2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 20.12.03 ж. № 150аз; 20.12.03 ж. № 150аи қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
27-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 27-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығыстар" деген 001
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6782578 мың теңге (алты миллиард жетi жүз сексен екi миллион бес жүз жетпiс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерiнiң бірыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1057 қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 ақпандағы № 180-7 қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жүйесiнiң штаттық сан лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1443 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысы; "Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; "Мемлекеттік органдардың қызметкерлерiн шетелдерге iссапарға жiберудi ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 наурыздағы № 274 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң орталық аппаратына, Iшкi әскерлер комитетiне, аумақтық органдары мен бөлiмшелерiне жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау мен жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлердi iздестiру жөніндегі; олардың құзыретi шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен алдын ала тергеудi, анықтауды және әкiмшiлiк өндiрiстi жүзеге асыру жөніндегі; жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi мемлекеттік қадағалау мен бақылау жөніндегі; мемлекеттік және өзге де объектілердi, жеке тұлғаны күзету, сезiктiлер мен айыпталушыларды айдауылдау, террористiк актiлердiң жолын кесуге қатысу, кепiлдiкке алынғандарды босату жөніндегі өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң орталық аппаратын, Iшкi әскерлер комитетiн, аумақтық органдары мен бөлiмшелерiн ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Әкiмшiлiк Қазақстан шығыстар Республикасы- ның Ішкі істер министрлігі 001 Орталық Қазақстан Респуб- Ай сайын Қазақстан орган ликасы Ішкі істер Республикасы- аппараты министрлігінiң ның Ішкі істер орталық аппаратын, министрлігі, Iшкi әскерлер Қазақстан комитетiн 1458 Республикасы бірлiктен тұратын Ішкі істер штаттық сан министрлігінің шегінде ұстау- Ішкі әскерлер комитеті 002 Аумақтық Қазақстан Респуб- Ай сайын Қазақстан органдардың ликасы Iшкi iстер Республикасы- аппараттары министрлігінiң ның Ішкі істер аумақтық органдарын министрлігі, 19138 бірлiктен облыстардағы тұратын штаттық Ішкі істер бас сан шегінде ұстау- басқармалары, Iшкi iстер басқармалары, Алматы және Астана қала- ларының Iшкі iстер бас басқармалары, көлiктегi Iшкi iстер бас басқармасы және оның бөлiмшелерi, Әскери-тергеу басқармалары мен бөлiмдерi, арнайы полиция бөлiмшелерi- |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер:
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне, Iшкi әскерлер
комитетiне, аумақтық органдары мен бөлiмшелерiне жүктелген функциялар мен
мiндеттердің сапалы және уақытында орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
28-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 28-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Tepгeу жүргiзу кезiнде адвокаттарға
еңбекақы төлеу" деген 004 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 95101 мың теңге (тоқсан бес миллион бір жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргізу кодексi; "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғаумен және өкілдiк етумен байланысты шығыстарды өтеудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет кепілдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген өз құқықтарын, бостандықтарын қорғаудағы және бiлікті заң көмегін алудағы адам құқықтарын iске толық асыруды және мемлекеттік тапсырыстың уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: адвокаттар көрсеткен қызметке ақы төлеу және қылмыстық iстер бойынша қорғау мақсатында заңды мүдделерiн қорғаудағы және iске асырудағы адвокаттар қызметiн ұйымдастыру; адвокаттық қызметтердi заңнамада тыйым салынбаған әдiстермен және құралдармен жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 004 Тергеу Қазақстан Республи- Ай Қазақстан Рес- жүргiзу касы Қылмыстық iс сайын публикасының кезiнде жүргізу кодексiнің Ішкі істер адвокаттар- 71, 72-баптарына министрлігі, ға еңбекақы және "Адвокаттық облыстардағы төлеу қызмет туралы" Ішкі істер бас Қазақстан Республи- басқармалары, касы Заңының 5- Ішкі істер бабындағы 2-тармақ- басқармалары, қа сәйкес ақы Алматы және төлеуден босатылған Астана адамдарға көрсеткен қалаларының заң көмегi үшiн Ішкі істер бас адвокаттарға ақы басқармалары, төлеу және бұл көліктегі Ішкі жағдайларда істер бас өндiрiсiнде iс басқармалары болатын (сағат саны және оның - 449598-дан бөлімшелері, аспайтын) қылмыстық Әскери-тергеу істі жүргізуші орган басқармалары қаулысының және сот мен бөлімдері, ұйғарымының негiзiнде арнайы полиция қорғаумен және бөлімшелері- өкiлдiкпен байланысты шығыстарды өтеу, Қазынашылықтың аумақтық орган- дарында белгiленген тәртiппен тiркелген азаматтық-құқықтық шарттар бойынша өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау. |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
азаматтарды адам құқықтарын қорғауда заңнама кепілдік берген білікті заң
көмегiмен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
29-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Өткен жылдардағы мiндеттемелердi
орындау" деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 159 700 мың теңге (бір жүз елу тоғыз миллион жетi жүз теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 44-бабы; "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы, "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі орталық аппаратының жеке құрамына тиiстi тұрмыстық жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламалардың мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі әкiмшiлiк ғимаратының құрылысы бойынша кредиторлық қарызды өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 006 Өткен 2003 Қазақстан Рес- жылдардағы жылғы публикасының мiндеттеме- қаңтар- Ішкі істер лердi дан министрлігі орындау бастап 031 Қазақстан Қазақстан Респуб- Қазақстан Рес- Республика- ликасының Iшкi публикасының сының Астана iстер министрлігі Ішкі істер қаласында әкiмшiлiк ғимара- министрлігі Iшкi iстер тының құрылысы министрлігі бойынша орындалған әкiмшiлiк қызмет көрсетулер ғимаратының үшiн жеткiзiп құрылысы берушiлермен есеп бойынша айырысуларды аяқтау кредиторлық қарызды өтеу- |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасының Астана қаласында Iшкi iстер министрлігі
әкiмшiлiк ғимаратының құрылысы бойынша кредиторлық қарызды өтеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
30-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Кәсiби орта білімi бар мамандарды
даярлау" деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 291 555 мың теңге (екi жүз тоқсан бір миллион бес жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 721 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi № 1136-51 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 348 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 59-3 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: iшкi iстер органдары үшiн мамандығы бойынша қажеттi теориялық білімi мен тәжiрибелiк дағдысы бар, арнаулы орта білімдi, біліктi мамандарды дайындау жөнiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң орта оқу орындарына жүктелген функциялардың орындалуына барынша тиiмдi қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламалардың мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кадрларына қойылатын талаптарды ескере отырып, мамандар дайындығының сапасын ұдайы жетiлдіруде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң орта оқу орындарына жүктелген функциялардың орындалуы үшiн оларды ұстау; дене шынықтыру дайындығы және курсанттардың денсаулығын нығайту жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 007 Кәсiби орта Қазақстан Рес- білімi бар публикасының мамандарды Ішкі істер даярлау- министрлігі 030 Ақтөбе заң Ақтөбе заң Ай Қазақстан Рес- колледжi колледжiн 130 сайын публикасының бірлiктен тұратын Ішкі істер штаттық сан шегiнде министрлігі, ұстау- Азықтүлiкпен, Қазақстан Рес- дәрi-дәрмектермен, публикасы Ішкі заттай мүлiктермен, істер жанар-жағар май министрлігінің материалдарымен, Ақтөбе заң жұмсақ инвентарьмен, колледжі тауар-материалдық бағалы заттармен, стипендиямен қамтамасыз ету- Колледждiң кiтап- ханалық қорын толықтыру- Күндiзгi бөлiмде оқитындар саны - 281 бірлiк, сырттай бөлiмде - 155 бірлiк- 033 Шымкент заң Шымкент заң Ай Қазақстан Рес- колледжі колледжiн 214 сайын публикасының бірлiктен тұратын Ішкі істер штаттық сан шегiнде министрлігі, ұстау. Қазақстан Азық-түлiкпен, Республикасы дәрi-дәрмектермен, Ішкі істер заттай мүлiктермен, министрлігінің жанар-жағар май Шымкент заң материалдарымен, колледжі жұмсақ инвентарьмен, тауар-материалдық бағалы заттармен, стипендиямен қамтамасыз ету. Күндiзгi бөлiмде оқитындар саны - 300 бірлiк, сырттай бөлiмде - 250 бірлiк. 034 Семей заң Семей заң колледжiн Ай Қазақстан Рес- колледжі 160 бірлiктен сайын публикасының тұратын штаттық сан Ішкі істер шегiнде ұстау- министрлігі, Азық-түлiкпен, Қазақстан дәрi-дәрмектермен, Республикасы заттай мүлiктермен, Ішкі істер жанар-жағар май министрлігінің материалдарымен, Семей заң жұмсақ инвентарьмен, колледжі тауар-материалдық бағалы заттармен, стипендиямен қамтамасыз ету- Күндiзгi бөлiмде оқитындар саны - 319 бірлiк, сырттай бөлiмде - 229 бірлiк. 035 Алматы заң Алматы заң колледжiн Ай Қазақстан Рес- колледжі 160 бірлiктен сайын публикасының тұратын штаттық сан Ішкі істер шегiнде ұстау- министрлігі, Азық-түлiкпен, Қазақстан дәрi-дәрмектермен, Республикасы заттай мүлiктермен, Ішкі істер жанар-жағар май министрлігінің материалдарымен, Алматы заң жұмсақ инвентарьмен, колледжі тауар-материалдық бағалы заттармен, стипендиямен қамтамасыз ету- Колледждің кітап- ханалық қорын толықтыру- Күндiзгi бөлiмде оқитындар саны - 154 бірлiк, сырттай бөлiмде - 150 бірлiк. |