Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмді әскери
қызметке шақыруды өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 22 қаңтардағы № 76 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.21.07 № 761 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 623 қаулысымен күші жойылды
"Жалпыға бірдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткізу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 22 қаңтардағы
№ 76 қаулысымен
бекітілген
Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды
мерзiмді әскери қызметке шақыруды өткізу
ЕРЕЖЕСI
1-тарау. Негiзгi ережелер
1. Осы Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жалпыға бірдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже мыналарды айқындайды:
1) әскер қатарына шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жастарды әскери қызметке даярлауды;
2) мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды зерделеудi;
3) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру тәртібін.
2-тарау. Әскер қатарына шақыруға дейiнгi және әскерге
шақырылу жасындағы жастарды әскери қызметке даярлау
3. Әскер қатарына шақыруға дейінгi және әскерге шақырылу жасындағы жастарды әскери қызметке даярлау мыналарды қамтиды:
бастапқы әскери даярлықты;
әскерге шақырылу жасындағы жастарды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауды;
жоғары оқу орындарындағы студенттердi запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды;
дене дайындығын;
емдеу-сауықтыру жұмыстарын;
патриоттық тәрбиенi.
4. Әскер қатарына шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жастардың бастапқы әскери даярлығы Заңға және "Бастапқы әскери даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысына сәйкес жүргiзiледi.
5. Әскер қатарына шақырылушы жастарды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау Заңға сәйкес даярлықтың шарттары мен сипатына байланысты өндiрiстен қол үзiп және сонымен бірге қол үзбестен жүргiзiледi.
Даярлыққа алатын әскери-техникалық мамандығы бойынша денсаулық жағдайы жарамды әскерге шақырылушы жастар және оқуды бiтiргеннен кейiн мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар тартылады.
6. Өндiрiстен қол үзiп әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлықтан өткен әскерге шақырылушы жастар үшiн оқу кезеңiнде жұмыс орны, атқарған лауазымы сақталады және негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төленедi.
Өндiрiстен қол үзбей оқуға тартылған әскерге шақырылушы жастарға даярлық кезеңінде, кешкi оқыту нысаны бойынша оқитын адамдар үшiн заңнамада көзделген Ережеге үйлестiре қысқартылған жұмыс күнiнің ұзақтығы белгiленедi. Даярлық және емтихан тапсыру уақытында оларға негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төленіп, ұзақтығы 10-15 жұмыс күнi (мамандығына және оқу бағдарламасының көлемiне байланысты) демалыс берiледi.
7. Жоғары оқу орындарының студенттерiн әскери даярлау Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) әскери даярлау туралы Заңға және Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысымен бекітілген запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жүргiзiледi.
8. Әскер қатарына шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жастардың дене даярлығы жалпы орта білiм беру оқу орындарындағы және басқа да білім беру ұйымдарындағы оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
9. Әскер қатарына шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жастардың әскери қызметке дене даярлығы жөніндегi iс-шараларды жоспарлау мақсатында аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар жыл сайын 15 қыркүйекке дейiн ұйымдардан және білім беру ұйымдарынан әскери қызметке даярлауға жататын 15-16 жастағы жасөспiрiмдердің бөлек жасалған тiзiмiн (1-қосымша) сұратады.
10. Жас жiгiттердi емдеу-сауықтыру жұмыстары мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарымен емдеу және емдеу-сауықтыру ұйымдарында, оларда жасөспiрiмдер емханаларын, бөлiмшелерi мен кабинеттерiн құра отырып олардың тұрғылықты жерлерi, оқу немесе жұмыс орындары бойынша ұйымдастырылады.
11. Әскери қызмет атқаруға кедергi келтiретiн немесе оған жарамдылық дәрежесiн шектейтiн ауруы және зақым салдары бар барлық адамдарды уақтылы анықтау, азаматтарды шақыру пункттерiне тiркеу жүргiзу немесе оларды әскери қызметке шақыру мерзімдерiне дейін емдеу үшiн белсендi шаралар қабылдау жас жiгiттердi емдеу-сауықтыру жұмыстарының негiзгi мiндеттерi болып табылады.
12. Жас жiгiттердi емдеу-сауықтыру іс-шараларын уақтылы жүргiзу мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жүктеледi.
13. Тұрғылықты жерi бойынша ауданның емдеу-алдын алу ұйымдарында жүргiзілуi мүмкін емес арнайы ем және зерттеу түрiне мұқтаж әскерге шақырылу жасындағы жастар, аудандық (қалалық) әскери комиссариатты және денсаулық сақтау органын хабардар ете отырып, басқа да емдеу-алдын алу ұйымдарына жiберiледi.
14. Жас жiгiттердi емдеу-сауықтыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келiсе отырып Денсаулық сақтау министрлігі белгiлеген тәртiппен ұйымдастырылады.
15. Әскер қатарына шақыруға дейінгi және әскерге шақырылу жасындағы жастарды патриоттық тәрбиелеу бастапқы әскери даярлық кешенiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады.
Оның негiзгi мақсаты азаматтыққа және патриоттыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге, халықтың дәстүрлерiн қастерлеуге, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу болып табылады.
3-тарау. Мерзiмді әскери қызметке шақырылуға
жататын азаматтарды зерделеу
16. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды зерделеу әскери комиссариаттардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жаңа буынмен сапалы түрде жасақтауды қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндетi болып табылады. Ол шақыру комиссияларын әскерге шақырылу жасындағы жастар туралы толық объективтi деректермен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Әскерге шақырылу жасындағы жастарды әскери комиссариаттарда олардың iскерлік, моральдық қасиеттерi, денсаулық жай-күйi, дене тәрбиесінің дамуы, отбасының жағдайы, жалпы білімi мен арнайы дайындығы туралы мәлiметтердi жоспарлы жинақтау негiзiнде жүзеге асырылады.
Осы жұмыстың барысында әскерге шақырылу жасындағы жастарды әлеуметтiк-психологиялық зерделеу жүргiзiледi және оларды мерзiмдi әскери қызметтi өткеру кезiнде мамандықтар бойынша тиiмдi бөлу жүргiзiледi.
17. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды зерделеу, олардың шақыру пункттеріне тiркелуінен басталуы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына жөнелтiлгенге дейiн жүргiзiлуi тиiс.
Әскерге шақырылу жасындағы жастарды зерделеудi әскери комиссариаттардың офицерлерi осы мақсат үшiн жалпы білім беретiн оқу орындарының, кәсiптiк бастауыш және кәсіптік орта білiм беру ұйымдарының өкiлдерiн кеңiнен тарта отырып жүргiзуi тиiс.
Аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарда әскерге шақырылу жасындағы жастарды зерделеу жөніндегі жүйелi және жоспарлы жұмысты қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын әскерге шақырылу жасындағы жастарды зерделеу жоспарлары әзiрленедi, онда: қандай лауазымды адам, қандай әскерге шақырылу жасындағы жастарды дербес зерделеуi қажет екені, зерделеу әдiстерi мен мерзімдерi көрсетіледi.
Әскерге шақырылу жасындағы жастарды зерделеу:
әскерге шақырылушымен жеке әңгімелесу жолымен;
ата-аналарымен немесе әскерге шақырылушыны тәрбиелейтін адамдармен;
әскерге шақырылушы жұмыс iстейтiн (оқитын) ұйымдар мен білім беру ұйымдарының басшыларымен;
тұрғылықты жерi бойынша учаскелік полиция инспекторларымен;
әскерге шақырылушымен таныс басқа да адамдармен (көршiлерi, достары) жеке сөйлесу арқылы жүргiзіледi.
Әскерге шақырылу жасындағы жастарды зерделеу процесiнде қылмыстың және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар, тергеуде немесе iсi сотта қаралып жатқандар, iшкi iстер органдарында, жүйке аурулары, туберкулез, терi-жыныстық қатынас аурулары, наркология диспансерлерiнде және басқа да емдеу-алдын алу ұйымдарында есепте тұрғандар міндеттi тәртіппен анықталуы тиiс.
Осы нәтижелер әрбір әскерге шақырылу жасындағы жасқа арналып ресiмделетiн зерделеу парағына жазылады. (2-қосымша). Жүргiзiлетiн зерделеу қорытындысы бойынша әрбір әскерге шақырылушы жас объективтi түрде бағалануы тиiс.
18. Аудандық әскери комиссарлар әскерге шақырылу жасындағы жастарды зерделеу материалдары мен өздерiнің қорытындыларын әскерге шақырылу жасындағы жастарды мерзiмдi әскери қызмет атқару үшiн жiберу туралы шешiм қабылдайтын аудандық (қалалық) шақыру комиссияларына баяндайды.
4-тарау. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру тәртібі
19. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы негiзiнде Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына қажеттi санында жүргiзiледi. Шақыруды кейiнге қалдыру немесе шақырудан босату құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейiнгi азаматтар шақыруға жатады.
20. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру жүргiзудi ауданның (қаланың) және облыстың жергiлiктi атқарушы органының әкімі тиiстi әскери комиссариаттар арқылы ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
21. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi өз құзыреттерi шегiнде әскери қызметтiң жалпыға бірдей әскери мiндеттілiк мәселелерi жөніндегi заңнамаларды орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
22. Білім беру ұйымдарының және меншiк нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары әскерге шақырылу жасындағы жастарды iссапарлардан (демалыстардан) шақырып алуды, оларды хабардар етудi ұйымдастырады және шақыру пунктiне уақтылы келулерiн қамтамасыз етедi.
Мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жататын әскерге шақырылу жасындағы жастар әскери комиссариаттың шақыруы бойынша шақыру комиссиясынан өту үшiн және осы Ереженiң 26-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына жөнелту үшiн шақыру пунктiне келедi.
23. Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру олардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келісімен, шақыруды кейiнге қалдыру құқығы болмаған кезде Заңға сәйкес (3-қосымша) жүзеге асырылады.
24. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және оларды шақыру пункттерiне келу туралы хабардар етудi хабарлау және әскерге шақырылу жасындағы жастарды iздестiру топтары жүргiзедi (4-қосымша).
Шақыру комиссиясына шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру құқығы аяқталған азаматтар шақырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына жөнелту мерзiмді әскери қызметке шақырылудан босатылған және шақыруды кейiнге қалдыруға құқығы бар адамдардан басқа әскерге шақырылушы 18 жасқа толысымен жүзеге асырылады.
25. Аудандық (қалалық) әскери комиссарлар әскерге шақырылу жасындағы жастардың шақыру пункттерiне келуiн бақылайды және шақыру комиссиясына келмеген адамдар туралы шақыру комиссиясының төрағасына баяндайды.
Әскерге шақырылу жасындағы жастар дәлелсiз себеппен келмеген барлық жағдайлар туралы аудандық (қалалық) әскери комиссарлар оларды iздестiру үшiн Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына хабарлайды. Шақырудан қасақана жалтарып жүрген, сондай-ақ азаматтардың шақыру пункттерiне уақытылы келуiне кедергi келтiрген адамдарға арналған материалдарды қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту үшiн тиiстi органдарға тапсырады.
26. Азаматтардың шақыру учаскелерiне келмеуiнiң дәлелді себептерi болып мыналар танылады:
еңбек қабiлетiн жоғалтуымен байланысты ауруы (жарақаты);
жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы;
немесе азаматтың жеке өзi келуi мүмкіндiгінен айырған басқа да жағдайлар.
Келмеу себептерi тиiстi құжаттармен расталуы тиiс.
27. Заңға сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшiн аудандарда (қалаларда) ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы әкімінің шешiмiмен аудандық (қалалық) шақыру комиссиялары құрылады.
28. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларына мыналар жүктеледi:
әскерге шақырылу жасындағы жастарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
мерзiмдi әскери қызметке шақыру және әскерге шақырылу жасындағы жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлерi мен әскер тектерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары бойынша тағайындау туралы шешiм қабылдау Заңның 15, 16-баптарына сәйкес азаматтарға мерзiмдi әскери қызметтi кейiнге қалдыруды ұсыну және шақырудан босату.
29. Әскерге шақырылу жасындағы жастарды медициналық куәландыруды мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар мынадай дәрiгерлер: хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, көз дәрiгерi, отоларинголог, дерматовенеролог, тiс дәрiгерi өткiзедi. Әскерге шақырылу жасындағы жастарды медициналық куәландыру үшiн қажет болған жағдайда басқа да шағын мамандықтағы дәрiгерлер тартылады.
Медициналық куәландыру жабдықталған, осы жұмыс үшiн арнайы бейiмделген шақыру (жиын) пункттерiнде жүргiзiледi.
Әскерге шақырылу жасындағы жастарды медициналық куәландыруды бастау алдында дәрiгер-мамандар емдеу-алдын алу ұйымдарынан алынған медициналық құжаттармен және ондағы мәліметтермен танысуға және оларды шақырылушылардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн айқындау және дене дамуын, денсаулық жай-күйiн бағалау кезiнде ескеруге мiндеттi.
Шақыру пунктіндегі медициналық қызметкерлердің жұмысына басшылықты дәрiгер - медициналық комиссияның төрағасы әскери-дәрiгерлiк сараптама саласында қажеттi білімi мен жұмыс тәжiрибесi бар, неғұрлым біліктi дәрiгер-мамандардың қатарынан тағайындалатын шақыру комиссиясының мүшесi жүзеге асырады.
30. Әскерге шақырылу жасындағы жастарды денсаулық жай-күйi мен дене дамуы бойынша мерзiмдi әскери қызметке жарамдылығын, олардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң түрi мен әскер тектерi бойынша, басқа да әскерлерi мен әскер тектерiне тағайындалуын әрбір дәрігер-маман жеке бағалау әдiсiмен айқындайды.
Әрбір дәрiгер-маман әскерге шақырылу жасындағы жастардың мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жарамдылығы (уақытша немесе толық жарамсыздығы), денсаулық жай-күйi бойынша шектеу дәрежесi туралы қорытындыны әскерге шақырылу жасындағы жастарды есепке алу картасына енгiзедi және әскерге шақырылу жасындағы жастардың медициналық куәландырылған күнi көрсетiліп, дәрiгер маманның қолы қойылып расталады.
31. Дәрігер-маман әскерге шақырылу жасындағы жастардың денсаулық жай-күйiн тиянақты анықтауға қиналатын жағдайларда медициналық комиссия оны амбулаторлық немесе стационарлық тексерiлуге емдеу (емдеу-алдын алу) мекемесiне жiбередi. Жолдамада болжалды диагноз және тексеру кезiнде ненi нақты анықтау қажеттiгi көрсетіледi, сондай-ақ денсаулық жай-күйiн зерттеу актiсi қоса берiледi.
Емдеу (емдеу-алдын алу) мекемесінің дәрiгерлерi әскерге шақырылу жасындағы жастарды тексерудi аяқтасымен осы мекеменiң бас дәрiгерi мен тексеру жүргiзген дәрiгер-маман қол қоятын және емдеу мекемесiнің елтаңбалы мөрiмен бекiтілетін денсаулық жай-күйiн зерттеу актiсiн жасайды. Акт әскерге шақырылу жасындағы жастардың денсаулығы мен дене дамуының жай-күйi жөніндегі барлық деректердi ескере отырып, оның әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселенi шешетiн шақыру комиссиясының қарауына ұсынылады.
32. Дәрiгер-маман шақырылу жасындағы жастардың әскери қызметке жарамдылығы (уақытша әскерге немесе толық жарамсыздығы) туралы мынадай қорытындылар шығара алады:
денсаулық жай-күйi бойынша шектеу дәрежесi көрсетiле отырып, саптық қызметке жарамды;
денсаулық жай-күйi бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiн қалдыруды қажет етедi;
бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптық емес қызметке жарамды;
әскери есептен шығарыла отырып әскери қызметке жарамсыз.
