6) үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшiлердi даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жүйесiн құру;
7) үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргiзу;
8) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру мынадай басым бағыттар бойынша:
1) ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар;
2) өңiрлерде азаматтық бастамаларды дамыту;
3) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөніндегі органдар құру;
4) үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету;
5) үкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау;
6) үкiметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау;
7) үкiметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру жөніндегі iс-қимылдардың жүйелiлiгi мен кезеңдiлiгiн көздейдi.
Бағдарлама үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды iске асырудың, мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың одан әрi ынтымақтастығының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.
5.1. Ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар
?кіметтiк емес ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ететiн тиiстi нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру мен жетiлдiру үкiметтiк емес секторға пәрмендi мемлекеттік қолдау көрсетудiң аса маңызды шарты болып табылады.
"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу жоспарлануда.
Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс - келісім-шарттар (шарттар) жасасу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiлген, республикалық және өңiрлiк деңгейлердегi басым мақсатты әлеуметтiк бағдарламаларды iске асырудың экономикалық-құқықтық нысаны. Тапсырыс берушi мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыстар орналастыруды жариялы ашық конкурстар (тендерлер) өткізу негiзiнде қамтамасыз ететiн болады.
"Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс туралы" Заң мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылының құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де мәселелерi кешенiн, қоғамның әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешуге олардың қатысуын анықтайды. Заң мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк маңызды жобаларды шешуге үкiметтiк емес ұйымдардың кеңiнен қатысуы үшiн құқықтық негiздi қамтамасыз етедi, халыққа ұсынылатын әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен көлемiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына орталық атқарушы органдардың пилоттық тендерлер (конкурстар) өткізуi жоспарлануда. Тендерлердiң (конкурстар) жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына тендер (конкурс) өткізудiң ережесін әзiрлеу көзделген.
?кіметтiк емес ұйымдардың мәртебесi мен қызметiне байланысты ұғымдарға қатысты заңнаманың терминологиялық үйлестiгi маңызды.
Қазақстан Республикасының Yкіметіне үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу көзделуде.
?кіметтiк емес сектор проблемаларын, оның даму үрдiстерiн мемлекеттік органдармен iс-қимылын анықтау мақсатында үкiметтiк емес ұйымдар проблемалары бойынша социологиялық зерттеулер, Бағдарламаның орындалу барысына мониторинг жүргiзiлетiн болады.
5.2. Өңiрлерде азаматтық бастаманы дамыту
Өңiрлерде, әсiресе ауылдық жерлерде, үкiметтiк емес секторды дамыту, жергiлiктi билiк органдарының әлеуметтiк проблемаларды шешуге үкiметтiк емес ұйымдарды тартуы әлеуметтiк шиеленiстi түсiредi, халықтың өзiне өзi көмек көрсетуi мен өзiн өзi жұмыспен қамтуын ұйымдастыруда азаматтық бастамалардың өсуiне, әлеуметтiк қызмет көрсету сапасы мен көлемiнiң артуына ықпал ететiн болады.
?кіметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру және өткізу арқылы жергiлiктi үкiметтiк емес ұйымдарды аймақтық әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешуге тарту көзделуде.
Жергiлiктi атқарушы билiк органдарының үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесе отырып өңiрлерде дамытудың өзектi проблемалары бойынша оқыту семинарларын, тренингтерiн, "дөңгелек үстелдерiн" өткізуi ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды көтермелеуге жәрдемдесетiн болады.
Қайырымдылық, ерiктiлiк, мәдени-көпшiлiк және өзге де акцияларды бiрлесiп өткізу ауыл халқы әлеуметтiк белсендiлiгi артуының маңызды шарты болып табылады.
Халықтың неғұрлым әлсiз жiктерiн қолдау, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтiк бағдарламаларды тиiмдi әрi сапалы iске асыру үшiн коммерциялық сектор әлеуетiн барынша толық пайдалану есебiнен жеке көздерден қайырымдылық саласына түсетiн ресурстар көлемiн елеулi түрде ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасау қажет.
Мемлекеттік билiк органдары жеке тұлғалардың үкiметтiк емес ұйымдар қызметi шеңберiнде iске асырылатын әлеуметтiк маңызы бар қызмет ретiнде өтеусiз еріктi қызметiн дамытуға жәрдем көрсетуi тиiс.
Ерiктiлер көмегi мынадай: халыққа қызмет көрсету түрiнде көмек көрсету, қоғамдық пайдалы еңбектi жүзеге асыру, қайырымдылық бағдарламаларын iске асыруға қатысу нысандарында жүзеге асырылады.
Өңiрлiк деңгейде азаматтық бастамаларды дамыту проблемаларының табысты шешiлуi әлеуметтiк саладағы үкiметтiк емес ұйымдардың тиiмдi қызметi үшiн жағдайлар жасайды.
5.3. ?кіметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жөніндегі
органдар құру
Жергiлiктi атқарушы билiк органдары жанындағы консультативтiк-кеңесшi мәртебесi бар кеңестер мемлекеттік билiк органдарының үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылының оңтайлы жолдарын iздеуге жәрдемдесетiн болады. Кеңестер қызметiнiң негiзгi бағыттары: мемлекеттік және үкiметтiк емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту, оларға жүйелiлiк сипат беру; бiрлескен iс-қимылды үйлестiру және оларды үйлестiрудiң нақты тетiктерiн әзiрлеу; әлеуметтiк және экономикалық мәселелерді шешуге, қазақстандық мемлекеттiлiктi нығайтуға, қоғамдық процестердi демократияландыруға бағытталған бiрлескен iс-шаралардың кешендi бағдарламасын әзiрлеу; өзара қолайлы шешiмдердi iздеудегi қоғамдық дамудың өзектi проблемаларын бiрлесiп талқылау.
Кеңестер қызметiне бiрыңғай талаптарды әзiрлеу мақсатында жергiлiктi билiк органдарына ұсынылатын атқарушы билiк органдары жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөніндегі консультативтiк кеңестер туралы үлгi ереже жасалатын болады.
?кіметтiк емес ұйымдарды әлеуметтiк маңызы бар заң жобаларын және орталық мемлекеттік органдар бағдарламалық құжаттарын әзiрлеу процесiне кеңiнен тарту Бағдарламаны iске асырудың маңызды тетiгi болып табылады.
5.4. ?кіметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету
?кіметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қолдау бұқаралық ақпарат құралдарында үкiметтiк емес сектордың әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешудегi жұмыс тәжiрибесiн, оның мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңiнен жария етудi көздейдi. ?кіметтiк емес ұйымдар қызметi туралы мамандандырылған айдарлар, тақырыптық радио және теле хабарларын жасау, қоғамда үкiметтiк емес сектордың жағымды бейнесiн қалыптастыруға жәрдемдесуге тиiс.
?кіметтiк емес ұйымдардың проблемаларын, әлеуметтiк маңызы бар қызметтiң даму практикасын, қоғамдық-азаматтық бастамаларды мемлекеттік ақпарат саясатын жүргiзуге мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру көзделген.
Ақпараттық қолдау шеңберiнде, сондай-ақ әлеуметтiк жарнамалар рыногын дамыту үшiн құқықтық және қаржылық жағдайлар қалыптастыру қажет.
5.5. ?кіметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау
?кіметтiк емес ұйымдарды консультативтiк қолдау үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн түсiндiрудi; оларға үкiметтiк емес сектормен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдiк грант берушiлердiң жұмыс әдiстерi, бағыттары туралы ақпарат, елдегi үкiметтiк емес ұйымдар туралы деректер мен өзге де ақпарат берудi көздейдi.
Қазақстан Республикасы үкiметтiк емес ұйымдарының деректер банкiн жасау көзделген.
?кіметтiк емес секторды одан әрi жандандыру мен топтастыру мақсатында "Қазақстандық үкiметтiк емес ұйымдар 21 ғасырда: қалыптасу проблемалары, даму перспективалары" халықаралық форумы өткiзiлетiн болады, онда Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдарының даму үрдiстерi мен перспективалары талқыланатын болады, кең көлемде тәжiрибе алмасу өтедi, мемлекеттік органдармен тиiмдi ынтымақтастықтың жолдары қаралады.
Әдiстемелiк қолдау үкiметтiк емес сектор қызметiне жүргiзiлетiн мониторинг пен зерттеулер, оның мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы проблемаларын талдау негiзiнде үкiметтiк емес ұйымдар үшiн әдістемелік ұсынымдар, материалдар, анықтамалықтар, оқу құралдарын жасауды көздейдi.
5.6. ?кіметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау
Ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың маңызды бағыты практикалық сипаттағы iс-шаралар: "дөңгелек үстелдер", семинарлар, конференциялар, тренингтер, үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесiп өзге де акциялар өткізу, сондай-ақ iс-шараларды өткізуге техникалық көмек көрсету (үй-жайларды, техникалық құралдарды беру, мүдделi органдарды, адамдарды шақыру және т.б.) болып табылады.
?кіметтiк емес секторды дамытудың өзектi проблемалары бойынша "дөңгелек үстелдердi" жүйелi негiзде ұйымдастыру мен өткізу үкiметтiк емес ұйымдардың даму процесінiң, олардың мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылын көтермелеу мен кедергiлерiн анықтауға жәрдемдесетiн болады.
"YЕҰ ақпарат-орталығы" үкiметтiк емес ұйымдарға қолдау көрсету республикалық орталығы мен орталықтың өңiрлiк өкiлдiгiн байланыстыратын бiрыңғай жүйе құру, бағдарламалық жабдықтар орнату жұмысты тиянақты үйлестiруге, мемлекеттік органдар мен үкіметтiк емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту жөніндегі қызметтi жоспарлы түрде жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа кеңiнен қол жеткізуiн қамтамасыз ету, үкiметтiк емес ұйымдарды экологиялық проблемаларды шешуге тарту, қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру қажет.
5.7. ?кіметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша
мемлекеттік қызметшiлердi дайындау және олардың біліктiлiгiн арттыру
Осы бағыт үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жүйелерiн жетiлдiрудiң әртүрлi мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшiлер үшiн жүйелi семинарлар, оқыту тренингтерiн ұйымдастыруды және өткізудi көздейдi.
?кіметтiк емес секторды дамыту саласындағы тәжiрибе, әдiстемелiк және теориялық әзiрленiмдер Қазақстанда әзiрше жеткiлiксiз болғандықтан, бағдарламаны iске асыру жөнiндегі жұмыс көбiнесе инновациялық сипатта болады. Осыған байланысты Бағдарлама бойынша iс-шараларды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiн даярлауға және олардың біліктiлiгiн арттыруға едәуiр көңiл бөлу қажет.
Аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi үшiн біліктiлiктi арттыру семинарларын өткiзiп, бөлiмшелер мен әртүрлi деңгейлер арасында тәжiрибе алмасу жүйесiн жолға қойып, қызметкерлердiң халықаралық және ұлттық оқыту iс-шараларына қатысуына жәрдемдескен жөн.
Халықаралық ұйымдармен әрiптестiк қатынастар негiзіндегі ынтымақтастық демократиялық реформалардың алға басуының, азаматтық қоғам құрудың маңызды көрсеткiшi болып табылады. Әлеуметтiк маңызы бар мiндеттердi шешуге бағытталған бiрлескен бағдарламаларды орындау елдiң үкiметтiк емес секторын дамытуға оң ықпал етедi. Халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржылық және техникалық қолдауы үкiметтiк емес ұйымдарды нығайту мен дамытуға, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық жасауға жәрдемдесетiн болады.
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146 (бұр. ред. қара); 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5.8-бөлімше өзгертілді
5.8. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
Бағдарламаны iске асыру үшiн белгiленген iс-шаралардың кезең-кезеңiмен орындалуын көздейтiн, Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) әзiрленедi.
Жоспар Бағдарламаны орындау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаны iске асыру процестерiн үйлестiру Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жүктелген.
Бағдарламаны iске асыру тетiгi мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың бiрлескен iс-қимылын, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықты көздейдi.
Бағдарламаның орындалуын үйлестiру мен бақылау мақсатында жүргiзiлетiн iс-шаралар тиiмдiлiгiн бақылаудың айқын көрсеткiштерiн (индикаторларын) қамтитын оның мониторингi мен бағалау жүйесi жасалатын болады. 2003 жылдың 4 тоқсанында 300 сараптамашы (мемлекеттік органдар, ғылыми, үкiметтiк емес ұйымдар) қатысатын Қазақстан Республикасындағы үкiметтiк емес сектордың даму проблемалары жөнiнде сараптамалық сұрау салуды өткізу жоспарланып отыр.
Бағдарлама мониторингiн талдау нәтижелерi жекелеген бағыттарға түзету енгізу, Бағдарлама мен Жоспарға тиiстi өзгерістер енгізу, сондай-ақ кейiнгi бағдарламаларды әзiрлеу үшiн негiз болады.
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi
Бағдарламаны iске асыру мынадай қаржыландыру көздерiнен жүзеге асырылатын болады:
1) республикалық бюджеттен;
2) жергiлiктi бюджеттерден;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың өзге де көздерiнен.
Бағдарламаны қаржыландыру білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты, демографиялық саясат, гендерлiк саясат, әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек, мәдениет, ақпарат, спорт, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шаралар салаларындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралардың бiр бөлiгiн орындауға республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылатын болады.
Халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қорлардың техникалық және гранттық көмегiн, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың өз қаражаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен тыйым салынбаған өзге де көздердi тарту көзделедi.
Бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемi 37 628 000 теңге көлемінде көзделедi, оның ішінде: 2003 жылға - 14000 000 теңге, 2004 жылға - 11 146 000 теңге, 2005 жылға - 12 482 000 теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны толық iске асыру және онда көзделген барлық шараларды қабылдау нәтижесiнде мемлекеттік органдар мен қоғамдық сектор арасында әрiптестiк қатынастардың тиiмдi жүйесi, сондай-ақ республика азаматтық қоғамының тұрақты дамуы қамтамасыз етiлетiн болады.
Осы Бағдарламаның iске асырылуы елдiң үкiметтiк емес секторына нақты ұйымдастырушылық-техникалық, әдiстемелiк, консультативтiк, ақпараттық қолдаудан көрiнетiн болады, қайырымдылық қызмет үшiн жағдайлар жасайды, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыра түседi.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлетiн үкiметтiк емес сектор дамуындағы оң өзгерістердi сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер (индикаторлар): үкiметтiк емес ұйымдардың сандық және сапалық құрамы, кадрлық әлеуетi, ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстары, олардың қоғамдық рейтингi, өңірлерде үкiметтiк емес сектордың өсуi, үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты iске асыруға қатысуы, мемлекеттік құрылымдармен әрiптестiк қатынастар.
Бағдарламаны толық iске асыру және онда көзделген шараларды қабылдау нәтижесiнде:
Қазақстанның үкiметтiк емес секторын одан әрi дамыту үшiн құқықтық, әдiснамалық, ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жасалатын;
халыққа көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен көлемiн арттыруға жәрдемдесетiн мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес сектор арасындағы әрiптестiк қатынастардың тиiмдi жүйесi жасалатын және енгiзiлетiн;
өңiрлерде азаматтық бастамалардың өсуiне жағдайлар жасалатын;
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі әдiснамалық база нығайтылатын болады.
Көрсетiлгендер, тұтастай алғанда азаматтық қоғамды дамыту мен нығайтуға, елдiң әлеуметтiк және гуманитарлық әлеуетiн арттыруға жәрдемдесетiн болады.
