7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйесiн қазiргi заманғы
деңгейде техникалық жарақтандыру, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың
іс-қағаздары үлгiлерiн қалыптастыру жөніндегі процестi оңтайландыру,
азаматтарға берiлетiн барлық әлеуметтiк төлемдер бойынша есепке алу және
жүйелеу жөніндегі тиiмдi ақпараттық-төлем жүйесiн құру, Қазақстан
Республикасы халқын теңестiрудің бірыңғай жүйесiн енгізудi аяқтау,
мiндеттi аударымдар есебiн бірегейлендiрудi жүргiзу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
219-қосымша
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 150о қаулысымен 219-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгі
_______________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлігін есептеу және ұйымдастыру
техникасымен қамтамасыз ету"
602 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 66 300 мың теңге (алпыс алты миллион үш жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметінің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы 2001 жылғы 20 шілдедегi № 983 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялардың тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігін қазiргi заманғы есептеу және ұйымдық техникамен техникалық жарақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- маның (кіші бағдарла- маның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлігі органдарын
қазiргi деңгейдегi компьютерлiк техникамен жарақтандыру.