Теңiз портының мiндетті түрде көрсететiн қызметтерінің тізбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 193 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
«Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығын қараңыз
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 24 ақпандағы
№ 193 қаулысымен бекітілген
Теңiз портының мiндетті түрде көрсететiн
қызметтерiнің тiзбесi
1. Теңiз портының күшiмен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсiру жұмыстары.
2. Кеменiң теңiз портына, кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және/немесе өзге де мақсаттарда кiруi үшiн қызметтер (кеме кiрiсi):
1) корабельдік - кемеге теңiз портына кiрудi және одан шығуды ұсыну; 2) маяктік - кеменің порт айдынына кiруi кезiнде навигация және порт байланысы құралдарымен навигациялық қызметтер ұсыну;
3) арнамен өткен үшiн - кеменің айлаққа өтуi үшiн арнаны ұсыну;
4) айлақтық - кемелерге айлақтарда жүктік және көмекшi операциялар үшін тұрақтар ұсыну;
5) зәкiрлік - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта кеме тұрағын ұсыну;
6) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау, тiркеп сүйрегіштер жұмысы;
7) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау;
8) карантиндiк - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң және қамтамасыз ету бойынша теңiз портының қызметтер көрсетуі;
карантиндік жұқпалы ауруларды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсыну;
теңіз порты аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстау;
көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың күшiмен кемiргіштер мен жәндiктердi алдын-ала жою.