2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі
агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 624, 625, 626, 627, 628, 629-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 624-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 624-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар"
001 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 67032 (алпыс жетi миллион отыз екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 21-25-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылатын органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Штат саны лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi мәселелерi" жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi № 1020 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының және оның аумақтық органдарының аппараттарын ұстау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: өздерiне жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппаратының және аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламалар- ды) іске асыру жө- ніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
001 Әкімшілік шығындар 1 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан органның касының Көшi-қон және бойы Республика- аппараты демография жөнiндегі сының Көші- агенттігі орталық қон және аппаратын 24 бiрлiк демография құрамында бекітілген жөніндегі штат саны шегiнде агенттігі ұстау- 2 002 Аумақтық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан органдардың касының Көшi-қон және бойы Республика- аппараттары демография жөнiндегі сының Көші- агенттігінің аумақтық қон және бөлімшелерін 120 демография бірлік құрамында жөніндегі бекітілген штат саны агенттігі шегiнде ұстау- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгiне және оның
аумақтық бөлiмшелерiне жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақтылы
орындалуы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 625-қосымша
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру
және оларды қайта даярлау" 010 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 490 мың теңге (төрт жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының; "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi мәселелерi" жөніндегі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi № 1020 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік біліктілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өздерінің лауазымдық міндеттерi тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiктерiн жетiлдiру үшiн қойылып отырған біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдердi, iскерлiктi және дағдыны жаңғырту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламалар- ды) іске асыру жө- ніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
010 Кадрлардың Білiктiлiктi артты- Жыл Қазақстан біліктілігін рудың бекітілген бойы Республика- арттыру және жоспарына сәйкес сының Көші- оларды қайта мемлекеттік қызмет- қон және даярлау- шiлердiң біліктiлігін демография арттыру жөнiндегі жөніндегі 005 Мемлекеттік қызметтердi сатып агенттігі қызметшiлер- алу, соның iшiнде дiң біліктi- мемлекеттік тілді лiгiн арт- оқыту- Біліктілікті тыру арттыру курсынан өтетiн мемлекеттік қызметшiлердi орташа жылдық саны 35- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Мемлекеттік қызметшiлердiң қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға және
мемлекетіміздің ресурстық мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіптік мемлекеттік
қызмет талаптарына сай келетiн сапалық оқытудың оңтайлы жүйесiн
қалыптастыру және дамыту жолымен кәсіптік деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 626-қосымша
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру
мен әлеуметтiк қорғау" 030 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 793789 (жетi жүз тоқсан үш миллион жетi жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; "Репатрианттар (оралмандар) үшін республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалын жақсарту және халқының санын өсiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: оралмандарды қоныстандыруды ұйымдастыру және әлеуметтік қорғау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламалар- ды) іске асыру жө- ніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
030 Оралмандарды тарихи отанына қо- ныстандыру және әлеу- меттiк қорғау 1 030 Қоныс аудару Көшiп келу квотасы Сәуір- Қазақстан iс-шаралары бойынша шет мемле- желтоқ- Республика- кеттерден оралман- сан сының Көші- дарды ұйымдастырыл- қон және ған түрде көшiру- демография Иран Ислам Респуб- жөніндегі ликасы - 2 рейс, агенттігі Пәкістан Ислам мемлекетi (Ауғанстан) - 8 рейс, Монғолия - 5 рейс, Түрiк Рес- публикасы - 4 рейс- Жақын шет елдерден Сәуір- және Қытайдан өз желтоқ- бетiнше қоныс аудару сан 2 031 Оралмандарды Бейiмделу кезеңiнде Жыл Қазақстан бейiмдеу келген оралмандардың бойы Республика- орталығы 5000 отбасын орналас- сының Көшi- тыру қон және демография жөніндегі агенттiгi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2003 жылы
келетін оралмандар отбасылары - 5000, соның iшiнде ұйымдастырылған түрде
келетіндер - 205; өз бетінше келетіндер - 4795; ұйымдастырылған түрде
қоныс аудару жөніндегі көлiк шығыстарының орнын толтыру және өз бетінше
келгендердiң көлiк шығыстары жөніндегі өтем; 2003 жылы көшiп келу квотасы
бойынша келгендeргe бiржолғы жәрдемақы төлеудi қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 627-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 627-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Оралмандардың және Түркiстан ауылынан қоныс
аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасылары үшiн тұрғын
үйлер сатып алуға, салуға, оларды қайта жаңартуға және күрделi жөндеуге
облыстардың бюджеттерiне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне
мақсатты трансферттер" 400 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2614221 мың теңге (екi миллиард алты жүз он төрт миллион екi жүз жиырма бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-бабы; "Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) үшiн республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы ереженi бекіту" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысы; "Оралмандардың отбасылары үшiн тұрғын үй сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы № 605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы бойынша өзiнiң тарихи отанына қайтып оралған оралмандарды жайластыру (тұрғын үймен қамтамасыз ету) (тұрғын үймен қамтамасыз ету)" деген сөздерден кейiн ", оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген 246 оралман отбасын және Түркiстан ауылынан қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына, оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген 246 оралман отбасына және Түркiстан ауылынан қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 отбасына тұрғын үй сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:*
N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламалар- ды) іске асыру жө- ніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
400 Оралмандардың Қазақстан Республи- Сәуір Қазақстан отбасыларына касы ?кіметінің -жел- Республика- және Түркiстан шешiмiне сәйкес тоқ- сының Көші- ауылынан қоныс оралмандардың 2003 сан қон және аударған жылға арналған демография Қазақстан көшiп келу квотасы жөніндегі Республикасы бойынша келген агенттігі азаматтарына 5000 оралман облыстардың, тұрғын үй отбасына, Астана және сатып алуға, оралмандардың 2002 - Алматы салуға, жылға арналған қалаларының оларды қайта көшiп келу әкiмдiктерi жаңартуға квотасына және күрделi енгiзiлген 246 жөндеуге оралман отбасына облыстардың және Түркiстан бюджеттерiне, ауылынан қоныс Астана және аударған Қазақстан Алматы Республикасы қалаларының азаматтарының 8 бюджеттерiне отбасына тұрғын үй мақсатты сатып алуға трансферттер; облыстардың бюджеттеріне, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен трансферттер бөлудi қамтамасыз ету. Олардың iшiнде: Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша - 122 отбасына, оның iшінде: Түркiстан ауылынан қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 отбасына; Қостанай облысы бойынша - 111 отбасына, Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша - 18 отбасына, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 3 отбасына. |
7.
Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы бойынша келген
5000 оралман отбасын, оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу
квотасына енгiзiлген 246 оралман отбасын және Түркiстан ауылынан қоныс
аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының 8 отбасын тұрғын үймен
қамтамасыз eту.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 628-қосымша
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасының Көшi-қон
және демография жөніндегі агенттiгiне ақпараттық-есептеу
қызметiн көрсету" 500 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5 000 000 (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгінің ақпараттық-есептеу жүйесiне қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттігінің корпоративтiк желiлерiн қайта жаңғырту және кеңейту, оралмандар жөнінде деректер банкiн дамыту, электрондық құжат айналымы жүйесiне қызмет көрсету, жергiлiктi есептеу желiлерiн ұлғайту, Интернетке Агенттiктің ресми сайтын орналастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламалар- ды) іске асыру жө- ніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 500 Қазақстан 16 пайдаланушы үшiн жыл Қазақстан Республика- Интернетке қол жет- бойы Республика- сының Көшi- кiзу бөлiнген байла- сының Көші- қон және ныс арнасын жалдау, қон және демография Агенттiктiң ақпарат- демография жөніндегі тық ресурстарына жөніндегі агенттiгiне алыстатылған қол агенттігі ақпараттық- жеткiзудi қолдау, есептеу Агенттiктiң корпора- қызметiн тивтiк желiсiн қайта көрсету жаңғырту, оралмандар жөніндегi деректер банкiн дамыту, электрондық құжат айналымы жүйесiне қызмет көрсету, 10 пайдаланушыны жер- гiлiктi есептеу желiсiне қосу, Интернетке Агенттiк- тiң ресми сайтын орналастыру- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Агенттiктiң өз органдарымен деректер алмасуы үшiн ақпараттық жүйенi
сапалық тұрғыда жақсарту.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 629-қосымша
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөніндегi агенттiгі
_______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Көшi-қон
және демография жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн
құру" 600 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 000 000 (төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Орталық офистi (Агенттiктің) бөлiнген линиялар бойынша және аумақтық органдарды деректер алмасу үшiн коммутаторлық қосу бойынша Интернет желiсiне қосу жолымен бiртұтас ақпараттық жүйе құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Электрондық поштаның бiртұтас корпоративтiк жүйесiнің көмегімен оралмандар жөніндегі деректер базасын дамыту, қосымша лицензиялар алу жолымен электрондық құжат айналымы жүйесiн енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламалар- ды) іске асыру жө- ніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 600 Қазақстан Саны 15 клиенттiк Жыл Қазақстан Республикасы және 1 серверлiк бойына Республика- Көшi-қон лицензияның лицензия- сының Көші- және лық бағдарламалық қон және демография пакеттерiн алу, демография жөніндегі "Оралман" деректер жөніндегі агенттiгiнiң банкi бойынша агенттігі ақпараттық бағдарламалық қамта- жүйесiн құру масыз ету инсталляция- сы, электрондық құжат айналымы жүйесi бойынша қамтамасыз етуге ие болу- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
- бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi және аумақтық органдармен коммуникациялық байланысты құру;
- факстiк хабарламалар беруден, телефонмен артық сөйлесуден арылу;
- берiлетiн деректердiң қорғалуы мен сақталуы;
- Агенттiк жұмысының еңбек өнiмдiлiгiн айтарлықтай арттыру;
- жұмыс уақытының ысырабын азайту;
- берілетiн деректерде қателер кету ықтималдығын жою.