Рыноктың орташа рентабельдiлiгiн 15%-ға бағалауға болады.
2001 жылы телекоммуникациялар саласын инвестициялау көлемi 15,06 млрд. теңгенi құрады және де ұлттық оператор 11,03 млрд. теңге инвестициялады, 2002 жылы "Қазақтелеком" ААҚ 14,187 млрд. теңге сомасына жобаларды қаржыландыруды көздеп отыр.
Проблемалар.
Сонымен бiрге сыртқы да (тұтастай алғанда ел экономикасының дамуы), iшкi салалық та көптеген проблемалар шешiмiн таппай отыр. Солардың негiзгілерi мыналар болып табылады:
Телекоммуникациялар саласындағы қоғамдық қатынастарды және теңгерiмдi техникалық саясатты реттейтiн нормативтiк базаның саланың даму қарқынынан қалып қоюы.
Нашар ғылыми негізделген әдiснамалық негiз салдарынан жүйелi көзқарас жоқ. Байланыс саласындағы бүкiл арнайы ғылыми-техникалық және жобалық база iс жүзінде дәстүрлі түрде Ресейде орналасқан. Жобалауға, маркетингтік және ғылыми зерттеулерге, ғылыми-әдiстемелiк базаны әзiрлеуге мамандандырылған отандық ұйымдарды құру және оларға мемлекеттік қолдау көрсетудi қамтамасыз ету проблемасы өткiр тұр. Қолданылып жүрген заңнамада сала дамуының қазiргi кезеңіндегі қатынастарды реттеу үшiн қажетті және перспективада оның дамуын қамтамасыз ететiн көптеген нормалар жоқ. Байланыс операторларының, қызмет көрсету провайдерлерiнiң, рынок реттеушiсiнiң, тұтынушылардың арасындағы өзара қатынастарды реттейтiн нормативтiк кесiмдердi әзiрлеу және жетiлдiру талап етiледi.
Проблеманы шешу үшiн бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және көбейту жоспарланып отыр.
Экономиканың дамуы мен телефон тығыздығының өсуi арасындағы алшақтық. Елдегi байланыстың даму деңгейi тұтастай алғанда экономиканың даму деңгейiнен бiршама кейiн қалып отыр. Сонымен бiрге, Қазақстанның біртіндеп урбанизациялануы нәтижесiнде аймақтардың арасындағы да сол сияқты қала мен ауыл арасындағы да халық тығыздығының қайта бөлiнуi жүруде. Бір мезгiлде байланыс қызмет көрсетулерiне төлемге қабiлеттi сұраныс көлемi артуда. Мұндай жағдайда саланың кiрiсiн арттыру стратегиясы тек iске қосылған телефон желiлерi санының артуына ғана емес, сонымен бiрге ең алдымен экономикалық тұрғыдан алғанда ең перспективалы аудандардағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн жаңғыртуға, трафиктiң табиғи өсуiне, қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiн, оның iшiнде қосылған құны бар қызмет көрсетулердi енгізуге сүйенуi тиiс. Осы факторды ескере отырып, бағдарламаны iске асыру процесiнде қолда бар желi сыйымдылығын және телефон тығыздығы деңгейiн кемiтудi болдырмау және тұтынушылардың төлемге қабiлетті сұранысын барынша қанағаттандыратын оның өсiмiн қамтамасыз ету мақсатына бағдарлану қажет.
Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсіндегі монополия. ЖПТЖ-дағы монополия тарихи себептерге қарай туындады, ал оның қазiргi кезде сақталуына әлеуметтік маңызды қызмет көрсетулерге арналған дәстүрлi қалыптасқан тарифтердi реттеу практикасы бүгiнгi күнге дейiн салада қызмет көрсетулер арасында (шығынды қызмет көрсетулер жоғары кiрiстердің есебiнен ұсталады), сол сияқты пайдаланушылар санаттары арасында да (бiрдей қызмет көрсету түрлерiне пайдаланушының мәртебесiне байланысты бiрнеше тарифтер белгiленген) тоғыспалы субсидиялау тетiгiн пайдалану да үлкен ықпал етедi. Реттелетiн тарифтердiң көпшiлiгiнде аймақтарға (экономикасы дамыған, тоқыраған және т.с.с.) байланысты пайдалану шығындары деңгейінің айырмасы да көрсетiлмейдi. Мұндай тарифтер оларды өндiруге және ұсынуға жұмсаған байланыс операторларының негiзделген шығындарының орнын толтыра алмайды. 2001 жылы "Қазақтелеком" ААҚ "Андерсен Менеджмент Интернэшнл" (Дания)" консалтингтік фирмасымен бiрлесiп жергiлiктi телефон байланысы қызмет көрсетулерiнiң (жалпыға бiрдей қол жеткiзiлiмнiң бiреуiне) өзiндiк құнына алдын ала талдау жүргiзген болатын, оның нәтижелерi шығындарды жабу үшiн телекоммуникациялар саласына жыл сайын кем дегенде 2 млрд. теңге жұмсалуы қажет екендiгiн көрсетті. Алайда тарифтердi қажеттi қайта теңгерiмдеудi монополист көптеген параметрлер бойынша шығындарды бөлек есепке алуды енгiзгеннен кейiн ғана байыпты жүзеге асыру мүмкiн болады.
Телекоммуникациялық рыноктағы жағдайды өзгерту үшiн тарифтiк реттеудi жетілдiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу, Телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспарын әзiрлеу және iске асыру жоспарлануда.
Шығындарды бөлектеп есепке алу тетiгiнiң болмауы. Телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң өзiндiк құны тек жекелеген қызмет көрсетулер үшiн ғана емес, сонымен бiрге елдiң түрлi аймақтары үшiн де әртүрлi. Желi элементтерi бойынша және жекелеген қызмет көрсетулер бойынша шығындарды бөлектеп есепке алу тетігінің болмауы экономикалық негiзделген тарифтердi есептеуге ықпал етпейдi, бұл өз кезегiнде кiрiстердi толық алмауға және соның салдарынан негiзгi қорлардың орны толмас тозуына әкеп соғады.
Проблеманы шешу үшiн тиiстi Ереже мен әдiстеме әзiрленедi.
Ескiрген техникалық база. Телекоммуникациялардың ұлттық желісін жаңғырту және дамыту үшiн негiзгi қаржыландыру көзi ұсынылатын қызмет көрсетулерден алынатын кiрiстер болып табылады. Тарифтердiң теңгерiмсiздігін ескерсек, жаңғырту қарқыны жеткiлiктi жоғары емес. Бүгiнгi уақытқа дейiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісінде табиғи және моральдық тозған жабдықтардың үлкен көлемi пайдаланылады. Әсiресе телекоммуникациялардың жергiлiктi желiлерiнiң қол жеткізу желiлерiнде тозу пайызы жоғары. Жоғары пайдалану шығындары әрi тағы да телекоммуникациялардың жаңа қызмет көрсетулерiн ұсынудан түсетiн кiрiстердi толық алмау цифрландырудың жеткiлiксiз жоғары деңгейінің салдары болып болып табылады.
2005 жылдың соңына дейiн ЖПТЖ-ға арналған цифрлық жабдық деңгейiн жалпы сыйымдылықтың 50-60%-на дейiн жеткізу талшық-оптикалық кабельдердi пайдалана отырып байланыс желiлерiнің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.
Радиожиілік спектрінің жеткіліксіздігі. Қазақстанда жақын перспективада IМТ-2000 (W-CDМА, СDМА-2000) жылжымалы байланыстың үшiншi буыны стандарттарын таңдау және енгізу жөніндегі жұмыс басталады, олар 5 МГц бiр арнада тарату жылдамдығы 8 кбит/с бастап 2 Мбит/с дейiнгi шектерде жатқан бiрнеше түрлi қызметтердi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, тек бiр терминалға сөздi және деректердi берудi талап ететiн нақты мультимедиялы ақпаратты беру қамтамасыз ете отырып, пакеттер коммутациясы қызметтерiнен бiр ғана арнада белгiлер берiлуi мүмкiн. Қазiргi уақытта Халықаралық электр байланысы одағы (бұдан әрi - ХЭО) барлық елдер мүддесiнде бұл байланыс жүйелерiне қажеттi радиожиілік ресурсын бекіту мәселелерiн шешуде. Қазiрдiң өзiнде Қазақстанда 3-буынға өтпелi стандарттарды (2,5 стандарттаp деп аталатындар) енгізу мүмкiндiгi қарастырылып отырғанына қарамастан, жиiлiктердiң қажетті өрiстерiн бөлу проблемалары өте баяу шешiлуде.
