2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. 717-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
қосымша 717
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 717-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
2003 жылға арналған 030 "Мемлекеттер басшылары мен жеке
лауазымды адамдардың қауіпсiздiгін қамтамасыз ету" республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1143334 мың теңге (бір миллиард бip жүз қырық үш миллион үш жүз отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 5 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi туралы" Заңының 1, 2, 21 және 22-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың 3 қаңтарындағы № 2742 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi туралы ереже, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 9 қарашасындағы № 480қ жарлығы, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 12 желтоқсанындағы "2003 жылғы республикалық бюджет туралы" Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің, онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң, сонымен қатар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi туралы Заңының 1-2 бабына сәйкес басқа да мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде шет ел мемлекеттерi мен халықаралық ұйымдар басшыларының (күзетiлетiн тұлғалар) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: күзетілетiн тұлғалардың жеке басының қауіпсiздігін қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдар өмiрiне, денсаулығына, құқына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған қылмыс пен әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықты анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау, күзетiлетiн тұлғалардың меншiгiн күзету, қызметтiк жайларда және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртіппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, күзетiлетiн тұлғалар мен күзету объектiлерiне төнген қатерлi болжау және анықтау, одан сақтандыру және залалсыздандыру жөніндегі жедел шаралар кешенiн жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ. дар- лама коды | Кіші бағд- коды | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарлама ны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 030 Мемлекеттер Күзет қызметiн Жыл Күзет басшылары ұстау және мемлекет бойы қызметі мен жеке басшысы мен басқа лауазымды да мемлекеттік тұлғалардың лауазымдық тұлғалар- қауiпсiздiгiн дың, сондай-ақ қамтамасыз Қазақстан Республи- ету касының аумағында болған кезде басқа мемлекеттердiң күзетiлетiн тұлғала- рының қауіпсiздігін қамтамасыз етуге байланысты iс-шара- лар жүргiзу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: мемлекет
басшысының және басқа да мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде басқа мемлекеттердің
күзетiлетiн тұлғаларының қауіпсiздігін қамтамасыз ету.