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146 (бұр. ред. қара); 20.03.04 ж. № 364 ; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалу- ына жау- аптылар | Орындалу (iске асыру) мерзiмi | Болжамды шығыстар | Қаржылан- ландыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар 1 Қазақстан Қазақстан МАҚКМ 2003 ж. - Қаржыланды- Республика- Республи- 2 тоқсан руды қажет сының "Мем- касы За- етпейдi лекеттiк ңының әлеуметтiк жобасы тапсырыс туралы" заңының жобасын әзiрлеу |
2 ?кіметтiк Бұйрық МАҚКМ 2003 ж. - Қаржыланды- емес ұйым- 2 тоқсан руды қажет дардың әлеу- етпейдi меттiк ма- ңызды жоба- ларына тен- дер (кон- курс) өткізу ережесін әзiрлеу |
3 Орталық және Бұйрық МАҚКМ 2003 ж. - Қаржыланды- жергiлiктi ҮЕҰ 2 тоқсан руды қажет атқарушы (келісім етпейдi органдар бойынша) жанындағы үкiметтiк емес ұйым. дармен өзара iс-қимыл жөніндегі консульта- тивтiк ке- ңестер тура- лы үлгiлiк eреже әзiрлеу |
4 ?кіметтiк Орталық МАСМ 2003 ж. 10700000 Республи- емес ұйым- атқарушы ЕХҚМ, ДСМ,2 тоқсан теңге калық дардың әлеу- органдар- ҚОҚМ, (МАСМ) бюджет меттiк ма- дың бұй- ОӘІҰК ңызды жоба- рықтары (келісім ларын iрiк- бойынша) 2004 ж. 9700000 теу жөнiнде 2 тоқсан теңге тендерлер (МАСМ) (конкурстар) ұйымдастыру 2005 ж. 9700000 және өткізу 2 тоқсан теңге (МАСМ) |
5 Мемлекеттік Қазақстан МАҚКМ 2003 ж. - Қаржыланды- емес ұйымдар Республи- 4 тоқсан руды қажет қызметiн касының етпейдi қамтамасыз Үкіметіне ететiн құ- ақпарат қықтық база- ны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу |
6 Үкiметтiк Қазақстан МАҚКМ емес ұйым- Республи- дардың қыз- касының метiне мони- Үкіметіне торинг өткi- ақпарат зу: ?кіметтiк 2003 ж. - Қаржыланды- емес сектор- 4 тоқсан руды қажет ды дамыту етпейдi мәселелерi бойынша са- раптамалық сауалдама |
2. Аймақтарда азаматтық бастаманы дамыту |
7 ?кіметтiк Қазақстан МАСМ Желтоқсан - Қаржыланды емес ұйым- Республи- облыстар- жыл сайын руды қажет дармен бiр- касының дың, етпейдi лесiп өңiр- Үкіметіне Астана лiк әлеумет- ақпарат және тiк маңызды Астана проблемалар қалала- бойынша рының семинарлар, әкiмдерi, "дөңгелек ҮЕҰ үстелдер" (келісім өткізу бойынша) |
8 ?кіметтiк Қазақстан МАСМ Желтоқсан - Қаржыланды- емес ұйым- Республи- облыстар- жыл сайын руды қажет дармен бiр- касының дың, етпейдi лесiп қайы- Үкіметіне Астана рымдылық, ақпарат және ерiктi, мә- Астана дени-көпшiлiк қалала- және өзге рының де акциялар әкiмдерi, ұйымдастыру ҮЕҰ және өткізу (келісім бойынша) |
3. Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөніндегі органдар құру |
9 Жергiлiктi Әкiмдердiң Облыстар- 2003 ж. - Қаржыланды- атқарушы шешiмдерi дың, Ас- 2 тоқсан руды қажет органдар тана, Ал- етпейдi жанынан маты қа- үкiметтiк лаларының емес ұйым- әкiмдерi дармен ын- тымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегі консульта- тивтiк ке- ңестер құру |
10 ?кіметтiк Қазақстан МАСМ 4 тоқсан, - Қаржыланды- емес ұйым- Республи- орталық жыл сайын руды қажет дарды әлеу- касының атқарушы етпейдi меттiк ма- Үкіметіне органдар ңызды заң ақпарат жобаларын және бағдар- ламалар жо- баларын әзiрлеу про- цесiне тар- туды ұйым- дастыру |
4. ?кіметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету |
11 Әлеуметтiк Қазақстан МАСМ Маусым, - Қаржыланды- маңызды про- Республи- желтоқсан, руды қажет блемаларды касының жыл сайын етпейдi шешудегi Үкіметіне үкiметтiк ақпарат емес ұйым- дардың жұмыс тәжiрибесiн бұқаралық ақпарат құ- ралдарында кеңiнен жариялау |
12 Әлеуметтiк Қазақстан МАСМ 2005 ж. - Қаржыланды- жарнама Республи- 1 тоқсан руды қажет рыногын да- касының етпейдi мыту үшiн Үкіметіне құқықтық ұсыныс және қаржы- лық жағдай- лар қалып- тастыру |
13 Мемлекеттік Қазақстан Ақпарат- 2004 ж. - Қаржыланды- тапсырысты Республи- минi 4 тоқсан руды қажет орындайтын касының етпейдi бұқаралық Үкіметіне ақпарат есеп құралдарында үкiметтiк емес сектор- ды дамыту проблемалары жөнiнде ма- мандандырыл- ған айдарлар ұйымдастыру |
5. ?кіметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау |
14 Үкiметтiк Қазақстан МАСМ, Маусым, - Қаржыланды- емес ұйым- Республи- ЕХҚМ, желтоқсан, руды қажет дардың қыз- касының ДСМ, жыл сайын етпейдi метiне қа- Үкіметіне ҚОҚМ, тысты норма- ақпарат ӘдМ тивтiк құ- қықтық ке- сiмдердi, қоғамдық бiрлестiк- терге түсiн- дiру |
15 Үкiметтiк Қазақстан МАСМ, Желтоқсан, Республика- емес ұйым- Республи- ДСМ, жыл сайын лық бюджет дармен өзара касының ҚОҚМ, 2003 ж. 180 000 iс-қимыл Үкіметіне ЕХҚМ теңге және ынты- ақпарат (МАСМ) мақтастық 2004 ж. 180 000 саласындағы теңге мемлекеттік (МАСМ) саясатты түсiндiру жөніндегі әдiстемелiк материалдар, ұсынымдар, оқу құралда- рын әзiрлеу |
17 "Қазақстан- Бұйрық МАСМ, 2005 ж. 2 782 000 Республи- дық YEҰ 21- СІМ, 3 тоқсан теңге калық ғасырда: қа- халық- бюджет лыптасу про- аралық блемалары, ұйымдар даму перс- (келісім пективалары" бойынша) үкiметтiк емес ұйымдар- дың халық- аралық фору- мын өткізу |
6. Үкiметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау |
18 ?кіметтiк Қазақстан МАСМ, Жыл сайын, - Қаржыланды- емес ұйым- Республи- мемле, желтоқсан руды қажет дармен бiр- касының кеттiк етпейдi лесiп конфе- Үкіметіне органдар ренциялар, ақпарат "дөңгелек үстелдер", тренингтер, семинарлар, өзге де акциялар өткізу |
19 ?кіметтiк Бұйрық МАСМ 2003 ж. 1 200 000 Республика- емес сектор- теңге лық бюджет ды дамытудың өзектi проб- 2004 ж. 446 000 лемалары, теңге оның мемле- кеттiк ұйым- дармен өзара iс-қимылы мен ынтымақ- тастығы жө- нiнде "дөң- гелек үстел- дер" ұйымдас- тыру және өткізу |
20 "YEҰ ақпарат Бұйрық МАҚКМ, 2003 ж. 300 000 Республика- орталығы" халық- 1 тоқсан теңге лық бюджет YEҰ-ны қол- аралық даудың рес- ұйымдар публикалық (келісім орталығы мен бойынша) орталықтың өңiрлiк өкiлдiктерiн байланысты- ратын бiрың- ғай желi құру, бағдарламалық қамтамасыз етудi белгiлеу |
21 YEҰ-ның эко- Қазақстан ҚОҚМ Тоқсан - Қаржыланды- логиялық ақ- Республи- сайын руды қажет паратқа ке- касының етпейдi ңiнен қол Үкіметіне жеткізуiн есеп қамтамасыз ету, оларды экологиялық проблемаларды шешуге тарту, қоршаған ортаны қор- ғауға қатысты мәселелер бойынша құ- қықтық сауат- тылықты көтеру |
7. Yкіметік емес сектормен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшiлердi даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру |
22 Tренингтер Бұйрық МАҚКМ, 2003 ж. 60 000 Республика- үйренушi МҚА, Мем- 2 тоқсан теңге лық бюджет мемлекеттік қызмет- (МАҚКМ) қызметшiлер академия- үшiн семинар- сы (келi- лар ұйымдас- сiм бой- тыру және ынша), өткізу халықара- лық ұйым- дар (келi- сiм бойын- ша) |
23 ?кіметтiк Бұйрық, Ақпарат- 2004 ж. 820 000 Республика емес сектор- әкiмдер- минi, 2, 3, 4 теңге лық бюджет мен өзара дiң ше- МҚА, тоқсандар (Ақпарат- iс-қимыл шiмдерi облыстар- минi) мәселелерi дың, Астана бойынша мем- және лекеттiк Алматы органдар қалалар- қызметкер- ының лерi үшiн әкiмдерi, өңiрлiк мемқызмет семинарлар академиясы ұйымдастыру (келісім бойынша) |
24 Қазақстан Бұйрық МАҚКМ, 2003 ж. 1 560 000 Республи- Республика- МҚА, СІМ, теңге калық сының шет халықаралық бюджет елдердегi ұйымдар мемлекеттік (келісім органдары- бойынша) ның қызмет- керлерiн оқытуды ұйымдастыру |