33. Әскерге шақырылу жасындағы жастар медициналық куәландырудан өткеннен кейiн медициналық қызметкерлердің жұмысына басшылық жасайтын дәрiгер, медициналық комиссияның төрағасы дәрiгер-мамандармен әскерге шақырылу жасындағы жастардың есепке алу картасына енгiзілген барлық жазбалардың дұрыстығын тексередi. Ол шақыру комиссиясының төрағасына әрбір әскерге шақырылу жасындағы жастар бойынша оның денсаулық жай-күйi, әскери қызметке жарамдылығы және сол немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң өзге де түрi мен әскер тектерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына қабылдау мүмкiндiктерi туралы баяндайды. Науқасы бар адамдар бойынша - оларды науқасы бойынша шақыруын кейiнге қалдыру немесе қосымша тексеруге (емдеуге) жiберу қажеттiгі туралы баяндайды.
34. Әскерге шақырылу жасындағы жастарды медициналық куәландыру қорытындыларына және оларды зерделеу деректеріне сәйкес аудандық (қалалық) шақыру комиссиялары мынадай шешімдердің бірiн қабылдайды:
әскерге шақырылу жасындағы жастың саптық қызметке жарамдылығы және оны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің тиiстi түрi немесе әскерлер тегiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына қажеттi әскери мамандығы бойынша жөнелте отырып мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы;
негiздiлiгiн көрсете отырып, әскерге шақырылу жасындағы жасты мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру туралы;
әскерге шақырылу жасындағы жастың бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыздығы, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамдылығы және әскери мiндеттiлердің әскери есебiне алынуы туралы;
әскерге шақырылу жасындағы жасты әскери есептен шығара отырып жарамсыз деп тану туралы;
шақырылуы кейiнге қалдырылған әскерге шақырылу жасындағы жастарды 27 жасқа толуына байланысты әскери мiндеттiлердiң есебiне алу туралы;
шақыру комиссиясы әскерге шақырылу жасындағы жастың денсаулық жай-күйiн анықтай алмаса оны қосымша тексеруге жiберу туралы.
35. Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тиiстi түрлерi мен тектерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешiм қабылдау кезiнде олардың өндiрiстiк біліктiлiгi мен мамандығы, денсаулық жай-күйi ескеріледi, осыған байланысты әдетте:
зымыран, авиация, броньды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығаруға байланысты ұйымдарда жұмыс iстейтiн әскерге шақырылу жасындағы жастар тиiстi әскер түрлерi мен тектерiн жасақтауға жiберiледi; режимдi және арнайы бөлiмдердi жасақтау үшiн көрсетiлген командаға алдын ала iрiктелген әскерге шақырылу жасындағы жастар жiберiледi;
әуе-десант әскерлерiн жасақтау үшiн әскерге шақырылу жасындағы жастарды бірiншi кезекте парашютшi спортшылар қатарынан iрiктеу жүзеге асырылады. Әскерге шақырылу жасындағы жастардың ортадан кем емес бiлімi, дене бiтiмiнің жетілуi жақсы (бойы 170 см-ден кем емес) болуы тиiс;
жоғары білімi бар әскерге шақырылу жасындағы жастар оқу бөлiмдерiне олардың білiмiне және әскери дайындық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жiберiледi;
математика, физика және инженерлiк-экономикалық факультеттерiн бiтiрген әскерге шақырылу жасындағы жастар радиотехникалық, зениттiк-зымыран бөлiмдерiне, Қарулы Күштердiң барлық түрлерінің байланыс бөлiмдерiне жiберiледi;
ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру факультеттерiн бiтiрген әскерге шақырылу жасындағы жастар - танк, авиация, зениттiк-зымыран бөлiмдерiне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң азаматтық қорғаныс бөлiмдерiне жiберiледi;
сәулет, көркем сурет және кинотехникалық факультеттерiн бiтiрген әскерге шақырылу жасындағы жастар инженерлiк-саперлiк бөлiмдерiне жiберiледi;
медицина және фармацевтика факультеттерiн бiтiрген әскерге шақырылу жасындағы жастар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, тиiсiнше медицина және фармацевтика қызметтерiне жiберiледi.