Тiркелген байланыс желiлерiнде сымсыз жүйелердi пайдалану мәселесi бос радиожиіліктердiң болмауына байланысты өткiр күйiнде қалып отыр. Мұндай жағдай, әсiресе ЖПТЖ операторлары үшiн тиiмсiз, себебi ол ауылдық байланыстың дамуын және ауылдық елдi мекендерде соңғы мильдi (желi жабдығынан абоненттік құрылғыға дейінгі қол жеткiзУ желісі) ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды арзандату процесiн тежейдi.
Байланыс операторлары мен әлуеттiк ведомстволар пайдаланатын радиожиiлiктердi келiсу баяу және еңбектi көп жұмсау арқылы жүргiзiледi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану жөніндегі өкiлеттіктердi шектеулердiң, келiсу жүргiзудiң реттелген тәртібінiң болмауы көп жағдайда негiзсiз бас тартуларға әкеп соғады.
Бұдан басқа, радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн өндiрiп алынатын ақы мөлшерiн белгiлеудiң экономикалық негізделген әдiстемесi жоқ. Радиожиiлiк спектрiн негiзгi пайдаланушылар көпшiлiк бөлігінде әлуеттiк ведомстволары болып табылатындықтан, ал спектрдi ауыстыру бағдарламасының болмауына байланысты жаңа технологияларды енгізу тежелiп отыр.
Бағдарламада көтерiлiп отырған проблемаларды шешуге бағытталған бiрқатар iс-шараларды орындау көзделіп отыр.
Бiрқатар бағыттар бойынша жоғары біліктi мамандардың болмауы. Телекоммуникациялар саласы кадрларын оқыту процесi желiлердi жаңғырту және дамыту жоспарларымен келiсусiз жүргiзiледi, мамандарды қайта даярлау өз уақытында жүргiзiлмейдi, мұның өзi кадрлар даярлаудың саланың даму қарқынынан едәуiр артта қалуымен түсiндiрiледi. Өндiрiстiң радиоэлектроника және телекоммуникациялар бағыты бойынша жоғары біліктi инженерлер мен мамандар даярлауды жүргiзетiн жоғары оқу орындарымен (магистратура және аспирантура) байланысы нашар екендігін айта кету керек.
Сала мамандарын даярлау және қайта даярлау проблемасы Қазақстанның жоғары оқу орындарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ XЭО-мен ынтымақтастық арқылы шешiледi.
Стандарттау мен сертификаттаудың салалық жүйелерiнiң болмауы. Ағымдағы сәтте салада стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмыс iс жүзiнде жүргiзiлмейдi. Салада техникалық сәйкестiкке сертификаттаудан өтпеген жабдықты пайдалануға тыйым салу нормативтік бекітілмеген. Осындай техникалық құралдарды немесе тек қауiпсiздiк параметрлерi бойынша сертификатталған құралдарды пайдалану, салада сапасы төмен жабдықтарды пайдалануға әкeп соғады.
Проблемаларды шешу үшiн телекоммуникациялар саласындағы стандарттау және сертификаттау жөніндегі жұмыстар жандандырылатын болады.
ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 4-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Телекоммуникациялар саласын дамыту бағдарламасының негiзгі мақсаты Қазақстан экономикасының ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға бәсекелi бiрiктiрiлген телекоммуникациялық секторын әрi қарай дамытуға бағытталған тетiктердi қалыптастыру мен жағдайлар жасау болып табылады. Ақпараттық қоғамға өтудi қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік саясаттың мынадай үш негiзгi бағыты атап көрсетiледi: әлеуметтік-саяси, техникалық-технологиялық және экономикалық. Бағыттардың әрқайсысы бойынша бiрқатар бiрiншi кезектегi міндеттерді шешу қажет.
