4) «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша қызметін жүзеге асыратын қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны тең болуға тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Қор:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты;
2) Қордың меншікті активтері бойынша бөлек бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті жасайды.
Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу тәртібін Қор уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжатқа сәйкес белгілейді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қор:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
зиянды өтеу резервінің қаражатын;
Қордың меншікті активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банктік шоттар ашады.
2 бөлік 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Кастодиан «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды және сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына тыйым салынады.
4 бөлік 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Кастодиан уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен осы Заңның талаптарына сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві қаражатының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.»;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6. Қорда:
1) Қордың директорлар кеңесінің, басқармасының, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдерді;
3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті Қор органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын айқындайтын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі қалыптастырылуға тиіс.
Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қорда Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі құрылуға тиіс.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті
Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген мiндеттi шартты мiндеттемелердi, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу;
1-1) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе одан айыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған қадағалап ден қою шараларын және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кредиторларға өтем төлеу туралы шешім қабылдау;
4) агент-банкті таңдау;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) Қорда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және осындай жүйенің жұмыс істеуін бақылау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын айқындау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-4) Қорда ішкі аудит қызметін құру;
5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Консультативтік комитет
1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қорда консультативтік комитет құрылуға тиіс.
Қор акционерлерінің жалпы жиналысы, Қордың директорлар кеңесі, Қордың директорлар кеңесінің комитеттері консультативтік комитеттің қарауына берген (енгізген) мәселелер бойынша Қордың директорлар кеңесіне ұжымдық ұсынымдар дайындау және беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіру консультативтік комитеттің негізгі міндеті болып табылады.
2. Консультативтік комитет уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен өзі туралы ереже негізінде әрекет етеді.
3. Консультативтік комитет туралы ережеде:
1) консультативтік комитеттің негізгі міндеті мен құзыреті;
2) консультативтік комитет мүшелерін, олардың өкілеттіктерінің мерзімін айқындау тәртібі;
3) консультативтік комитет мүшелерінің функциялары, міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі;
4) консультативтік комитеттің отырыстарын шақыру және өткізу, консультативтік комитет мүшелерінің сырттай дауыс беру тәртібін қоса алғанда, консультативтік комитеттің жұмыс тәртібі;
5) консультативтік комитеттің хатшысын және оның функцияларын айқындау тәртібі;
6) осы Заңға қайшы келмейтін өзге де ережелер айқындалуға тиіс.
4. Консультативтік комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Консультативтік комитет комитеттің отырысына қатысып отырған мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің саны қанша болса да шешімдер қабылдауға құқылы.
5. Консультативтік комитеттің құрамына:
1) сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген барлық лицензияларының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған қатысушы-сақтандыру ұйымын қоспағанда, әрбір қатысушы-сақтандыру ұйымынан бір-бір өкілден;
2) Қордың директорлар кеңесі айқындаған Қор қызметкері кіреді.
Консультативтік комитет отырысының төрағасы консультативтік комитеттің әрбір отырысында отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
6. Консультативтік комитеттің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған кезде консультативтік комитет мүшелерінің ешқайсысының, оның ішінде консультативтік комитет отырысы төрағасының дауысы шешуші болып табылмайды.
7. Консультативтік комитеттің мүшелеріне оның жұмысына қатысқаны үшін сыйақылар есепке жазылмайды және төленбейді.
8. Консультативтік комитеттің ұсынымы, егер оны қабылдауға консультативтік комитеттің отырысына қатысып отырған консультативтік комитет мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
9. Консультативтік комитеттің отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-2-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитеттің мүшелеріне қойылатын талаптар
1. Қордың меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау мақсатында Қорда бір немесе бірнеше инвестициялық комитет құрылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қордың меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды тек қана инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) жүзеге асырады, оның құрамында (әрқайсысының құрамында) кемінде үш адам болуға тиіс.
Қордың өзге органдары және (немесе) басшы қызметкерлері осы Заңмен Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құзыретіне жатқызылған шешімдер қабылдауға құқылы емес.
3. Қордың меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін басшы қызметкерлер етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Қордың басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, тиісінше Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.
Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құрамына Қордың атқарушы органының мүшесі және Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі басшысы кіреді.
4. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелерін сайлауды Қордың директорлар кеңесі жүзеге асырады.
5. Инвестициялық комитеттің отырыстары оларға инвестициялық комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан кезде өткізіледі.
Инвестициялық комитеттің шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.
6. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық шешімдер қабылдау бөлігінде өздеріне жүктелген функцияларды атқаруды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
7. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері өз мүдделері мен Қордың мүдделері өзара сәйкес келмейтін мән-жайлардың бар екендігі туралы ақпаратты Қордың атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайда, инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) отырысына қатысуға және қабылданатын шешімдерге қандай да бір түрде ықпал етуге құқылы емес.
8. Инвестициялық комитет отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамалар жасалады, оларға инвестициялық комитеттің төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және онда қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылады.
Инвестициялық комитеттің мүшелері өздерінің ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол инвестициялық комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі және оның бір бөлігі болып табылады.
9. Қордың инвестициялық комитеті (инвестициялық комитеттері) қабылдаған инвестициялық шешімдерді Қордың атқарушы органы қабылданған шешімдерге қатаң сәйкестікте орындауға тиіс.
10. Инвестициялық комитет Қордың меншікті активтері және (немесе) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен, осы активтерді және (немесе) қаражатты мақсатсыз пайдалануды, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзуды көздейтін мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдаған кезде, уәкілетті орган мұндай шешімдерді қабылдауға дауыс берген адамды (адамдарды) инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттетуге құқылы.
Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол осындай хабарламаны алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей мұны инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан уәкілетті орган шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.
11. Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізілген кезден бастап аталған адам не адамдар инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган мұндай шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы оның құрамына сайлана алмайды.
12. Инвестициялық комитетті құру және оның жұмыс тәртібі, негізгі міндеттері мен құзыреті уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекітетін Қордың ішкі құжатында белгіленеді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III Заңымен (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Қор кепілдіктері
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап Қор:
1) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеу;
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен (толық немесе ішінара) құқыққа сыйымсыз бас тартқан не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
2. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына) мыналар жатады:
1) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімінде айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру) түрлерін қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрі;
2) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын, өмірді сақтандыру;
3) зейнетақы аннуитеттік сақтандыру;
4) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. Қор аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде:
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздігі мен уақтылылығын;
заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге не ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қордың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қор:
1) Қордың осы Заңда көзделген функцияларды іске асыруы;
2) кредиторлардың сақтандыру шарттарына қатысты оларға Қор кепілдіктерінің қолданысын тексеру мүмкіндігін беру мақсатында Қор кепілдіктерінің қолданылу аясына жататын сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізеді.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қордың негізгі міндеттері:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемдерін жүзеге асыруды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуді;
2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының бастапқы бір реттік, қосымша жарналарын тартуды;
4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған жағдайда уақытша әкімшіліктің құрамына қатысуды жүзеге асырады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды
3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды
4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы
1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алады.
2. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан қаржы жылы үшін алынған жиынтық инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан;
2) «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтеріне және зиянды өтеу резервіне қаржы жылы үшін енгізілген жиынтық жарналардың 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
4. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі мүмкін.
5. Қордың комиссиялық сыйақысын алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
4-тарау. Қорға қатысу тәртібі
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары
1. Өтініш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен қатысу шартын жасасуға мiндеттi.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;
2) есептік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үшін);
3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің көшірмесін не Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.