2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істер жөніндегі
агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 635, 636, 637, 638, 639-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң;
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 635 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
iстерi жөніндегі агенттігі
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар"
001 республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 82 392 мың теңге (сексен екi миллион үш жүз тоқсан екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30 бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтамасыз ететiн органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Штаттық сан лимиттерiн бекіту туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысы.
3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi орталық аппаратына және аумақтық бөлiмшелерге жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуы үшiн олардың қызметтерiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi орталық аппаратын және аумақтық бөлiмшелерiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
N | Бағдар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі шаралар жоспары | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Әкiмшiлiк жыл Қазақстан шығындар ішінде Республика- сының Мемлекеттік істер жөніндегі агенттiгi 001 Орталық Қазақстан Республикасы органдар Мемлекеттік қызмет аппарат- iстерi жөніндегі тары агенттiгiнiң орталық аппаратты 44 бiрлiк мөлшеріндегі штаттық лимит санын бекітілген шегiнде ұстау 002 Аумақтық Қазақстан Республикасы органдар Мемлекеттік қызмет аппарат- iстерi жөніндегі тары агенттiгiнiң аумақтық органдарын штаттық лимит санын бекітуi- мен 120 бiрлiк мөлшеріндегі штаттық құрам шегiнде ұстау |
7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiне
жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 636 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
iстерi жөніндегі агенттігі
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Кадрлар біліктiлiгiн
арттыру және қайта даярлау"
010 республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41 395 мың теңге (қырық бiр миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3 , 5-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды жетiлдiру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметте болу тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2002 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясының мәселелерi" 1998 жылғы 12 қарашадағы № 4142 нұсқауы, "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы.
3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасын жоғары біліктi мемлекеттік қызметшiлер кадрларымен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет кадрларының кәсiби деңгейiн арттыру және мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тұрақты негiзде аумақтық органдардың аппараттарын қоса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейi мен білiктілiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердi қазiргi заманның талаптарына сәйкес даярлау және білiктілігiн арттыру, мемлекеттік қызмет пен кадр саясаты, мемлекеттік және жергiлiктi басқару саласында ғылыми зерттеулер жүргiзу республика оқу орындарының және аймақтық орталықтардың мемлекеттік қызмет үшiн мамандар даярлауды, қайта даярлауды және мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын салаларындағы iс қызметтерiн үйлестiру және әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
N | Бағдар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі шаралар жоспары | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Кадрлар- Қазақстан Республика- бір Қазақстан дың сы Мемлекеттік қызмет жыл Республика- бiлікті- істері жөніндегі ішінде сының лігiн агенттігінің қызмет- Мемлекеттік арттыру керлерінің білікті- қызмет және лігін жоғарылату істері қайта бойынша қызмет көрсе- жөніндегі даярлау- туін алу, біліктілік- агенттігі тілікті жоғарылатуына 005 Мемлекет- бекітілген жоспары тік бойынша, соның ішінде қызметшi- мемлекеттік тілді лердiң оқыту- Тыңдаушылар біліктi- саны - 124- лiгiн арттыру 030 Қазақстан Қазақстан Республика- Республика- сының сының Президенті Президенті жанындағы жанындағы Мемлекет- мемлекеттік тік қызмет қызмет академиясы академиясы жыл Қазақстан ішінде Республика- сының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi- |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет қызметшiлерiнiң біліктiлiгiн
арттыру, оқыту және біліктiлiк арттыру жүйесiн жетiлдiру нәтижесiнде
мемлекеттік аппарат жұмысының тиiмдiлiгi, мемлекеттік қызметшiлердiң
біліктiлiгi артады. Шаралар мемлекеттік органдардың нақтылы қажеттiлiгiне
және лауазымдардың әртүрлi санаттарының біліктiлiк талаптарына сәйкес
оқытуды жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі
агенттiктiң қызметкерлерiнiң, аумақтық қызметкерлерiн қоса біліктiлiгiн
жоғарылату жоспарын орындап, тиiстi сертификаттарын беру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 637 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
iстерi жөніндегі агенттігі
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Республиканың мемлекеттік қызмет
кадрлаpын ақпараттандыру және тестiлеу жүйесінің жұмыс iстеуi"
031 республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14 648 мың теңге (он төрт миллион алты жүз қырық сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30 бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстері жөніндегі агенттігі Ақпараттар және тестiлеу орталығының мемлекеттік мекемелер мәселесi" 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 50 қаулысы.
