Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 922 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың созылмалы аурулары бойынша эпизоотологиялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінде:
бесінші абзацтағы «күйіс қайыратын ұсақ малдардың обасы» деген сөздерден кейін «, бруцеллез» деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |