Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 қарашадағы № 1222 Қаулысы
(2011.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 16.05.03 ж. № 455 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және 1992 жылғы 22 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерін өзара құру туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 16.05.03 ж. № 455 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мәскеу қаласында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі құрылсын.
ҚР Үкіметінің 16.05.03 ж. № 455 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылсын.
ҚР Үкіметінің 16.05.03 ж. № 455 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.26.07. № 858 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің штат саны 12 бірлік санында бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |