Ең алдымен, тұтастай алғанда республика бойынша және оның аймақтары бойынша телекоммуникациялардың негiзгi қызмет түрлерiнiң нақты өзiндiк құнын бағалауды жүргiзу қажет. Экономикалық талдауды жүргiзгеннен кейiн байланыс және табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілeттi органдардың Түрлерiне қарай телекоммуникациялар қызмет көрсетулерi бойынша шығындарды бөлек есепке алу ережесін бекіту туралы бiрлескен бұйрығымен оның нәтижелерiне сертификаттау жүргiзілетiн болады. Бұл Ереже тиiмдi тарифтiк реттеу мақсатында рыноктың барлық субъектiлерi мен мемлекеттік органдардың пайдалануына арналған. Талдау нәтижесiнде рынок бәсекелестiк және дотациялық сегменттерге бөлінетiн болады.
Бұл кезеңде мынадай қағидаттарға негiзделетiн Телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспары әзiрленетiн болады:
1) қалыпты өмiр сүру жағдайын қамтамасыз ететiн жалпыға қол жеткiзiмдi қызмет көрсетулерге төлем қабілеттілігіне қарамастан, барлық пайдаланушылар үшiн қол жеткiзімдігі (анықтамалық-ақпараттық қызметтерде белгiленген құқық тәртібін қорғау органдарына, жедел дәрiгерлiк көмек, құтқару қызметi және т.б.);
2) пайдалану шығындарын өтейтiн және қажеттi кiрiстi қамтамасыз ететiн тарифтердi белгiлеу жолымен қызмет көрсету процесiнде байланыс операторлары қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
3) түрлi санаттағы абоненттер үшiн тарифтердi қалыптастыру қағидаттарындағы айырмашылықтарды жою.
4) қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлемнiң тарифi көтерiлген кезде өтемақы төлеу.
Байланыстың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерімдеу табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген қолайлы рентабельдiлiктi қамтамасыз етпейтiн қызмет көрсетулерге тарифтердi арттыру және халықаралық байланысқа тарифтердi кемiту жолымен бiртiндеп жүзеге асырылатын болады.
Сонымен бiр мезгiлде қызмет көрсетулердің түрлерi мен аймақтар бойынша дотациялау көлемдерi айқындалуы тиiс. Бұл үшiн мемлекет байланыс саласындағы әлеуметтік мақсаттарды әмбебап қол жеткізу өлшемдерiнің, көлемдерiнің, аймақтарының және бағаларының бекітілген нысанында айқындайды.
Тағы да осы кезеңде бекітілген тарифтердi едәуiр және жаппай көтерусiз жергiлiктi байланысқа тарифтердi қайта теңгерiмдеудi жүргiзуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды элемент ретiнде жергiлiктi байланыс қызмет көрсетулерiн уақыттық есепке алуды енгізу жүргiзiлуi тиiс.
Тарифтердi белгілеу кезiнде шығындарды көрсетуде объективтіліктi қамтамасыз ету үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісінiң байланыс операторлары бекітілген ережеге сәйкес қызмет түрлері бойынша бөлек есепке алуды енгiзетiн болады.
Даярлық кезеңiнiң соңында өзгерістер үшiн қажеттi барлық нормативтік-құқықтық база бекiтілуі тиiс және ең алдымен "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қажеттi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi тиiс.
Сөйтіп, бiрiншi кезеңнiң негiзгi iс-шаралары мыналарды қамтиды:
1) саланы экономикалық талдау;
2) Телекоммуникациялардың реттелетiн (жалпыға қол жеткiзiмдi) қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспарын әзiрлеу және жүзеге асыру;
3) жергiлiктi байланыс қызмет көрсетулерінің уақыттық есебiн енгізу;
4) байланыс операторларының қызметтердiң түрлерi бойынша шығындарды бөлектеп есепке алу ережесін енгізу;
5) рыноктағы барлық субъектiлердiң ынтымақтаса қатысуы негiзiнде әмбебап қол жеткізудi ұйымдастыру және қаржыландыру тетiгiн әзiрлеу;
6) операторлардың байланыс қызметтерiн бiрлесiп көрсетуi кезiнде, сондай-ақ трафик алмасу және оның транзитi кезiнде өзара есеп айырысуларды желiлiк ресурстарды беру тәртібін қоса алғанда, Телекоммуникациялар желiлерiн қосып алу ережесін әзiрлеу.
2-кезең. Телекоммуникациялар рыногын ішінара ырықтандыру.
2004 жылғы бiрiншi тоқсанда мынадай негiзгi шарттар негiзiнде тиiстi лицензиялар талаптарына жауап беретін барлық байланыс операторларына халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерiн көрсету құқығын беру жолымен телекоммуникациялар рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңі жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баламалы операторларға әмбебап қол жеткізудi қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер жүктеу;
2) кез келген баламалы операторлардың телекоммуникациялар желісін өзара қосып алу құқығын беру (транзиттiк те, қол жеткізу операторлары ретiнде де);
3) ЖПТЖ шеңберiнде тек бір деңгейдегi желiлер арасында трафиктi қабылдау және беру жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету (халықаралық - KXO арқылы, қалааралық және аймақтық - АМТС, жергiлiктi - жергiлiктi желiлердің транзиттiк тораптары арқылы);
4) "Қазақтелеком" ААҚ ұлттық байланыс операторының оның телекоммуникациялар желісіне жасасқан шарттарға сәйкес қосылған абоненттерге (жеке немесе заңды тұлғаларға) халықаралық және қалааралық телефон байланысы қызмет көрсетулерiн беруге айырықша құқығын сақтау;
5) "Қазақтелеком" ААҚ ұялы байланыс операторларының халықаралық трафик транзитiне эксклюзивтiк құқығын сақтау;
6) "Қазақтелеком" ААҚ халықаралық, қалааралық байланыс қызметтерiн ұсынуға бұрын берген эксклюзивтiк құқығын мерзiмiнен бұрын алып тастауға байланысты мәселелердi реттеу.
Халықаралық және қалааралық байланыс рыногын ашқанға дейiн бәсекелестiк үшiн тарифтердi қайта теңгерiмдеудi бастау және әмбебап қол жеткізудi (жалпыға қол жеткiзiмдi қызметтердi) ұйымдастыру және қаржыландыру тетiгiн бастау қажет.
Бұдан басқа, шет елдiк заңды және жеке тұлғалардың 2008 жылға дейiн байланыс операторларының капиталына немесе ДСА-мен келiсуге Қазақстан Республикасының осы ұйымға кiру күнiнен кейiнгi мерзiмге дейiн коммерциялық араласу (кемiнде 50 %) жөніндегі шектеулердi енгізу мүмкiндiгiн қарау қажет.
Осы кезеңде баламалы байланыс операторлары халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерiн көрсету құқығын бере отырып, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнiң санатына олардың желiлерiн ауыстыру жолымен берiлген байланыс желiлерiнiң операторлары негiзiнде пайда болады.
Бiр мезгілде телекоммуникациялар рыногына жаңа қатысушылардың енуi үшiн жағдайлар жасалатын болады.
3-кезең. Телекоммуникациялар рыногын толық ырықтандыру.
Саланы мынадай қағидаттарда толығымен ырықтандыруды жүзеге асыру 2005 жылдың аяғына жоспарланып отыр (бiрiншi кезеңнiң iс-шаралары орындалған жағдайда):
1) байланыс қызметтерiн ұсыну кезiнде тұтынушының (жеке немесе заңды тұлғаның) кез келген байланыс операторын таңдауға құқығын қамтамасыз ету (оның iшiнде техникалық);
2) кез келген байланыс операторының (бoc радиожиіліктi ресурстардың болмауы жағдайларын қоспағанда, егер олардың пайдаланылуы талап етiлсе) байланыс рыногына еркiн қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету (телекоммуникациялар саласындағы қызмет түрлерiн шектеусiз);
3) операторлардың телекоммуникациялар желiлерiн өзара қосып алу жөніндегі шектеулердiң болмауы.
Қалааралық және халықаралық байланыс рыногын ырықтандыру нәтижесiнде пайда болатын бәсекелестiкке қарамастан, "Қазақтелеком" ААҚ онда магистралдық та, сол сияқты жергiліктi желiлердiң де дамыған инфрақұрылымы болуына қарай, әлi ұзақ уақыт монополист болып қала бередi, оның кiрiстерiнiң құрылымы өзгеретiн болады және оның қызметiнің басым бағыттарының бiрi басқа да байланыс операторларына желi қызметтерiн көрсету болмақ, атап айтқанда:
магистралдық арналарды жалға беру және транзиттік қызмет көрсету;
абоненттердiң баламалы байланыс операторларының қызмет көрсетуiне қол жеткізуi үшiн жергiлікті желiлердiң ЖПТЖ-ға қосылуы;
Мұндай жағдай жаңа баламалы байланыс операторлары пайда болған сәтке дейiн жалғаса бередi, ол уақыт өте келе "Қазақтелеком" ААҚ-мен бәсекелестiкке түсуi мүмкiн.
Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ "Қазақтелеком" ААҚ-на байланыстың жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн ұсыну жөніндегі мiндетi мен қорғаныс, қауiпсiздiк және құқықтық тәртіптi қорғау басқармаларының органдарын байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету функциялары заңды түрде жүктелетiнiн ескере отырып, оның Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнiң ұлттық байланыс операторы мәртебесi сақталып қалады.
7. Техникалық базаны қамтамасыз ету.
Қоғамның барлық қабаттарына қол жеткiзiмдi осы заманғы ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету спектрiн кеңейту ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешу, аймақта ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттілiктi қамтамасыз ету тиiсті техникалық базаны дамытуды талап етедi. Бұл бағытта мыналар қажет:
1) ұлттық желiнің тиiстi сыйымдылығына және оның құрылым ерекшелiктерiнe сәйкес жаңа нөмiрлендіру жоспарын енгізу. Жоспарды енгізу алдында "ҚР телекоммуникациялар желісін нөмiрлеудің жүйесi мен жоспары" деген басшылық құжат және Телекоммуникациялар желiлерiнің нөмiрлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесi әзiрленуi әрi бекітілуi тиiс;
2) Ұлттық ақпараттық супермагистраль (ҰАСМ) тұрғызуды, жаңғыртуды, жергiлікті желiнi (қалалық та, әрi ауылдық та) 60% деңгейге дейiн цифрландыруды; абоненттiк қол жеткізу желiлерiн жаңғыртуды қамтитын ұлттық телекоммуникациялық желiнi салу және жаңғырту, мұның өзi телекоммуникациялық және ақпараттық қызмет көрсетулер спектрiн кеңейту мүмкiндiгiн кешендi қамтамасыз eтедi;
3) телекоммуникациялық рынокты ырықтандырудың ажырамас шарты болып табылатын, телекоммуникациялардың өзара байланысты желiлерінің байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысулардың көпшілік қабылдаған қағидаттарын iске асыруға ықпал жасайтын ҚЕУЖ-дi жер-жерде енгізу.
ҚЕУЖ қызмет көрсетулерге ақы төлеуге әдiлетті көзқарас негiзiнде кiрiстердi арттыруды халықтың төлемге қабiлеттi бөлiгiне түсiре отырып, халықтың әлеуметтiк қорғалмаған бөлiгiне бiрiншi кезектегi мұқтаждары үшiн шығыстарын көбейтпеуге мүмкiндiк беретiн жергiлiктi байланыстың рентабельдiлiгiн арттырудың маңызды құралы ретінде қаралады;
4) жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісінiң барлық операторларының қалааралық шақырулардың және операторлар арасындағы трафиктiң секундтық тарифтеуiн енгізу.
Ceкундтық тарифтеуге көшу туралы шешiм байланыстың барлық операторларына таралуы және бiр мезгілде енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте тiкелей секундтық тарифтеудi енгiзгенге дейiн тарифтеу қағидаттарын өзгертудi ескере отырып, тарифтердi қайта есептеудi жүргiзу қажет. Ceкундтық тарифтеу аппараттық та, бағдарламалық та құралдарға таралатын барлық сертификаттау рәсiмдерiн өткiзгеннен кейiн енгiзiлетiн болады;
5) техникалық талаптарды әзiрлеу және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын (АЖІІШ) жүргiзу үшiн Қазақстанның өзара байланысты телекоммуникациялар желісіне сертификатталған жабдықтарды енгізу.
8. Телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау қызметiн реформалау.
Лицензиялау, тұтастай алғанда телекоммуникациялар саласын және оның жекелеген сегменттерiн дамытуда, бәсекелестiктi арттыруда және рынокқа қатысушылар санын көбейтуде мемлекеттік саясатты iске асырудың негiзгi құралы болады. Бұл мақсатқа iс жүзiнде қол жеткізу үшiн лицензияларды алудың, лицензия шарттарының сақталуын бақылауды, инфрақұрылымды дамыту жөнiндегі міндеттемелер енгізудің дәл және ашық рәсiмін қамтамасыз ету үшiн телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру және толықтыру қажет. Бұл үшін мыналар қажет:
1) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, телекоммуникациялар саласындағы лицензиялауға қатысты басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерістер енгізу;
2) елдiң телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға арналған күштердi шоғырландыру мақсатында телекоммуникациялар мен байланыс операторлары қызметтерiнiң санаттары бойынша реттеу деңгейлерiн нормативтiк бекіту. Бұл ретте байланыс саласындағы қызметтi міндеттi лицензиялау саласынан ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды меңгермеген қызмет көрсету провайдерлерi (беpушілepi) алынып тасталады;
3) лицензиялық төлемдерге қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгерістерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
9. Радиожиiлiктiк реттеудi реформалау.
Байланыс қызметiн көрсету рыногының әлеуеттi көлемiн ұлғайту, жаңа радиотехнологияларды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мыналар жүзеге асырылатын болады:
1) Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына және халықаралық келісімдерге сәйкес радиожиілік спектрiн пайдалануды үйлестіру;
2) радиожиiлiк спектрiн айырбастау;
3) радиожиілік спектрiн бөлу және бақылау жүйесiн оңтайландыру, жекелеген радиожиілік қызметiн құру;
4) радиожиiлiк спектрiн айырбастауға және жаңа технологияларды дамытуға ықпал ететін жиiлiктердi бөлудің экономикалық әдiстерiн әзiрлеу;
5) олардың экономикалық орындылығы мен икемдiлiгiн қамтамасыз ететiн радиожиiлiк спектрiн (бұдан әрi - РЖС) пайдалану үшiн ставкаларды қалыптастыру әдiстемесiн әзiрлеу.
10. Телекоммуникациялар саласында стандарттау және сертификаттау жүйесiн құру.
Мұндай жүйенi құрудың негiзгi тетігі телекоммуникациялар саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитет болады. Бұл мүдделi заңды тұлғалар негiзiнде құрылатын байланыс саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттар және басқа да нормативтiк кесiмдер қорын, оларды әзiрлеудi, бекітудi және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркеудi және таралымын көбейтудi қоса алғанда, қалыптастыру функциясын жүктеуге болатын мемлекеттік емес жұмыс органы.
Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың және техника-экономикалық ақпарат жiктеуіштердiң, техникалық регламенттердiң, ережелердің, стандарттау жөніндегі ұсынымдардың, шет елдердiң ұлттық стандарттарының салалық электрондық базасын құру қажет.
Мыналар көзделедi:
Мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулер тiзбесiне өзгерістер енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің арнайы талаптарына сәйкестiкке сертификаттау және телекоммуникациялар жабдығы мен ақпараттық жүйелердi сертификаттау кезiнде АЖІІШ жүргiзу тетігiн әзiрлеу;
халықаралық талаптарға сәйкес келетiн 2001-2005 жылдарға арналған "Сапа" республикалық бағдарламасының шеңберiнде телекоммуникациялар ұйымдарында сапа жүйесін енгізу;
стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдармен (ХЭО, ТХҰ, ДПО, ЕБСИ, және басқаларымен) байланыстарды нығайту. Бұл халықаралық ауқымда тiркеуден өткен ең жақсы техникалық шешiмдердi қабылдауға ықпал ететiн болады.
11. Телекоммуникациялар саласындағы перспективалы бағыттар бойынша кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру.
