2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды
10-3) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10-4) Қордың директорлар кеңесі бекіткен Қордың мынадай мәселелер бойынша ішкі құжаттарын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі:
Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу;
«жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері жеткіліксіз болған кезде Қордың меншікті активтері есебінен осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру;
«жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің жеткіліксіз болуына байланысты осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған Қордың меншікті активтерінің орнын толтыру;
инвестициялық комитетті, консультативтік комитетті, олардың негізгі міндеттері мен құзыреттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10-5) Қордың есепке алу саясатын келіседі;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10-6) Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді;
11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, оны Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртібін айқындайды.
2. Уәкiлеттi органның мынадай:
1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру;
2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне Қорға тиесiлi барлық активтердiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомадағы активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қатысуы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қор мiндеттемелерiн Қордың меншікті капиталы мөлшерiнiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомаға ұлғайту;
4) Қордың өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
5) iрi мәмiлелердi және Қордың жасауға мүдделiлiгi бар мәмiлелердi жасасу мәселелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесiнiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырысына қатысып отырған уәкілетті органның өкілі осы баптың 2-тармағында айқындалған мәселелер бойынша Қор акционерлері жалпы жиналысының шешімдеріне вето құқығын пайдаланады.
3. Акционерлердiң жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесiнде қабылданатын шешiмдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органмен келiсуге жатады.
4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады:
1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері;
3) Қордың бас бухгалтері.
Қордың атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы баптың мақсаттары үшін Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат деп Қордың басшы қызметкері лауазымын атқару ниеті бар жеке тұлға немесе тәуелсіз директор болып табылатын, Қордың басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған адам түсініледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қордың басшы қызметкері лауазымын:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;
және (немесе) осы тармақшада санамаланған салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің болмауы мінсіз іскерлік бедел болып табылады;
4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
5) басшы лауазымға өзін келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Қор басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сай келуін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, дербес тексереді.
Қордың басшы қызметкерлеріне және басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының мақсаттары үшін басшы лауазым деп жоғарыда аталған тармақшада көрсетілген салаларда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың басқару органы басшысы мен мүшелерінің, атқарушы органы басшысы мен мүшелерінің, дербес құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесі басшысының, басшысы орынбасарының лауазымдары түсініледі.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Басшы қызметкер лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тиісті функцияларды сайланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы адамға қолданылмайды.
Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды Қор не басшы қызметкер лауазымына кандидат ұсынуы мүмкін.
Уәкілетті органның Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі басшы қызметкер лауазымына кандидат осы лауазымдарға қойылатын талаптарға сай келген жағдайда бір не бірнеше лауазымға берілуі мүмкін.
Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат ол аталған лауазымға сайланғанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін.
Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі сайланғаннан кейін келісілген кезде келісуге құжаттар уәкілетті органға сайланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, Қор осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Уәкілетті органның Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) Қорда басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісім алынған немесе одан босатылған (өкілеттігі тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындамау (сайламау);
2) уәкілетті органның Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы.
Басқару органы басшысының міндеттерін атқару басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқару атқарушы органның мүшесіне күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелеген жағдайларды қоспағанда, Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша жоқ адамды алмастыруына) тыйым салынады.
Уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды пайдаланған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган осы басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде тоқтата тұрады. Осы мерзім басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға уәжді пайымдау жобасы жіберілген күннен бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалана отырып, шешім қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
4. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тестілеудің теріс нәтижесі.
Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесінің дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
келісілген мерзім ішінде басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы немесе уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өз лауазымын уәкілетті органмен келіспей атқаратын, осы баптың 3-тармағының сегізінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;
5) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілені жасағаны үшін өздеріне қатысты уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері болып табылатыны туралы мәліметтердің болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері деп құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қор уәкілетті органды Қордың тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басшы қызметкерлердің құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, Қор уәкілетті органды осы ақпарат Қорға белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
6. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті органның осы Заңның 3-1-бабының 2-тармағында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) басшы қызметкерлердің осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алады.
4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады.
Қор:
1) уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
2) басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайларда басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған кезде басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
3-тарау. Қорды құру және оның қызметі
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен; 2007.07.05. № 244-III Заңымен (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап жаңа редакцияда
5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
Қор сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
2. Сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қордың акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де Қордың акционері бола алады.
Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Қордың акциялары тек қана ақшамен төленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционері акцияларының саны кемінде бір мың акцияны құрайды және Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Қор акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға бір дауыстан беру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес кепілдік берілуге жататын сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын филиалдары Қордың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алмай Қормен қатысу шартын жасасады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
1) Қордың тәуелсіз директорларының саны Қордың директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс;
2) Қордың директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның кемінде екі өкілі кіруге тиіс;
3) Қордың директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлар және уәкілетті органның өкілдері болып табылмайтын мүшелері Қор акционерлерінің арасынан сайлануға тиіс;