Тарих пен мәдениет объектiлерiне қатысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 379 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысымен күші жойылды
Жекелеген тарих пен мәдениет объектiлерiнiң тарихи-мәдени құндылықтарының жойылуына байланысты және Алматы, Қарағанды қалаларының және Павлодар облысы әкiмшiлiктерiнiң өтiнiштерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақ CCP-iнiң республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi туралы" Қазақ CCP-i Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38 (Қазақ ССР-інің ҚЖ-ы, 1982 ж., № 5, 23-бап) қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттік тiзiмiнде:
"Қарағанды облысы" деген бөлiмiнде:
"В.И. Ленин ескерткiшi, Қарағанды қаласы, өнер
1925 ж., мүсiншiлер Октябрьдiң
Ю.В.Гуммель, 50-жылдығы
Н.Л. Лавинский, алаңы
сәулетшiлер С.И. Мордвинцев,
И.Н.Былинкин, Э.И.Ефанов "
деген жол алынып тасталсын.
2. Қосымшаға сәйкес Алматы қаласы және Павлодар облысы әкімдерінің жергiлiктi маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнен жекелеген тарих пен мәдениет ескерткiштерiн шығарып тастау туралы ұсыныстарына келісім берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 21 сәуірдегі
№ 379 қаулысына
қосымша
Жергіліктi маңызы бар ескерткiштер тiзiмiнен шығарылуға тиiстi,
тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесi
Атауы | Мекен-жайы | Ескерткiш тиесілiгi |
"Ливадия" қонақ үйi" | Павлодар қаласы Ленин көшесi, 136 | сәулет |
"16 пәтерлiк тұрғын үй" | Павлодар қаласы Естай көшесi 38 | сәулет |
"Қазақстан" қонақ үйi" | Павлодар қаласы Дзержинский көшеci, 71 | сәулет |
"24 пәтерлi тұрғын үй" | Павлодар қаласы Дзержинский көшесi 73 | сәулет |
"Ертіс" тұтыну қоғамы" | Павлодар қаласы Дзержинский көшесі, 83 | сәулет |
"Бұрынғы коммуна мектебi" | Павлодар қаласы К.Маркс көшесі, 202 | сәулет |
"Фурор" электротеатры" | Павлодар қаласы Луначарский, 10 | сәулет |
"5 қабатты құрылыс кварталы" | Павлодар қаласы 1 Май, Торайғыров, Короленко, Крупская көшелері | сәулет |
"В.И.Ленин ескерткiшi" | Павлодар қаласы Ленин алаңы | өнер монументі |
"Алғашқы тың игерушілердiң темір жол вокзалына келген орны" | Павлодар қаласы Теміржол вокзалы | тарих ескерткіші |
"Тұғырдағы ЗИС-5 еңбек даңқы ескерткішi" | Павлодар қаласы 2565-а/к | тарих ескерткіші |
"Тұғырдағы МАЗ-205 еңбек даңқы ескерткiшi" | Павлодар қаласы 2-а/к | тарих ескерткіші |
"Тұғырдағы ЗИЛ-130 еңбек даңқы ескерткіші" | Павлодар қаласы 2564-а/к | тарих ескерткіші |
"Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы,75 ғимараты" | Алматы қаласы Абылай хан, 75 | сәулет |