6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 012 Әскери Қазақстан Рес- қызметшiлердi, публикасының құқық қорғау Ішкі істер органдарының министрлігі қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн емдеу 030 Емханалы Емханалы госпи- Ай Қазақстан Рес- госпиталь тальдi 241 бірлiгi сайын публикасының бар штаттық сан Ішкі істер шегiнде ұстау- министрлігі, Емханалы госпиталь- Емханалы дiң қызметiн госпиталь азық-түлiк өнiмдерiмен, дәрi-дәрмектермен, басқа да медициналық мақсат- тағы құралдармен, төсек орынмен, арнайы киім- кешекпен, тауар- материалдық бағалы заттармен, жанар- жағар май материалдарымен қамтамасыз ету- 031 Iшкi iстер Iшкі iстер Ай Қазақстан Рес- органдарының органдарының әскери сайын публикасының әскери қызметшiлерi мен Ішкі істер қызметшiлерi қызметкерлеріне, министрлігі, мен қызмет- олардың бірге Қазақстан Рес- керлерiне, тұратын отбасы публикасының олардың бірге мүшелерiне және Ішкі істер тұратын iшкi iстер министрлігінің отбасы органдарының "Қазақстан" мүшелерiне зейнеткерлерiне емдеу кешені" және iшкi 24497 күндiк республикалық iстер орган- төсек-орындық мемлекеттік дарының зей- медициналық қазыналық неткерлерiне қызметтер көрсету кәсіпорны медициналық көмек көрсету |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: iшкi
iстер органдарының әскери қызметшiлерi мен қызметкерлерiне, олардың бірге
тұратын отбасы мүшелерiне және iшкi iстер органдарының зейнеткерлерiне
кешендi біліктi, мамандандырылған, кеңестiк-диагностикалық профилактикалық
және стационарлық көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы Iшкi
iстер министрлігінің Емханалы орталық госпиталiне жүктелген мiндеттердiң
сапалы және уақытында орындалуы. Iшкi iстер органдарының әскери
қызметшiлерi мен қызметкерлерiнiң, олардың бірге тұратын отбасы
мүшелерiнің және iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлер зейнеткерлерiнің
емделуi үшiн 24497 күндiк-төсек орынды ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
35-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Республикалық деңгейде қоғамдық
тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4 164 665 мың теңге (төрт миллиард бір жүз алпыс төрт миллион алты жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлер комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1057 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жүйесiнiң штаттық сан лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1443 қаулысы; "Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Тылдық қамтамасыз етудiң түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғудан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi iшкi әскерлерiнің құрамалары мен бөлiмдерiне жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік және өзге де объектiлердi, жеке адамдарды күзету, тұтқынға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдау қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысу жаппай және топтасқан тәртiп бұзушылықтардың жолын кесу, кепiлдiкке алынғандарды босату, төтенше жағдайлардың (табиғи апаттардың, iрi апаттар мен катастрофалардың) зардаптарын жоюға қатысу жөніндегі Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi iшкi әскерлерiнің құрамалары мен бөлiмдерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн оларды ұстау.
6. Іске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 021 Республикалық Қазақстан Рес- деңгейде публикасының қоғамдық Ішкі істер тәртіптi министрлігі сақтау және қоғамдық қауiпсiздіктi қамтамасыз ету 030 Iшкi Iшкi әскерлердiң Ай Қазақстан әскерлердiң құрамалары мен сайын Республикасы құрамалары бөлiмдерiн 21227 Ішкі істер мен бөлiмдерi штаттық сан министрлігінің шегiнде ұстау, Ішкі әскерлер оның iшiнде: комитеті, 15296 бірлiктi Қазақстан Рес- құрайтын мерзiмдi публикасының қызметтегi әскери Ішкі істер қызметшiлермен министрлігі ауыстырылған- ішкі Iшкi әскерлердiң әскерлерінің қызметiн құрамалары мен азық-түлiкпен, бөлімдері дәрi-дәрмектермен, заттай мүлiктермен, жұмсақ инвентарьмен, жанар-жағар май материалдарымен және басқа да тауар-материалдық бағалы заттармен қамтамасыз ету. |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік объектiлердi күзетудi қамтамасыз етуде, тұтқынға алынғандар
мен сотталғандарды айдауылдауда, патрульдiк-күзет қызметiн атқару арқылы
қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуда Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлігі iшкi әскерлерiнiң құрамалары мен бөлiмдерiне жүктелген
мiндеттердiң сапалы және уақытында орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
37-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 37-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы азаматтарының
төлқұжаттарын және жеке куәлiктерiн әзiрлеу" деген 035
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 529150 мың теңге (бес жүз жиырма тоғыз миллион бір жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тiркеу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың еркiн жүрiп-тұру мен тұрғылықты жердi таңдаудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыру халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесiн жетiлдiру үшiн Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәлiктерiн әзiрлеудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламалардың мiндеттерi: Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәлiктерiн әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 035 Қазақстан Қазынашылықтың Ай Қазақстан Рес- Республикасы аумақтық органда- сайын публикасының азаматтар- рында белгіленген Ішкі істер ының тәртiппен тiркелген министрлігі, төлқұжаттары азаматтық-құқықтық Қазақстан мен жеке шарттар бойынша Республикасы куәлiктерiн Қазақстан Респуб- Ішкі істер әзiрлеу ликасының азамат- министрлігінің тарына төлқұжаттар "Ақпараттық- 465225 дана және өндірістік жеке куәлiктер орталық" 1524116 дана республикалық әзiрлеуге арналған мемлекеттік өткен жылдардың кәсіпорны- мiндеттемелерiн орындау- |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
азаматтардың еркiн жүріп-тұру мен тұрғылықты жердi таңдаудағы
конституциялық құқықтарын iске асыру, азаматтарды тiркеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
38-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Елiмiздiң қоғамдық тәртiп саласындағы
саяси мүдделерiн қамтамасыз ету" деген
037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5 510 мың теңге (бес миллион бес жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының аумағында ұйымдасқан қылмысқа және құқық бұзушылықтардың өзге де түрлерiне қарсы күрестi үйлестiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Iшкi iстер министрлерi кеңесiн, оның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер аумағындағы Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстардың өзге де қауiптi түрлерiне қарсы күрестi үйлестiру жөніндегі бюроны ақпараттық қамтамасыз ету; қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту iсiнiң ортақ мүдделерiн ескере отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер iшкi iстер органдарының өзара ақпараттық iс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету; Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің iшкi iстер органдарының біртұтас ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру және олардың қолда бар ақпараттық ресурстарға жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 037 Елiмiздiң Қазақстан Рес- қоғамдық публикасының тәртiп Ішкі істер саласындағы министрлігі саяси мүдделерiн қамтамасыз ету- 030 Ұйымдасқан Ұйымдасқан қылмысқа Ай Қазақстан Рес- қылмысқа қарсы күрестi сайын публикасының қарсы үйлестiру жөніндегі Ішкі істер күресті бюроны ұстауға министрлігі үйлестіру арналған үлестік жөніндегі жарналар (Ұйымдасқан бюро қылмысқа қарсы күресті үйлестіру жөніндегі бюро қызметкерлерінің саны - 30 адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының өкілі - 1 адам). |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер аумағында
ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестiң тиiмділiгiн қамтамасыз ету қылмыс
жасағаны үшiн жазаланбай қалмау қағидатын жүзеге асыру; қылмыс жасауға
әзiрленуде немесе оны жасауда сезiктi адамдардың мінез-құлқы, өмiр салты,
байланыстары мен қылмыстық әрекеттерi туралы ақпарат алу және қудаланатын
сезiктi, айыпталушыны, сотталушыны немесе сотталған адамды соның аумағында
ұсталған Тараптың құқық қорғау органына мәжбүрлi түрде жеткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
39-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Жедел-iздестiру қызметi" деген 039
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 923 738 мың теңге (тоғыз жүз жиырма үш миллион жетi жүз отыз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің бірыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің 1999 жылғы 1 шiлдедегi № 0014 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң 2000 жылғы 11 қарашадағы № 003 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің 2001 жылғы 14 маусымдағы № 096 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң 2001 жылғы 05 мамырдағы № 007 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарына жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерiн және меншiктi (олардың түрлерiне қарамастан) құқыққа қарсы қол сұғудан қорғау жөніндегі олардың қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 039 Жедел- Қазақстан Рес- iздестiру публикасының қызметi Ішкі істер министрлігі 030 Ішкi iстер Жедел-iздестiру Ай Қазақстан Рес- органдар- қызметiн жүзеге сайын публикасының ының жедел- асыратын Қазақстан Ішкі істер iздестiру Республикасы iшкi министрлігі, қызметi iстер органдарының облыстардағы бөлiмшелерiн ұстау, Ішкі істер бас есiрткi құралдары- басқармалары, ның бақылау ретiнде Ішкі істер сатып алу, жедел басқармалары, iс-шараларды Алматы және жүргізуге арналған Астана шығыстар қалаларының Ішкi істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер бас басқармасы және оның бөлiмшелері, арнайы полиция бөлiмшелерi. |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
жедел-iздестiру қызметi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының iшкi
iстер органдарына жүктелген мiндеттердің сапалы және уақытында орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
40-қосымша
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Iшкi iстер органдарына автокөлiктік
қызмет көрсетілуiн ұйымдастыру" деген 040
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 158 143 мың теңге (бір жүз елу сегiз миллион бір жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерiнiң Бiрыңғай еңбекақы жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің жекелеген мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 22 шілдедегі № 812 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы, "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын, ішкі әскерлерiнің бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң нормалары және тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.