егiз ағайындылар, егер олар мерзiмдi әскери қызметке бір мезгiлде және бір шақыру комиссиясымен шақырылса және білімi мен арнайы дайындығы, денсаулық жай-күйi мен дене бiтiмiнің дамуы бойынша және басқа да деректерi жөнiнен бірдей болса, бірге бір әскери бөлiмде қызмет ету үшiн жiберiлуге тиiс;
ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған үшiн өтелген және алынып тасталған соттылығы бар, сондай-ақ екі және одан көп соттылығы бар әскерге шақырылу жасындағы жастар әскери құрылыс жасақтарын (бөлiмдерiн) жасақтауға жiберiледi.
36. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру азаматтарға Заңның 15-бабына сәйкес берiледi:
отбасы жағдайы бойынша;
оқуын жалғастыру үшiн;
денсаулық жай-күйi бойынша;
басқа да себептер бойынша.
37. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмiмен берiледi.
38. Отбасы жағдайы бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру азаматтарға олардың отбасы жағдайын тексерудің негiзiнде Заңға сәйкес берiледi және осы мәселенi алғашқы қараған кезде бір рет қабылданады.
Тексерудi жергiлiктi атқарушы органның, білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың, аудандық (қалалық) әскери комиссариатының өкiлдерiнен құралған комиссиялар жүргiзедi. Тексеру қорытындылары бойынша көрсетiлген комиссия әскерге шақырылу жасындағы жастың отбасы жағдайын тексеру актiсiн (5-қосымша) жасайды. Акт әскерге шақырылу жасындағы жасқа мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыруды беру кезiнде бір рет жасалады.
39. Отбасы жағдайы бойынша шақыруды кейiнге қалдыру құқығын жоғалтқан адамдар мерзiмдi әскери қызметке жалпы негiздерде шақырылады.
40. Азаматтарға білім алуын жалғастыру үшiн шақыруды кейiнге қалдыру туралы шешiм заңға сәйкес беріледi және ол білім беру ұйымдарында әскерге шақырылу жасындағы жасқа берiлетiн анықтаманың (6-қосымша) негiзiнде әскерге шақырылу жасындағы жас аудандық шақыру комиссиясынан бастапқы өту кезiнде бір рет қабылданады.
Кейiннен білімiн жалғастыру үшiн шақырылуы кейiнге қалдырылған адамдар жыл сайын 1 қазанға дейiн аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға олардың тиiстi білім беру ұйымдарында оқуларын жалғастырып жүргенін растайтын анықтамаларды өзi ұсынады. Көрсетiлген анықтамалар әскерге шақырылу жасындағы жастың жеке iсiне тiгiледi.
Білімiн жалғастыру үшiн шақыруды кейiнге қалдыруды ресiмдеу әскерге шақырылу жасындағы жастарды аудандық (қалалық) шақыру комиссиясына шақырумен, олар медициналық куәландырудан өтпестен жүргiзiледi. Осы әскерге шақырылу жасындағы жастардың денсаулық жай-күйi туралы деректер, олардың шақыру учаскелерiне тiркелуi кезiнде медициналық куәландырудың қорытындылары негiзiнде аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының хаттамалар кiтабына енгiзiледi (7-қосымша).
41. Заңға сәйкес денсаулық жай-күйi бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру медициналық куәландыру кезiнде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған азаматтарға бір жыл мерзiмге дейiн берiледi.
42. Басқа да себептер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру азаматтарға Заңға сәйкес берiледi. Бұл ретте осы Ереженiң 19-тармағында аталған шақырылушы азаматтардың қажеттi санынан асқан жағдайда оларға басқа да себептермен аудандық (қалалық) шақыру комиссиялары ресiмдейтiн мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру берiледi.
43. Отбасы жағдайлары бойынша, білімiн жалғастыру үшiн, денсаулық жай-күйi және басқа да себептер бойынша шақыруды кейiнге қалдыруды беру туралы аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының шешiмi аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының хаттамалар кiтабына және қандай мерзiмге дейiн кейiнге қалдырылғанын, сондай-ақ оны беру үшiн негіздемесі көрсетiле отырып, әскерге шақырылу жасындағы жастардың есепке алу карталарына жазылады.