Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 сәуiрдегі № 616 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 475 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 289 Қаулысымен күші жойылды
Үкiметтiк сыртқы заемдар қаражатын, сондай-ақ республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын iске асыру және игеру барысын бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 616 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) кiрiспеде «мемлекеттік сыртқы заемдарды» деген сөздерден кейiн», сондай-ақ республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-тармақта:
«және» деген шылау үтiрмен ауыстырылсын және»№ 08» белгiсiмен және санымен толықтырылсын;
3) 3-тармақтың 1) тармақшасында:
екiншi абзацта «10-күнiне» деген сөздер «5-күнiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"№ 08 нысан бойынша ай сайын, есептен кейiнгi айдың 5-күнiне»;
4) көрсетiлген қаулыға № 02 нысанда:
2 және 3-бағандарда «Компоненттiң» деген сөз «Санаттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) көрсетiлген қаулыға № 03 нысанда:
»200____ ж. »___"_________ шоттағы қалдық:»деген жол мынадай
редакцияда жазылсын:
«200____ ж.»___"_________ арнайы шоттағы таза қалдық:»;
ескерту мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнайы шоттағы қалдық сыйақы есептелмей көрсетiлуi тиiс»;
6) көрсетiлген қаулыға № 06 нысанда:
«Қойылған мiндеттерге жету» деген жол мынадай редакцияда жазылсын «Қойылған мақсаттарға жету*";
«Жобаны iске асырудың жай-күйi» деген жол мынадай редакцияда жазылсын «Жобаны iске асырудың жай-күйi*";
«Жобаны iске асыру барысында пайда болған проблемалар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын «Жобаны iске асыру барысында пайда болған проблемалар***";
ескерту мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
*Есептi кезеңде қол жеткiзiлген жобаның мақсаты дәл көрсетілсiн.
**Есептi кезеңде жобаны iске асыру шеңберiнде өткiзiлген iс-шаралар, яғни қандай тендерлер өткізілгенi, кіммен және қандай сомаға келісім-шарттар жасалғаны егжей-тегжейлi жазылсын.
***Есептi кезеңде жобаны табысты iске асыруға терiс әсер еткен неғұрлым елеулi проблемалар көрсетiлсiн.
7) осы қаулыға қосымшаға сәйкес № 08 нысанымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 22 мамырдағы № 475 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 21 сәуірдегі
№ 616 қаулысымен
бекітілген
№ 08 нысан
─────────────────────────────────────────────────
(жобаның атауы)
жоба бойынша республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру
қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат
Функ.топ Донор
Мекеме Заемның нөмірі
Бағдарлама
Кіші бағдарлама
200 жылғы»___"_______ жағдай бойынша
─┬────────┬────────┬────────────┬──────────┬────────┬──────────────
N│Санаттың│Санаттың│Тауарларды, │ Келісім- │Келісім-│АҚШ долларында
│ атауы │ сомасы │ қызмет │ шарттың │ шартқа │жұмсалған
│ │ │көрсетулерді│ сомасы │ қол │қаражат
│ │ │(жұмыстарды)│(келісім- │қойылған│
│ │ │беруші фирма│ шарт │ күн │
│ │ │ │ валютада │ │
─┴────────┴────────┴────────────┴──────────┴────────┴──────────────
1 2 3 4 5 6 7
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
Жиынтығы
───────────────────────────────────────────────────────────────────
таблицаның жалғасы
───────────────────────────────────────────────────────────────────
Республикалық бюджетте көрсетілетін шығыстар
────────────┬─────────────────────────────┬────────────────────────
Ерекшелігі │ Кассалық шығыстар │ Кассалық шығыстар
│ (мың АҚШ доллары) │ (мың теңге)
├─────────────────┬───────────┼────────────────────────
│есепті кезең үшін│ жыл басы. │есепті кезең! жыл басы.
│ │нан бергі │ үшін !нан бергі
────────────┴─────────────────┴───────────┴────────────────────────
8 9 10 11 12
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
Ескерту: 1. Ескепке Қазақстан Республикасының инвестициялық
жобаның іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы
органның немесе өзге де мемлекеттік органының
басшысы немесе оның орынбасарлары қол қоюы
2. 7-бағанда заем әрекеті басталғаннан бергі жұмсалған
сома көрсетіледі.