Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 11 қарашадағы № 150о қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулыға 199-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-бағанның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңалтумен 1984 мүгедек пен ардагердi қамту жоспарланып отыр";
көрсетiлген қаулыға 202-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-бағанның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Есту қабiлетi бойынша мүгедектерге есту-протездеу көмегiн көрсетудiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 1 анализатор сатып алу. Сурдоқұралдарымен қамтамасыз етiлетiн мүгедектердiң орташа жылдық саны 5747 адам, оның iшiнде 940 адам - мүгедек балалар";
көрсетiлген қаулыға 219-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Саны 215 дана компьютер; 100 дана принтер; 16 дана ксерокс; 16 дана факс; 1 дана сервер сатып алу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |