________________________
(қолы) (қолы)