Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысына өзгер iстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 16 мамырдағы № 455 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Сауда өкiлдiгiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 42, 416-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсін:
тақырыбындағы және 1, 2-тармақтардағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген редакцияда жазылсын және 3-тармақтағы «Үкiметі» деген сөз алынып тасталсын;
3-тармақтағы «3» деген сан «8» деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшінe енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |