Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 ақпандағы № 207 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 27 ақпандағы
№ 207 қаулысымен
бекiтілген
Теңiз порттарын салу үшін оларды орналастыру ережесi
Осы Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру ережесi оларды орналастыру тәртібін анықтайды және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
1. Жалпы ережелер
1. Теңiз порттарын жобалау порттарды, олардың аумағын, айдынын және iргелес елдi мекендермен әрi өнеркәсіптік ұйымдармен бiрге олардың даму перспективасын ескере отырып және бекітілген қала салу құжаттамасымен ұштастырып ұтымды орналастыру шарттары сақталып, жүзеге асырылады. Теңiз портын жобалау кезiнде әлеуметтік және экологиялық проблемалар мiндеттi түрде қарауға жатады, бұл ретте қоршаған ортаны тиiмдi қорғауды және сақтауды, сондай-ақ шекаралық және кедендік бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн шаралар әзiрленедi.
2. Теңiз портын орналастыру және жобалау мiндетi - бұл қауiпсiз қабылдау, тиеудi (түсiрудi) жедел жүргiзу және қазiргi заманғы әрi перспективалы көліктік кемелерге олардың келу кезегiне қарай кешендi қызмет көрсету талаптарын қанағаттандыратын және көлiктің теңiздік әрi аралас түрлерiнде тасымалдаудың прогрессивтi тәсілдерінің шарттарына жауап беретiн бiрыңғай кешен ретінде портты орналастырудың оңтайлы шешiмiн табу. Бұл ретте мыналар қамтамасыз етiлуi тиiс: порттың белгiленген өткізу қабiлетi, портты есептiк кезең шегiнен тыс ұзақ перспективада дамыту мүмкіндiгi және қабылданған шешiмдердің экономикалық орындылығы.
3. Жобаланатын порттың технологиялық құрылымының негiзгi элементтерi қабылдау, тиеу (түсiру), теңiз көлiк кемелерiне кешендi қызмет көрсету, сондай-ақ темір жол, автомобиль, құбыр және көліктің басқа да аралас түрлерінен жүктi қабылдау (беру) үшiн қажетті техникалық құралдардың (құрылыстар, ғимараттар, жабдықтар, жайластыру, көліктік және инженерлiк коммуникациялар) жиынтығы болып табылатын технологиялық қайта тиеу кешенi болуы тиiс.
4. Портты орналастыру жобасында айдынның жалпы мөлшерi айқындалуы тиiс, ол мынадай қажеттiлiкке негiзделе отырып белгiленеді:
1) айлақтарға кемелердiң қауiпсiз маневр жасауы және жақын келуi үшiн жағдайлар жасауға;
2) неғұрлым қолайлы толқын жағдайларына;
3) жүк және жолаушылар операциялары орындалған, жабдықтау, қызмет көрсету және бос тұрған кезде көлiк флоты кемелерінің ыңғайлы және қауіпсiз жұмысына;
4) портта орналасқан кемелердi айдында орналастыруға: олардың қауiпсiз кiруi мен тұрағын ескере отырып, техникалық флотты, қызметтiк-қосалқы флотты, мердiгерлік құрылыс ұйымдарын және басқа да ұйымдарды.
Порт айдынының жалпы мөлшерi, портқа кiретiн қақпалардың енi, мөлшерi және кiру рейдi мен бассейндердiң жоспарлы кескiндерi ұзақ перспективаға кемелер мөлшерiнің болжамды өзгерiсi мен перспективалық кеме айналымы ескерiле отырып, анықталады.
5. Осы Ережемен қатар құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын, теңiз порттарын жобалау кезiндегi санитарлық талаптарды басшылыққа алу қажет.
2. Теңiз портын салу үшiн алаң таңдау
6. Жаңа теңiз портын салу туралы шешiм қабылдау кезiнде теңiз жағалаулары табиғи режимiнің мынадай жағдайларын бағалау ескеріледі:
1) топографиялық жағдайлар (жағалау алабының кескiнi - шығанақ, бухта, фьорд, кiрме, көлтабан, лагун, қайраң, мүйiс);
2) гидрографиялық жағдайлар (теңiз түбінің бедерi - изобата, саяз жағалау, тереңдеу жағалау);
3) метеорологиялық жағдайлар (aуa температурасы, желдiң бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын және тұман);
4) гидрогеологиялық жағдайлар (cу деңгейiнің тұрақсыздануы, судың жағасынан шығуы мен қайтуы, толқындануы, теңiз ағысы, теңiз суының физикалық-химиялық қасиеттерi және мұз режимi);
5) геологиялық және геоморфологиялық жағдайлар, үйiнділер, теңiз суының құрылыс материалдарына әсер етуi.
Сондай-ақ алдын ала инженерлiк iздестiрулердiң мынадай материалдары мен мәлiметтерi ескеріледi:
геологиялық материалдар (жағалау мен айдынның топырағы туралы мәліметтер);
жел, толқын және мұз режимi туралы мәлiметтер, навигациялық кезеңнің ұзақтығы;
ағыс, үйiндiлер, климаттық жағдайлар туралы мәлiметтер және басқа да мәлiметтер техникалық-экономикалық есептеулерге қосымша ретiнде жеке ресiмделедi.