Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146; 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 қаулыларымен
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 , "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi Бағдарлама бекітілгеннен кейiн бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлесiн.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жарты жылдың қорытындылары бойынша қаңтарда және шiлдеде Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсынсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 17 наурыздағы
№ 253 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес
ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
Бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiріспе
3. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік
қолдау проблемаларының қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу
кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы
3.2. ?кіметтiк емес ұйымдар жобаларын мемлекеттік қаржыландыруды
заңнамалық реттеу саласындағы шетелдердiң тәжiрибесi
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi
5.1. Ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар
5.2. Өңiрлерде азаматтық бастаманы дамыту
5.3. ?кіметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жөніндегі
органдар құру
5.4. ?кіметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету
5.5. ?кіметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау
5.6. ?кіметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау
5.7. ?кіметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша
мемлекеттік қызметшiлердi дайындау және олардың біліктiлiгiн арттыру
5.8. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
6. Қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 146 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның - Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес
атауы ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005
жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
әзірлеу үшін "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес
негiздеме ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы
туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 ,
"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" 2002
жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулылары
Бағдарламаның - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
негiзгi және қоғамдық келісім министрлігі
әзiрлеушiсi
Бағдарламаның - азаматтық қоғамның бiр бөлiгi ретiнде
мақсаты Қазақстанда үкiметтiк емес ұйымдардың тұрақты
дамуы үшiн жағдайлар жасау және мемлекеттік
билiк органдарымен өзара iс-қимыл жасау және
олардың тарапынан қолдау көрсету негiзiнде
қоғамның әлеуметтiк маңызы бар мәселелерiн
шешудегі олардың рөлiн күшейту
Бағдарламаның - мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес
міндеттері ұйымдардың өзара iс-қимыл және ынтымақтастық
жүйесiн жетiлдiру; әлеуметтiк мәселелердi
шешетiн елдiң үкiметтiк емес ұйымдарын
ақпараттық, консультативтiк, әдiстемелiк,
ұйымдастырушылық-техникалық қолдау; үкiметтiк
емес ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ететiн
құқықтық базаны жетiлдiру; мемлекеттік
әлеуметтiк тапсырыс жүйесiн қалыптастыру;
аймақтарда азаматтық бастаманың артуына
жағдай жасау; үкiметтiк емес ұйымдармен
ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау
мәселелерi бойынша мемлекеттік қызметшiлердi
даярлау және біліктiлiгiн көтеру жүйесiн
құру; үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне
тұрақты мониторинг пен зерттеулеp жүргiзу;
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту
Бағдарламаны - қаржыландыру республикалық және жергiлiктi
қаржыландыру бюджеттерде көзделген қаражат және Қазақстан
көздерi Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған
өзге де қаржыландыру көздері шегінде жүзеге
асырылатын болады.
Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен
қаржыландырудың жалпы көлемi 37 628 000 теңге
көлемінде көзделедi, оның iшiнде: 2003 жылға -
14 000 000 теңге, 2004 жылға - 11 146 000 теңге,
2005 жылға - 12 482 000 теңге
Бағдарламаны - мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес
іске асырудан ұйымдар арасындағы әрiптестiк қатынастардың
күтiлетiн нәтиже тұрақты әрi тиiмдi жүйесiн әзiрлеу және
енгізу;
- елдiң үкiметтiк емес секторын одан әрi
дамыту үшiн құқықтық, әдiснамалық жағдайлар
жасау;
- аймақтарда азаматтық бастаманың өcуi үшін
жағдайлар жасау;
- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты
нығайту
Бағдарламаны - 2003-2005 жылдар
іске асыру
мерзімдері
2. Кiріспе
Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасы туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 , "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулыларына сәйкес әзiрленген және 3 жылға есептелген.
Осы бағдарламаны әзiрлеу үкiметтiк емес секторды қолдау әрi олармен өзара iс-қимылдың кешендi және мақсатты бағытталған мемлекеттік саясатын әзiрлеу қажеттiлiгiнен туындап отыр. Азаматтық қоғамның ажырамас құрамдас бөлiгi бола отырып, үкiметтiк емес сектор елдегi қоғамдық-саяси процестердiң одан әрi демократияландырылуына оң әсер етедi. ?кіметтiк емес ұйымдар ерiктi негiзде әрекет жасай және бастама көтере отырып, қазiрдiң өзiнде әлеуметтiк саланың проблемаларын шешуге елеулi үлес қосып отыр. Қазiргi уақытта үкiметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен нақты ынтымақтастығы тең құқылы әрiптестiк қағидаттарда маңызды мәнге ие болып отыр.
Бағдарлама елдiң мемлекеттік органдары мен үкiметтiк емес ұйымдары арасында орнықты әрi тиiмдi әрiптестiк қатынастар жүйесiн құруға бағытталған.
3. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын
мемлекеттік қолдау проблемаларының
қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының
қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы
?кіметтiк емес сектордың қалыптасуы қазақстан мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуымен, Қазақстанның демократиялық, нарықтық экономикасы бар әлеуметтiк мемлекет ретiнде даму кезеңiмен тұспа-тұс келедi. Қазақстанда тәуелсiздiктiң 10 жылы iшiнде қоғамның әлеуметтiк маңызы бар проблемаларын шешетiн қоғамдық бiрлестiктерден, қорлардан, мемлекеттік емес коммерциялық емес мекемелерден тұратын үкiметтiк емес сектор қалыптасты.
?кіметтiк емес ұйымдар - бұл азаматтар заңнамаға қайшы келмейтiн өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған, қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылатын, әлеуметтiк проблемаларды шешуде, азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде мемлекет пен азаматтардың арасында дәнекерлiк рөл атқаратын коммерциялық емес ұйымдар. ?кіметтiк емес ұйымдардың қызметi азаматтық бастаманы дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешудегi қоғамдық ұйымдардың рөлiн арттыруға, қоғамды тұрақты дамытуға қол жеткізуге бағытталған.
Қазақстандағы үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн талдау қоғамдық сектор дамуын және оның мемлекетпен өзара iс-қимылын 3 кезеңге бөлуге мүмкiндiк бередi.
?кіметтiк емес сектор қалыптасуының 1-кезеңi 1980-шi жылдардың аяғынан бастап 1994 жыл кезеңiн қамтиды. Отандық және шетелдiк сарапшылардың бағалауы бойынша осы уақытта 500-ге жуық үкiметтiк емес ұйым құрылды. Бұл ретте үкiметтiк емес ұйымдар негiзiнен құқық қорғау бағытында болды, бұл Қазақстан тәуелсiздiгiнiң қалыптасу кезеңiмен және демократиялық қайта құрулар процесiнiң басталуымен байланысты.
Бұл кезең мемлекеттік емес секторға қатысты мемлекеттiң жалпы көзқарасы мен басымдықтарын әзiрлеу процесiмен сипатталды. Мемлекет пен үкiметтiк емес ұйымдардың оң ынтымақтастығына мысалдар сирек кездеседi.
2-кезең - 1994-1997 жылдар. Бұл үкiметтiк емес ұйымдардың сапалық және сандық өсу кезеңi, олардың саны 1600-ге дейiн өстi. ?кіметтiк емес сектордың тек сандық жағынан өсуiн ғана емес, сонымен бiрге қызмет түрлерi бойынша да сараланғанын атап өткен жөн. ?кіметтiк емес ұйымдардың сандық өсуiн бiрiншi кезекте халықаралық қорлар мен ұйымдардың гранттар жүйесi арқылы жаппай қаржылық қолдау есебiнен жүруiмен түсiндiруге болады.
Шетелдiк қорлар мен ұйымдардың гранттық қолдауы оқыту әрi әдiстемелiк сипатта болды және үкiметтiк емес сектордың қалыптасу процесiне елеулi әсер еттi.
1996 жылы қоғамдық бiрлестiктердiң заңдық мәртебесiн, құқықтары мен мiндеттерiн анықтаған, жаңа үкiметтiк емес ұйымдардың пайда болу процесiн жандандыра түскен "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Бұл кезең үкiметтiк емес ұйымдардың құрылымдық және ұйымдастырушылық қалыптасуымен, үкiметтiк емес секторға қатысты бiрыңғай мемлекеттік саясаттың әзiрленуiмен атап өтiледi.
3-шi кезең 1998 жылдан басталады және осы уақытқа дейiн жалғасып келедi. Бұл - мемлекеттiң үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылының тетiгiн iске асыру туралы мәселенiң нақты қойылуымен сипатталатын, жаңа сапалық кезең. ?кіметтiк емес ұйымдардың сандық өсуi олардың санының 3500-ге жуықтауына алып келдi. Оларда тұрақты негiзде 35 мыңнан аса адам, уақытша (консультанттар, сарапшылар) - 50 мыңға дейiн адам және ерiктiлер - 100 мыңнан аса адам жұмыс iстейдi.
Талдау қазiргi уақытта қызметтiң әр түрлi бағыттары бойынша үкiметтiк емес ұйымдардың жеткiлiктi тұрақты топтарының қалыптасып отырғанын көрсетедi.
Бiрiншi кезекте қоғамдық секторды сапалық, ұйымдастырушылық-практикалық қолдау проблемасы туындайды. Мұндай жағдайда үкiметтiк емес сектордың мемлекетпен тең құқылық әрiптестiк қағидаттарындағы нақты ынтымақтастығы маңызды мәнге ие болып отыр.
Мемлекет бүгiнде мемлекеттік емес ұйымдарға қолдау көрсетуде. Қоғамдық процестерде коммерциялық емес ұйымдардың рөлi мен орнын тануда нақты қадам болған "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылы қабылдануы осының айғақтарының бiрi болып табылады. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық нормалары мен түрлерi, олардың құқықтары мен мiндеттерi, құрылу тәртібі, қызметiн қайта ұйымдастыру және тоқтату заңмен айқын белгiленген.
?кіметтiк емес ұйымдардың кейбір санаттарына тiркеу шарттарының жеңiлдетiлуiн оң құбылыс ретiнде атап өтуге болады. Айталық, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысына сәйкес балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын тiркеу үшiн алым ставкасы алым төлеу күніндегі қолданыстағы екi еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесіне сәйкес мемлекет, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарлар салықтан босатылуы әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн маңызды болып табылады.
?кіметтiк емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен басымдықтары, оны iске асырудың қағидаттары, тетiктерi мен деңгейлерi анықталған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының қабылдануы үкiметтiк емес секторды дамытудағы ерекше оқиға болып табылады.
Осылайша, қазiргi уақытта мемлекет үкiметтiк емес секторды қолдау жөнiнде едәуiр шаралар қабылдауда, бiрақ үкiметтiк емес ұйымдардың көпшiлiгi өз мiндеттерiн жүзеге асыруда қиыншылықтарды бастан кешiруде. Өңiрлерде, әсiресе ауылдық жерлерде, оның бiркелкi дамымауы мемлекеттік емес секторды дамытудағы осал тұсының бiрi болып табылады. ?кіметтiк емес ұйымдардың тек 8% аудандық деңгейде бой көрсетуде, бұл қоғамдық бастаманы дамыту үшiн мүлде жеткiлiксiз.
?кіметтiк емес секторды мақсатты мемлекеттік қолдаудың болмауы көп жағдайда мұның себебi болып табылады, бұдан басқа мемлекеттік органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасау тетiктерi жеткiлiксiз пысықталған.
3.2. ?кіметтiк емес ұйымдар жобаларын мемлекеттік қаржыландыруды
заңнамалық реттеу саласындағы шетелдердiң тәжiрибесi
Әлеуметтiк тапсырыс үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың неғұрлым тиiмдi нысаны болып табылады. Осыған байланысты үкiметтiк емес ұйымдар жүзеге асыратын жобаларды мемлекеттік қаржыландыруды заңнамалық реттеу саласындағы шет елдердiң тәжiрибесiн зерделеу маңызды болып табылады.
Грант немесе мемлекет пен үкiметтiк емес ұйымдар арасындағы келісім-шарт арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудi ұсыну жөніндегі мiндеттердi үкiметтiк емес ұйымдарға беру практикасы Америка Құрама Штаттарында бұрыннан бар, алайда орталықтандыру үрдiсi неғұрлым мол еуропалық елдерде таяуда ғана қолданыла бастады. Айталық, Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң "Даму үшiн ынтымақтастық туралы" 1996 жылғы 6 қаңтардағы Заңы тiркелген үкiметтiк емес ұйымдардың қосымша қаржыландыруға, жыл сайынғы көмекке, ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшiн субсидияға, бiрнеше жылға созылатын ынтымақтастық туралы келісімге құқығы болатынын белгiлейдi. Нидерландыда үкiметтiк емес ұйымдар әлеуметтiк қызметтердi негiзгi көрсетушiлер болып табылады. Әлеуметтiк қызметтер көрсетудi үкiметтiк емес ұйымдарға берудi Германия үкіметі табысты жүзеге асыруда.
Қазiргi уақытта көптеген дамушы елдер мен өтпелi кезеңдегi елдер үкiметтiк емес ұйымдармен әлеуметтiк қызметтер көрсетуге келісім-шарттар жасасуға мүмкiндiк беретiн заңнамалық тетiктердi жасады немесе жасауда. Мемлекеттiң әлеуметтiк қызметтердi жүзеге асыру жөніндегі құқықтарды үкiметтiк емес ұйымдарға беруiне бағытталған заңдар Шығыс Еуропа елдерiнде (Словакия, Польша, Венгрия, Румыния, Болгария және т.б.) қолданылуда.
Кеңестен кейiнгi кеңiстiк елдеріндегі үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау мәселесiнiң шешiлуi Қазақстан үшiн құнды болып табылады. Бұл ретте үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк қызмет көрсетудi орындауына әлеуметтiк тапсырыстың берiлуi мемлекеттік қолдаудың неғұрлым тиiмдi нысаны болып танылған Ресей тәжiрибесi назар аударарлық. Ресей Федерациясының қалалары мен субъектiлерi деңгейiнде үкiметтiк емес ұйымдардың жергiлiктi бюджет есебiнен әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешуге қатысуы үшiн құқықтық негiздi қамтамасыз ететiн 20-дан астам нормативтiк-құқықтық кесiм қабылданды.
"Пермь облысындағы мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс туралы" Пермь облысының 2000 жылғы 21 қыркүйектегi Заңында "осы Заңның Пермь облысындағы азаматтық қоғам институттарын дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн бөлінетiн бюджет қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға және олардың шешiлуiне коммерциялық емес ұйымдар мен халықтың кең жiктерiн тартуға бағытталғаны" атап өтiледi.
"Мәскеу қаласы өкiмет органдарының мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдармен өзара iс-қимылы туралы" Мәскеу қаласының 2000 жылғы 12 сәуірдегі Заңы Мәскеу қаласы өкiмет органдарының мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдармен, соның iшiнде мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдардың мақсатты әлеуметтiк бағдарламаларымен, қоғамдық-азаматтық бастамалармен, ерiктi қызметтi қолдаумен байланысты өзара iс-қимылы негiзгi қағидаттары мен жiктерiн айқындайды. Көрсетiлген заңның "Мәскеу өкiмет органдарының мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдармен экономикалық емес өзара iс-қимылы" 4-тарауында мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдарды қолдаудың нысаны: ақпараттық қолдау; қоғамдық кеңестер құру; мамандарды оқыту, әдiстемелiк көмек көрсету; конференциялар, семинарлар, консультациялар өткізу; қаланың, Мәскеу қаласы ауданының мақсатты әлеуметтiк бағдарламалары жобаларын талқылауды ұйымдастыру сияқты басқа да нысандары атап өтiлген.
Ресейде муниципалдық әлеуметтiк тапсырыс практикасы таралып отыр. Бұл муниципалдық тапсырыстың әр түрлiлiгi, iс-шаралар мен қаржыландырудың кепiлдi көздерiн қамтамасыз ете отырып конкурстық негiзде келісім-шарттар (шарттар) жасасу жолымен қала тiршiлiгi қызметiнiң әлеуметтiк маңызы бар мәселелерiн iске асыруға бағытталған шараларды орындауға муниципалдық тапсырыс берушiнiң тапсырмасы.
Айталық, Түмен қалалық Думасының 1999 жылғы 27 қазандағы № 508 шешiмiмен Муниципалдық әлеуметтiк тапсырыс туралы ереже бекітілдi. Бұл құжатпен муниципалдық әлеуметтiк тапсырыс саласындағы нормативтiк құқықтық база мен қатынастар реттеледi, бекітілдi. Бұл құжатпен муниципалдық әлеуметтiк тапсырыс саласындағы нормативтiк құқықтық база мен қатынастар реттеледi, муниципалдық тапсырыс берушiнiң, конкурсты ұйымдастырушының, сарапшылардың және басқа да қатысушылардың өзара iс-қимылының тәртібі, муниципалдық әлеуметтiк тапсырысты iске асыру кезiнде өтiнiмдердiң бекітілу, өту тәртібі және басқа да мiндеттi шарттар бекітіледi. 2000-2001 жылдары конкурстарға 96 ұйым қатысты, әлеуметтiк қызметтердi орындауға 127 өтiнiм берiлдi.
Осылайша, мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс тетiгi экономикалық және саяси жүйелерi әр түрлi елдерде қолданылады және үкiметтiк емес секторды нығайту мен дамытудың маңызды факторы болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты азаматтық қоғамның бiр бөлiгi ретiнде Қазақстан Республикасында үкiметтiк емес ұйымдарды тұрақты дамыту үшiн жағдайлар жасау және өзара iс-қимыл мен мемлекеттік билiк органдары тарапынан қолдау негiзiнде әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешудегi олардың рөлiн күшейту болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
1) үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн қамтамасыз ететiн құқықтық базаны жетiлдiру;
2) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастық жасау жүйесiн жетiлдiру;
3) әлеуметтiк мәселелердi шешетiн елдiң үкiметтiк емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтiк, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету;
4) мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс жүйесiн қалыптастыру;
5) өңiрлерде азаматтық бастамалардың өсуi үшiн жағдайлар жасау;