Әлеуметтік-саяси мiндеттер:
жеке және заңды тұлғалардың жер-жерде жұрттың қолы жетер телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткізулерiн қамтамасыз ету;
халықтың және дамып отырған экономиканың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, оның iшiнде, қауiпсiздiктi, қорғанысты және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ететiн органдардың телекоммуникациялардың түрлi қызмет көрсетулерiне өсiп отырған қажеттiлiгін қанағаттандыру;
тұтынушылардың ақпараттық технологиялардың соңғы жетiстiктерiне және ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуiне жағдайлар жасау;
ұлттық ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
Техника-технологиялық мiндеттер:
бiрыңғай ұйымдастырушылық және техникалық идеология негiзiнде жұмыс iстейтiн, жоғары сапалы iшкi және халықаралық ақпараттық алмасуды, телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң барлық түрлерiн дамыту үшiн қуатты базаны қамтамасыз ететiн осы заманғы ұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымды жедел дамыту;
стандарттаудың және сертификаттаудың әлемдiк деңгейге сәйкес келетiн салалық жүйесiн дамыту;
мынадай ұлттық ресурстарды: радиожиiлiк ресурсын және нөмiрлеу ресурсын орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету.
Экономикалық мiндеттер:
телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану тиiмділігiн және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
Қазақстанның транзиттiк әлеуетінің мүмкiндiктерiн барынша iске асыру;
телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын дамытуға және байланыс операторларының тиiмдi жұмысы үшiн жағдайлар жасауға, телекоммуникациялар рыногының барлық субъектiлерiнiң тұрақты және серпiндi дамуына бағытталған мемлекеттік реттеу тетігін жетілдiру;
байланыс қызметтерi рыногында адал бәсекелестiк ортаны дамыту және барлық байланыс операторлары үшiн тең құқықты қамтамасыз ету.
телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсету тарифтерiн қайта теңдестiру кезiнде әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға қолдау көрсету.
ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 5-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және iске асыру
тетiктерi
Телекоммуникациялық саланы дамыту, саланың техникалық және технологиялық жақтарын үнемi жетiлдiру реттеу тетiктерiн үнемi түзетіп отыруға әкеп соғады.
Телекоммуникациялық ортаның халықаралық экономикалық бiрігуіне қарай, байланыс рыноктарындағы қатынастарды реттеудiң жалпы үлгілерi әзiрленуде және белгiленуде. Халықаралық ақпараттық-телекоммуникациялық орта тек халықаралық экономикалық бiрiгудiң салдары ғана емес, бiрақ едәуiр дәрежеде оның себептерi де бола отырып, байланыс саласын экономиканың басқа да секторларынан бұрын байланыс ұйымдары қызметiнiң экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған және жалпы реттейтін тілді iздестiруде бiлдiрiлетiн қатынастарды реттеудiң жалпы әлемдiк, ұлттан тыс (шет елдiк) үрдiстерге көңiл бөлуге мәжбүр етедi.
Телекоммуникацияларды мемлекеттік реттеудің аса тиiмдi тетіктерiн қолдану телекоммуникацияларды реттеудiң шетелдiк тәжiрибесiнде туындайтын проблемалар мен коллизиялар туралы, сондай-ақ Қазақстанда қолданыстағы құқықтық нормаларды iске асырудың осы заманғы проблемалары туралы түсініктердің болмауы жағдайында мүмкiн емес. Осыған байланысты, тек мәселелердiң барлық спектрiн жан-жақты есепке алу телекоммуникациялық саладағы қатынастарды реттеудiң оңтайлы әдiсiн жасауға мүмкiндiк бередi.
Осы Бағдарлама шеңберiнде мынадай негiзгi бағыттар бойынша тұтас бiрқатар iс-шараларды iске асыру қажет:
1. Телекоммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның, байланыс операторларының және тұтынушылардың өзара iс-қимылын жаңа деңгейде реттейтiн заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны құру және жетiлдiру.
Телекоммуникациялар саласында құқықтық қатынастардың болуы мүмкiн өзгерiсiн уақтылы есепке алуды көзделген құқықтық реттеудiң аса икемдi жүйесiн белгілеу үшiн оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негіз қалаушы нормативтiк құқықтық кесiм болып табылады.
Телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын құқықтық реттеудің қолданыстағы жүйесiне нормативтiк құқықтық кесiмдер мен техникалық және технологиялық нормаларды, ережелер мен стандарттарды (нормативтiк-техникалық кесімдер) қамтитын нормативтiк кесiмдер кiредi. Бұл кесiмдердiң жиынтығы телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын қалыптастыру және дамыту процесстерiн, рынокқа қатысушылардың қызметiн реттейдi, сондай-ақ мемлекеттік peттеудің тиiстi нысандарын белгілейдi.
Заңға енгiзетiн өзгерістер мен толықтырулар телекоммуникациялық саланы құқықтық реттеудiң теориясы мен практикасын, сондай-ақ әлемдік тәжiрибенiң оң нәтижелерiн ескеретiн болады.
Бұдан басқа, байланыстың өзара байланысты желісінiң толық және сенiмдi жұмыс iстеуiн, көрсетiлетiн қызметтiң сапасын, олардың қол жеткізiмдiлігiн, мемлекеттік мүдделер мен тұтынушыларды қорғауды, рынокқа қатысушылардың теңдігiн қамтамасыз ететiн нормалар, талаптар мен ережелер әзірленетiн және қабылданатын болады.
Мынадай негізгі нормативтiк-құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдер:
өзара байланысты желiнiң технологиялық тұтастығын, телекоммуникациялар желілерінің сыйымдылығы мен бiрiктiрілу тәртібiн реттейтiн;
телекоммуникациялар рыногында өз қызметiн жүзеге асыратын байланыс операторларының өзара iс-қимылын, олардың арасында желiлiк ресурстарды өзара пайдаланғаны және трафик өткiзгенi үшiн өзара есеп айырысулар тәртібін реттейтін;
байланыс саласындағы лицензиялау мәселелерiнде қазiргi заманды үрдiстердi ескеретiн;
әмбебап қол жеткізудi ұйымдастыруды және ұсынуды, әмбебап қол жеткізу операторы түсiнігін реттейтiн;
байланыс операторлары мен пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасын реттейтiн;
мемлекетке тиесілi шектелген ресурстарды (радиожиілiк спектрiн, нөмiрлеудi және басқа) пайдалану тәртібін реттейтiн;
байланыстың желiлерi мен жүйелерiн техникалық пайдалану тәртібін белгілейтiн;
телекоммуникациялар құралдарын, қызмет көрсетулерi мен жүйелерiн стандарттау және сертификаттаудың салалық жүйелерiн құру және қолдау тетiгін реттейтiн құжаттарды қамтиды.
Тұтастай алғанда, телекоммуникациялар рыногы субъектiлерiнiң қызметін және желілер мен жүйелердi техникалық пайдалануды peттеуге қатысты жиырма шақты нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту жоспарланып отыр.
2. Саланы мемлекеттік реттеудi жетiлдiру.
Телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру үшiн олардың реттеу функцияларының бiр бөлiгiн жаңа мемлекеттік органға (Реттеушi) бере отырып, байланыс саласын реттейтін қазiрде бар мемлекеттік органдарды өзгерту көзделiп отыр.
Әлемдiк практика көрсеткенiндей, дәл осындай Реттеушiлер неғұрлым жоғары дәрежеде пәрмендi реттеуші тетiктердi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және барлық байланыс операторларының мүдделерiне оларды әдiл, тең құқықты және ашық пайдалануына кепiл бола алады.
Реттеушi тәуелсiздiгiнiң кепiлi үшiн оның барлық байланыс операторларынан функционалды тәуелсiз болуы қажет. Мемлекет жұмыс iстеп тұрған байланыс операторларына ("Қазақтелеком" ААҚ, "Қазпочта" ААҚ және басқа) қатысты иелігін немесе едәуiр бақылау дәрежесiн сақтаған жерде, мемлекеттік реттеу функциясын иеленумен немесе жұмыс iстеп тұрған операторларды бақылаумен байланысты қызметтен тиiмдi құрылымдық бөлiнуi орын алуы тиiс.
Реттеушi сондай-ақ, оның функцияларын орындау үшiн қажеттi ақпаратты алуға мүмкiндiк беретiн өкiлеттiк бередi.
Тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде қаржыландыруды ескере отырып, толық ырықтандыру басталғанға дейiн 2004 жылы осындай Реттеушiнi құру мүмкiндiгi қарастырылады.
3. Қосып алу қызмет көрсетулерiнiң қағидаттарын жетiлдiру.
Халықаралық тәжiрибенi, сондай-ақ ХЭО ұсынымдарын ескере отырып, байланыс операторларының қосып алу қызметiн көрсетулерi жөніндегі қызметін мемлекеттік реттеу тетiгінің негiзiне мынадай базалық қағидаттарды кепiлдiкке алу жоспарлануда:
желілерге қосылу міндеттілiгi;
кемсiтушiлiктің болмауы;
қосып алу қызметiнің бағаларына есеп айырысудың ашықтығы, өзiндiк құнға және рентабельділіктiң нормативтiк деңгейiне бағдарлау.
4. Телекоммуникациялардың қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткізудi қамтамасыз ету.
Халықтың телекоммуникациялық қызмет көрсетулерге әмбебап қол жеткізуiн жер-жерде қамтамасыз ету мақсатында әмбебап қол жеткізудiң өлшемдерi мен көлемiн анықтау, әмбебап қол жеткізумен қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру әмбебап қол жеткізудi қаржыландыру тетіктерiн әзiрлеу қажет.
Әмбебап қол жеткізу - бұл Қазақстанның телекоммуникациялық желілерiнің әлеуметтiк қажеттi (жалпыға бiрдей) қызмет көрсетулерiне кез келген пайдаланушының құқығын iске асыруда кез келген сәтте өтініш жасауының техникалық және бағалық мүмкiндiгi.
Халықты әмбебап қол жеткізумен қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар мынадай қағидаттарға негiзделетiн болады:
әмбебап қол жеткізудi қамтамасыз етудiң тиiстi кепiлдiгiн беретiн операторлардың рынокқа кiруi үшiн кедергiлердi барынша азайту;
кез келген әкiмшiлiк жүктемелер мен шығындарды барынша азайту;
әмбебап қол жеткізудi беру шеңберiнен тыс шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң iшкi iсiне қол сұқпау;
объективтi, ашық, үйлесiмдi және кемсiтпеушiлiксiз рәсiмге негiздеу; уақыт өте келе әмбебап қол жеткізуге жұмсалатын шығынды азайтуды қамтамасыз ету үшін тиімділiк пен технологиялылықты арттыруды ынталандыратын орта құру;
әмбебап қол жеткізуге қауiпсiздiктi, қорғанысты және құқық тәртібін қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдарға және құрылымдарға басымдық беру. Әмбебап қол жеткізудi қаржыландыру тетiгi рынокты iшкi тоғыспалы cубсидиялаудан барлық операторлардың және мемлекеттiң қаржылық ынтымақтаса қатысуының жалпы ұлттық тетiгiн құрғанға дейiнгi ырықтандыру барысында өзгеретiн болады.
Халықты жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызмет көрсетулерiмен қамтамасыз етудің соңғы нысаны мемлекеттік реттеудiң мынадай тетiктерiне негiзделетiн болады:
халықтың барлық топтары үшiн қол жетiмдi қызмет көрсетулердiң ең аз базалық пакетiн техникалық және құн көрсеткiштерiнде нормативтік айқындау;
әмбебап қол жеткізуi ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелерi құзыретiне кiретiн уәкiлеттi органды айқындау;
мемлекет реттейтiн қол жеткiзiмдi тарифтерге қолдау көрсету;
рентабельділіксiз қызмет көрсетулердi беретiн операторлардың шығындарына өтемақы төлеу;
жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісі байланыс операторларының қызмет түрлерi мен аймақтар бойынша шығындарды бөлек есепке алуы;
әмбебап қол жеткізу операторларын таңдауға бәсекелестiк көзқарас;
телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушылары арасында не мемлекеттік бюджет есебiнен қаржылық жүктеменi бөлу.
Әмбебап қол жеткізудi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының әрбiр аймағында жалпыға қол жеткiзiмдi қызметтер көрсететiн байланыс операторы (операторлары) айқындалуы тиiс. Жалпыға қол жеткізімді қызметтер көрсетуге уәкілеттi жалпы пайдаланыстағы байланыс желісінiң операторы барлық тiлек бiлдiрушi тұлғаларға байланыстың тиiстi желісі арқылы белгiленген аумақта бұл қызмет көрсетулердi ұсынуды қамтамасыз етуге міндеттi.