3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтік қызметшілерінің автоматтандырылған ақпараттық деректер базасын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесiн құру, мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі мемлекеттік органдардың және орталық органдар кадр қызметтерінің жүйесiн техникалық жарақтандыру мемлекеттік қызметшiлер жөніндегі деректер базасын ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық толықтыру мен өңдеу. Агенттiктiң Веб-сайтындағы бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға тең қатысу үшін азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасу шаралары жайында ақпараттауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
N | Бағдар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі шаралар жоспары | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 031 Республика Мемлекет- тiк қызметi- нiң кадрларын ақпарат- тандыру және тестiлеу жүйесiнің жұмыс iстеуi 030 Мемлекет- Бекiтiлген штаттық жыл Қазақстан тiк құрамның 8 бiрлiк ішінде Республика- қызметшi- мөлшерiнде орталық сының лердi аппаратты қамтамасыз Мемлекеттік ақпарат- ету қызмет тандыру істері және жөніндегі тестiлеу агенттігі орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң
іс-қызметін ақпараттық және техникалық қолдау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 638 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
iстерi жөніндегі агенттігі
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Кадрларды басқарудың
ақпараттық мемлекеттік жүйесiн жүргiзу"
500 республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10 500 мың теңге (он миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының iске асырылуы және одан әргi шаралары туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызмет кадрларының, кадрлар резервiнiң, кадрларды даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламасының мониторингi, мемлекеттік қызметке конкурстық қабылдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі базаны тұрақты жаңартып отыру, пайдаланушыларды оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
N | Бағдар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі шаралар жоспары | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 500 Кадрларды Трафиканы төлеу; жыл Қазақстан басқарудың Қазақстан Республика- ішінде Республика- ақпараттық сы Мемлекеттік сының мемлекет- қызмет Iстерi Мемлекеттік тік жөніндегі агенттiгi- қызмет жүйесін нің 17 аймақтық істері жүргізу басқармасында мемле- жөніндегі кеттiк қызмет агенттігі персоналы жөніндегі деректер базасын тұрақты толықтыру және жаңарту бойынша бағдарламалық қызмет көрсету үшiн маман- дарға ақы төлеу; Кадрларды басқарудағы ақпараттық жүйеден жинақталған ақпарат- тық веб-сайтты үш тілдe әзiрлеп, әкiмшiлiк ету- |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Барлық
мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет персоналы деректер базасына қол
жеткiзуiн қамтамасыз ету, бар кадрларды оңтайландырып пайдалануға, кадрлар
резервiне жұмыс ұйымдастырып, әрi кадрлар қозғалысына мақсаткерлiк
мүмкiндiгiн бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 639 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
iстерi жөніндегі агенттігі
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Кадрларды басқарудың
ақпараттық мемлекеттік жүйесiн дамыту"
600 республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3 500 мың теңге (үш миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының iске асырылуы және одан әргi шаралары туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кадрлардың есебiн жүргiзу мен мониторингiнiң қолданылып жүрген қағазбен тасуға негiзделген жүйесiн кадрлар мониторингiн автоматтандырылған жүйемен алмастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызмет персоналы, соның iшiнде кадрлар резервi жөніндегі республикалық деректер базасын жасау, бiрыңғай нормативтiк-анықтамалық жүйе құру, кадрлар жағдайының мониторингi.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
N | Бағдар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі шаралар жоспары | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 600 Кадрларды Кадрларды басқарудың жыл Қазақстан басқару- Кадрларды басқару- iшiнде Республика- дың дағы ақпарат жүйесiн сының ақпарат- қамтамасыз ететiн Мемлекеттік тық инсталляциясын қызмет мемлекет- серверлердi және iстерi тiк ақпарат жұмысының жөнiндегі жүйесiн байланыс саласымен агенттігі дамыту жұмыс орындау; Сервердi сатып алу (1 дана) |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Барлық
мемлекеттік қызметшiлер кадрлары туралы ақпараттарды жедел және тиiмдi
пайдалану, кадрлар резервiмен жұмыс ұйымдастырып, кадрлар қозғалысына
мақсаткерлiк тұрпат беру, кадрлар жай-күйiнiң мониторингi, мемлекеттік
қызметшiлер бойынша республикалық деректер базасының дамуы және жұмыс
iстеуi.