2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 150аб қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 602, 603, 604, 605, 606-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
602-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
(бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)
001 "Әкiмшiлiк шығыстар" республикалық бюджеттік
бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 68760 мың теңге (алпыс сегiз миллион жетi жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi № 453-I Қазақстан Республикасы Заңының 1-30-баптары; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң аппаратына жүктелген функциялардың неғұрлым тиiмдi орындалуына қол жеткiзy үшiн оның қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң аппаратын ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Әкімшілік Республикалық Жыл Республикалық шығыстар бюджеттiң атқары- бойы бюджеттің 001 Орталық луын бақылау атқарылуын орган жөніндегі есеп бақылау аппараты комитетiнiң жөніндегі орталық аппаратын, есеп комитеті 40 бiрлiк деп бекітілген штат саны лимитiне сәйкес, жүктелген функция- ларын сапалы атқаруы мақсатында ұстау |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп
комитетiне жүктелген функциялардың сапалы әрі дер кезінде орындалуы,
органның үздiксiз қызмет етуi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
603-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
(бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)
010 "Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 144 мың теңге (бір жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы; "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді атқару және кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби саладағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімін, ептілігі мен шеберлігін жаңғырту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Кадрлардың Біліктілік артты- Жыл Республикалық біліктілігін рудың бекітілген бойы бюджеттің арттыру және жоспары бойынша атқарылуын қайта даярлау мемлекеттік қыз- бақылау 005 Мемлекеттік метшілердің жөніндегі қызметшілер- біліктілігін есеп комитеті дің білікті- арттыру жөнін- лігін арттыру дегі қызметті сатып алу, соның ішінде мемлекет- тік тілді оқыту- Біліктілігін арттыру курстары- нан өтіп жатқан мемлекеттік қыз- метшілердің орташа жылдық саны 28 адам- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік қазіргі кездегі экономикалық жағдайы мен ресурстық
мүмкіндіктеріне сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мемлекеттік
қызмет талаптарына жауап берген сапалы түрде оқытудың тиімді жүйесін
қалыптастыру және дамыту арқылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін
арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
604-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
(бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)
500 "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетiне ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" республикалық
бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 1990 мың теңге (бiр миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік аппараттың қызметiн жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң ақпараттық жүйесiне қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне ақпараттық-техникалық қызмет көрсету. Мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 500 Республикалық Ай сайынғы төлем- Жыл Республикалық бюджеттiң дер, интернетке бойы бюджеттің атқарылуын қосылғаны үшін атқарылуын бақылау 23 бірлік санын- бақылау жөніндегі дағы пайдаланушының жөніндегі есеп комите- абоненттiк төлемi, есеп комитеті тiне ақпарат- cepвepгe әкiмгершiлiк тық-есептеу жасау, серверде W-сайт қызметiн орналастыру, W-сайттың көрсету мазмұнын жаңалап отыру, жабдыққа техникалық күтiм жасау және қызмет көрсету, кapтридждер және өзге де шығындық материал- дар сатып алу- |
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп
комитетiнiң ақпараттық инфрақұрылымының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз
ету, дербес компьютерлердi, локалдi есептеу желісін және оның
компоненттерiн (серверлердi, желiлiк коммутаторларды және кабельдiк
жүйенi), сондай-ақ ұйымдастыру техникасын техникалық жарамды күйде ұстау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
605-қосымша
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 150аб қаулысымен 605-қосымша жаңа редакцияда
Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетi
(бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)
600 "Республиканың бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетін
есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" республикалық
бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 3677 мың теңге (үш миллион алты жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік аппараттық қызметін жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі іc-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сырттай бақылаудың ақпараттық-анықтамалық жүйесiн жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын автоматтандыру, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесіне бiр мезгілде ену.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N р/ н | Бағ. дар. лама. ның коды | Кіші бағ. дар. лама. ның коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер. зімі | Жауапты атқару. шылар |
1 2 3 4 5 6 7 |
1 600 Республикалық Портативті компьютер - Жыл Респуб. бюджеттің 5 дана, LCD-монитор. бойы ликалық атқарылуын лар - 8 дана, компьютер. бюджеттің бақылау лер - 9 дана, лазерлі атқары. жөнiндегі принтер - 7 дана, луын есеп портативті принтер - бақылау комитетін 2 дана, фотопринтер - жөніндегі есептеу және 1 дана, автосканер - есеп техникамен 1 дана, Adobe Acrobat комитеті қамтамасыз лицензиясы - 1 дана, ету сыртқы портативтi ақпарат жинақтаушы - 1 дана |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
үздiксiз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету, бақылау объектiлерiне барып
қызметті қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыс орындарын автоматтандыру
және кеңейту, электрондық шығу документациясын дайындау, мемлекеттік
органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену,
республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
қабылдайтын шешiмдердiң тиiмдiлiгiн және өзара келісімділігiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
606-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
(бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)
602 "Қаржылық бақылау объектiлерi бойынша ақпараттық деректер
базасын жасау" республикалық бюджеттік бағдарламаның
2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік аппараттың қызметiн жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан әрi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығы; "Қазақстан Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржылық бақылау объектiлерi бойынша ақпараттық деректер базасын жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу әдiстерiн жетiлдiру, Комитет қызметкерлерiн, бақылау объектiлерiнiң қаржылық есебiне талдау жасағанда аудитордың жұмысын iшiнара автоматтандыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы экономикалық процесстердi болжау және үлгiге салу, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныс әзiрлеу жөніндегі мiндеттердi орындауға мүмкiндiк беретiн құрал-сайманмен жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 602 Қаржылық Компьютерлiк аудит Жыл Республикалық бақылау үшiн қолданбалы бойы бюджеттiң объектiлерi бағдарламалық атқарылуын бойынша ақпа- жабдықтауыш жасау, бақылау жөнiн- раттық дерек- ақпараттық жүйенi дегі есеп тер базасын тестiлеу және енгізу, комитетi жасау 20 маманды жүйенi пайдалануға үйрету. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
жүргiзетiн бақылау iс-шаралары нәтижелерiне талдау жасаудың сапасын
арттыру, "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республикалық бюджеттiң қаржысы
есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелердiң қаржылық есебiне сапалы
бақылау жүргiзу бөлiгiнде толыққанды iске асыру (8-бап, 4-тармақ, 2,
3-тармақшалар).