Әмбебап қол жеткізудi жүзеге асыру құқығы жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнің операторлары арасындағы конкурс нәтижелерi бойынша берiлетiн болады. Белгiлi бiр аумақтағы байланыс саласындағы жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтердi көрсетуге өтiнімдер болмаған, не өтiнімдер беретiн байланыс операторларының ресурстары мен қаражаты жеткiліксiз болған жағдайда мемлекет осындай операторды дербес тағайындауға өзiне міндеттеме алады.
Әмбебап қол жеткізудi жүзеге асыратын операторды анықтау кезiнде негiзi өлшемдер мыналар болып табылады: қызмет ауқымы, берiлген сипаттамалары бар жалпыға қол жетiмдi қызмет көрсетулердi ұсынуға қабiлеттiлігi (көлемдерi, түрлерi, сапасы, қызмет көрсетілетiн аумақты қамтуы), халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтарына қолдау көрсету бағдарламаларын, сондай-ақ оператор қызмет көрсететiн аумақта орналасқан денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету бағдарламаларын орындауды қамтамасыз етуге қабiлеттiлiгi.
Әмбебап қол жеткізудi қаржыландыру тетiгiн енгізу халықтың тығыздығы төмен аудандар мен тоқырауға ұшыраған аумақтарды қоса алғанда, елдің барлық аймақтарында жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн құруға инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ететiн жағдайлар туғызады. Қазақстанда тұрғындарының саны 200 адамнан кем емес 2790 телефондандырылмаған елдi мекен бар, бұларды, телефон байланысымен қамтамасыз ету үшiн шамамен 4 684,38 млн. теңге талап етіледi.
Демографиялық, географиялық және өзге де жағдайларға байланысты осы проблеманы шешуге техникалық көзқарас түрлiше - байланыстың дәстүрлi кабельдiк желiлерiн салу, радио ұзартқыштар мен сымсыз радиоға қол жеткізудің жүйелерiн пайдалану, ауылдық байланыстың спутниктік желiсіне қосылған ДАМА спутниктiк станцияларын орнату, басқа жүйелер мен жаңа технологияларды пайдалану.
Телефондандыру бағдарламасын орындауға үлкен көлемді қаржыландыру талап етілетiнiне байланысты, тұрғындар саны 200 және одан артық барлық елдi мекендердi телефондандыру проблемасы 2006 жылға қарай жартылай шешiлетiн болады.
5. Телекоммуникациялар саласындағы тарифтiк реттеу тетiктерiн жетілдiру.
Тарифтiк реттеу телекоммуникацияда жалпыға бiрдей қол жеткiзілiмдi қызмет көрсетулерi бойынша, ал бәсекелестiк рыногында байланыс қызметін көрсету басым операторлардың қызметтерiн заңнамада белгiленген тәртiппен реттеу жолымен жүзеге асырылатын болады.
Әдiл тарифтік реттеудi қамтамасыз ететiн негiзгi құрал жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісінiң байланысы барлық операторларының қызмет көрсету түрлерi бойынша шығындарды бөлек есепке алуды, сондай-ақ уақыттық есепке алуды енгізу болып табылады.
Бұл бағытта:
қызмет көpceтудің өзіндiк құнын анықтай отырып, телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргiзiлетiн;
қызмет көрсетулер түрлерi және аймақтар бойынша шығындарды бөлек есепке алу ережесi әзiрленетiн және бекітілетiн;
жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі байланысының операторлары шығындарды қызмет көрсетулер түрлерi және аймақтар бойынша бөлек есепке алуы енгiзілетiн;
телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердiң қайта теңгерiмінің жоспары әзiрленетiн және iске асырылатын бoлады.
6. Бәсекелестiктi дамытудың қажеттi шарты ретiнде телекоммуникациялар рыногын кезең-кезеңiмен ырықтандыру.
Байланыс рыногын ырықтандырудың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құрудың жалпы векторының бөлiнбес элементi болып табылатын, рынокты сапалы және қол жетiмдi қызмет көрсетулермен тез толықтыруға, жиынтық ұлттық бәсекелестігі қабiлетiнiң өсуiне әкелетiн бәсекелестiк орта құру болып табылады.
Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады.
1-кезең. Даярлық.
Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру басталғанға дейiн 2003-2004 жылдар ішінде ырықтандыру процесiнде жалғасуы мүмкiн бiрқатар жүйелiк даярлық iс-шараларын жүргiзу қажет.