Телекоммуникациялық сала серпiндi дамып отырған сала болып табылады. Қазiргi уақытта телекоммуникациялар саласында негiзiнен классикалық үлгiдегi инженерлер жұмыс iстейдi, ал соңғы 10 жылда әрбiр екi жыл сайын телекоммуникациялардағы технологиялар өзгеріп немесе жетілдiрілiп отырды, ал осы заманғы аппаратура микропроцессорларда iске асырылады және басқаруды компьютерлер жүзеге асырады. Осының бәрi оқыту бағдарламасын түбегейлi өзгертудi талап етедi.
ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 6-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыpу
көздерi
Бағдарламаны iске асыру үшiн байланыс операторларының меншiктi қаражаты мен қарыз қаражаты, отандық және шетелдiк инвесторлардың қарыздары мен кредиттерi, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн (телекоммуникациялардың шығынды қызмет көрсетулерiн субсидиялаудың (дотациялаудың) мүмкiн болар нұсқасы ретiнде) қаражат, гранттар және заңнамада тыйым салынбаған басқа да қаржылық қаражат тартылатын болады. 2003-2005 жылдары қаржыландыруға республикалық бюджеттен 5844,3 млн. теңге жiберу жоспарланып отыр, оның iшiнде 2003 жылы - 40,4 млн.теңге, 2004 жылы - 5792,9 млн. теңге, 2005 жылы - 11 млн. теңге. Бұл ретте жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады;
Телекоммуникациялар саласында инвестициялық саясат базалық телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру жолымен байланыс операторлары санын арттыруға және қызмет көрсетудiң алуан түрлi үлгiсiн кеңейтуге негiзделген салауатты бәсекелестiктi дамытуды ынталандыруы тиiс. Инфрақұрылымдар мен желiлердi құру телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдығы болады.
Мемлекеттiң телекоммуникациялар рыногы субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының ашық тетiктерiн енгізуге, Қазақстан телекоммуникацияларының өзара байланысты желісін басқарудың әлеуметтiк кепілдерi мен тұрақтылығын сақтау кезiнде, бiртiндеп ырықтандыруға бағытталған күш-жiгерi операторлардың инвестицияларды тікелей тартуын қамтамасыз етеді.
Әмбебап қызмет көрсетулердi (жалпыға қол жеткiзiмдi) ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторларының шығындарын қаржыландыру тетiгi ұлттық байланыс операторын iшкi тоғыспалы субсидиялауды пайдаланудан бас тарту жолымен аса ашық нұсқада түрленетiн болады, мысалы мыналар сияқты: а) арнайы салалық резерв (қор) құру, мұндай қорды жинақтау телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушыларының аударымдарынан, халықаралық гранттардан және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен болуы мүмкiн; б) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау; в) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден тiкелей мемлекеттік қолдауды талап ететiн тұтынушылар (халық) топтарын айқындау.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бүгiнде телекоммуникациялар саласы ұлттық шаруашылықтың кәдiмгi қызмет көрсетушi инфрақұрылымдық саласынан экономика тiрегiне айналып отыр, себебi ол тек әдеттегi және жетiлдiрiлген қызмет көрсету түрлерiн ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк, саяси және экономикалық өзгерістердің бастаушысы да болып қызмет атқарады. Қазiргi уақытта осы заманғы қоғамның шын бейнесi болып табылатын ақпараттық қоғамның қалыптасу процесi жүріп жатыр.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Қазақстанда халықтың байланыс қызметiне қол жетiмділігі үшiн терiс салдарларсыз телекоммуникациялардың толық бәсекелестiк рыногына кiнаратсыз өтуіне кепілдік беретiн экономикалық жағдай мен мемлекеттік реттеу, мемлекеттік ақпараттық қауiпсiздiк, телекоммуникациялар саласындағы ұлттық бәсекеге қабiлеттiлiк жүйесi құрылатын болады.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мыналар жүзеге асады:
телекоммуникациялардың өзара байланысты желісінің үздiксiз жұмыс iстеуiн және оны оңтайлы басқаруды қамтамасыз ету;
телекоммуникациялардың базалық қызмет көрсетулерiне халықтың қол жеткізуiн қамтамасыз етудi кеңейту;
телекоммуникациялардың ұсынылатын қызмет көрсету спектрiн кеңейту;
Орталық Азия аймағының коммуникациялық инфрақұрылымында Қазақстан Республикасының көш бастаушы ұстанымын қамтамасыз ету. Қазақстанның Оңтүстiк Шығыс Азия - Еуропа және Орталық Азия - Ресей бағыттарында маңызды ақпараттық ағындарды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық транзит торабы ретiнде қалыптасуы;
телекоммуникациялар саласында мемлекеттік реттеу тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн телекоммуникациялар саласындағы бiрыңғай нормативтiк құқықтық базаны құру;
телекоммуникациялық инфрақұрылымға қысқа мерзiмдi де, ұзақ мерзiмдi де кезеңге инвестициялау үшiн жағдай жасау;
телекоммуникациялар рыногында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру, қол жеткізудiң жергiлiктi желiлерiн және қосылған байланыс қызмет көрсетулерi рыногын дамытуға арналған мүмкiндiктердiң өсуi;
саланың жұмыс тиiмділігiн арттыру және байланыс қызметтерiн тұтынудың құрылымдық үйлесiмсiздiгiн кемiту;
саланың серпiндi дамуы жағдайында мамандарды оқыту жүйелерi мен процестерiн құру және қамтамасыз ету.
Шығыстарды бөлек есепке алуды енгізу және рынокқа қатысушылардың барлығына ауыртпалықты тең бөлудiң ашық және әдiл тетiгiне бiртiндеп ауыстыру жолымен бiр оператордың iшіндегі рентабельдi емес қызмет көрсетулердi ашық емес кросс-субсидиялау жойылатын болады.
Байланыс қызмет көрсетулерiне экономикалық негiзделген тарифтердi қайта теңгерiмдеу және белгілеу операторлар үшiн бұрын тартымсыз болған рынок секторларында бәсекелестіктiң пайда болуына әкеледi, мұның өзi сөзсiз қызмет көрсетудiң сапасын және әр түрлiлiгін едәуiр арттырады.
Тұтастай алғанда, ұлттық шаруашылықтың бұл секторын толығымен рыноктыққа өзгертуге мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасалады және институциональдық қайта құрылымдау қамтамасыз етiледi, ұзақ мерзiмдi перспективада телекоммуникациялар саласын орнықты дамытуға алғы шарттар жасалады.
Бағдарламаны iске асыру 2005 жылдың соңына қарай мынадай мақсаттық индикаторларға қол жеткізуге бағытталатын болады:
тiркелген телефон желiлерiнiң тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына шаққанда 17;
ұтқыр байланыс абоненттерiнiң тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына шаққанда 11;
облыс орталықтарында қоғамдық телефондардың (электрондық таксофондардың) тығыздығы - 10 мың тұрғынға шаққанда 8, 2003 жылы 6,5;
Интернеттi пайдаланушылар тығыздығы - елдiң 1000 тұрғынына шаққанда 30, 2003 жылы 17;
телекоммуникациялардың жергілікті желiлерiн цифрландыру деңгейi - 60 пайыз, 2004 жылға қарай - 50 пайызға дейiн;
магистральдық желiлердi цифрландыру деңгейi - 100 пайыз, 2004 жылға қарай 90%.
ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 8-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
┌───┬─────────────────┬──────┬─────────┬────────┬───────┬─────────────┐
│Р/с│ Іс-шара │Аяқтау│Орындау- │Орындау │Болжа- ├Қаржыландыру │
│ N │ │нысаны│ға (іске │(іске │натын │ көзі │
│ │ │ │асыруға) │асыру) │шығыс- │ │
│ │ │ │жауапты- │мерзімі │тар, │ │
│ │ │ │ лар │ │млн- │ │
│ │ │ │ │ │теңге │ │
├───┴─────────────────┴──────┴─────────┴────────┴───────┴─────────────┤
│ 1. Нормативтік құқықтық базаны құру және жетілдіру │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│1.1. "Қазақстан Бұйрық ККМ 2003 Талап │
│ Республикасының жылғы етілмей- │
│ телекоммуника- І ді │
│ циялар желісін тоқсан │