44. Шақыруды кейiнге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылу жасындағы жастар олардың қалауы бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн. Бұл үшiн олар өз еркiмен бас тарту туралы жеке жазған және нотариалдық расталған және ата-аналары, олардың келiскендiгi туралы басқа да мүдделi адамдардың нотариалдық расталған өтiнiшiн бередi.
45. Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босату Заңның 16-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
46. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларымен бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп танылған және осыған байланысты олар 27 жасқа толғанға дейiн әскери мiндеттiлер есебiне алынған адамдар әр 3 жыл сайын міндеттi медициналық қайта куәландыруға жатады.
Медициналық қайта куәландыру кезiнде бейбiт уақытта әскери қызметке жарамды деп танылған адамдар әскерге шақырылу жасындағы жастардың есебiне қайта қоюға жатады және мерзiмдi әскери қызметке жалпы негiздерде шақырылады. Көрсетiлген адамдар есептiк-алфавиттiк кiтапқа дәрiгерлiк комиссия хаттамасының нөмiрi мен күнiне, олардың мерзiмдi әскери қызметке жарамдылығы туралы және әскерге шақырылу жасындағы жастардың есебiне қайта қою туралы шығарылған шешiмге сiлтеме жасала отырып қайтадан жазылады.
47. Шақыру комиссиясының төрағасы аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысын, оның мүшелерінің толық құрамында отырыс өткізудi қамтамасыз етедi және азаматтарды шақыруды кейiнге қалдыруды бере отырып мерзiмдi әскери қызметке шақырумен немесе мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатумен байланысты құжаттардың уақтылы және дұрыс ресiмделуi үшiн тұрақты бақылауды қамтамасыз етедi.
48. Шақырудан өткен адамдардың құжаттарын ресiмдеу аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмiне сәйкес мынадай талаптарды басшылыққа ала отырып жүргiзiледi:
әскери қызметшінің есептік-қызметтiк карточкасында денсаулық жай-күйi бойынша әскери қызметке жарамдылығы туралы аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмi, оның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қай түрi мен әскер тектерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына тағайындалғаны жазылады;
отбасы жағдайы бойынша, білімiн жалғастыру үшiн, денсаулық жай-күйi бойынша және басқа да себептер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы кейiнге қалдыруды алған адамдар шақыру учаскесiне тiркелгенi туралы куәлiктеріндегі "Шақыру комиссиясынан өту нәтижелерi" деген бөлiмде елтаңбалы сүргілi мөрмен бекітілетiн тиiстi жазба жазылады;
бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптан тыс қызметке жарамды деп танылған, сондай-ақ әскери есептен шығарылуымен әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарға шақыру комиссиясының хаттамалар кiтабынан үзiндiлер толтырылады. Үзiндiнiң негiзiнде запас бойынша есепке алу әскери құжаттары ресiмделедi. Есепке алу әскери құжаттар ресiмделгеннен кейiн үш данада тiзiм жасалады және әскерге шақырылу жасындағы жастардың есепке алу карталарымен оларға әскери билеттер жазып беретiн облыстық әскери комиссариаттардың есепке алу бөлiмiне ұсынылады. Әскерге шақырылу жасындағы жастардың есепке алу картасында әскери билеттiң сериясы, нөмiрi мен күнi белгi қойыла отырып жазылған үзiндi әскери билеттермен тiзімнiң екiншi данасы аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа қайтарылады.
49. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтар, олардың ата-аналары және өзге де мүдделi адамдар аудандық (қалалық) шақыру комиссиясы шығарған шешіммен келiспеген жағдайда белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.
50. Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмiне сәйкес мерзiмді әскери қызметке шақырылған азаматтар облыстық жинау пунктiне ұйымдасқан түрде келедi. Оларды жеткізу үшiн аудандық (қалалық) әскери комиссариат қызметкерлерiнің ішінен ертiп жүрушiлер тағайындалады. Ертiп жүрушiлерге атаулы тiзiмнің үш данасы (8-қосымша) және жапсырылған түрде жеке iстер, есепке алу-қызметтiк карточкалар, амбулаторлық науқастың медициналық картасына жасөспiрiмге арналған қосымша парақтар берiледi.
Атаулы тiзiмнiң № 1 және 2-даналары облыстық жинау пунктiнiң бастығына берiледi, ал облыстық жинау пунктiнiң бастығы команданы қабылдап алғандығына қол қойған № 3 данасы команданы ертiп жүрушiмен бірге аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа қайтарылады.
Атаулы тiзiмнің № 2 данасы команда облыстық жинау пунктiнен жөнелтiлген күнi аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа қайтарылады. Онда жөнелтiлетiн азаматтардың әр қайсысы аты-жөнiнің тұсына: қашан (күнi, айы мен жылы) және қандай әскери командамен жөнелтiлгенi немесе аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа қандай себеппен қайтарылғаны туралы белгi қойылады. Тiзiмнiң осы данасына облыстық жинау пунктiнiң бастығы қол қояды және сүргiлi елтаңбалы мөрмен куәландырылады.
Облыстық жинау пунктiнен алынған атаулы тiзiмнiң № 2 данасы аудандық (қалалық) әскери комиссариатта кiрiс журналы бойынша ескерiледi. Осы тiзiм негiзiнде есепке алу-алфавиттiк кiтаптың тиiстi бағанында әскерге жөнелтiлген әскерге шақырылу жасындағы жастардың әрқайсысының аты-жөнiнiң тұсына: "200_ жылы __ мамырда N әскери командамен жөнелтiлді" деген белгi қойылады, одан кейiн осы тiзiм аудандық (қалалық) әскери комиссариаттағы iстерге тігіліп, 3 данада 5 жыл бойы сақталады.
Атаулы тiзiмнің № 1 данасы тiзімге енгiзілген адамдардың қашан және қандай әскери командамен жөнелтiлгенi немесе аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа қандай себептер бойынша қайтарылғаны туралы белгiлерiмен облыстық әскери комиссариаттың iсiне тiгіледi және 5 жыл бойы сақталады.
51. Заңға сәйкес аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау және бақылау үшiн облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында тиiстi облыстық (Астана, Алматы қалаларында - қалалық) шақыру комиссиялары құрылады.
52. Облыстық (қалалық) шақыру комиссиялары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына жөнелту алдында тiкелей облыстық жинау пунктiнде аудандық (қалалық) шақыру комиссиясымен мерзiмдi әскери қызметке шақырылған адамдарды медициналық бақылау тексеруден өткізеді.
53. Облыстық жинау пунктіндегі медициналық бақылау тексеруi нәтижесінде әскери қызметке кедергi келтiретiн ауруы анықталған әскерге шақырылу жасындағы жастар шақырылған жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа жiберiледi.
Облыстық жинау пунктiнен аудандық әскери комиссариаттарға қайтарылған әскерге шақырылу жасындағы жастар облыстық шақыру пунктiнен қайтарылған әскерге шақырылу жасындағы жастардың есеп кiтабына (9-қосымша) енгiзiледi.
Қайтарылатын әскерге шақырылу жасындағы жастардың әрқайсысына қатысты шақыру комиссиясының төрағасы аудандық әскери комиссардың атына әскерге шақырылушыны кейiн қайтару себебi көрсетiлiп қызметтiк хат (10-қосымша) жiберiледi. Бұл қызметтiк хат әскерге шақырылу жасындағы жастың жеке iсiне тiгiледi.
Аудандық әскери комиссарлар облыстық жинау пунктiнен қайтарылған барлық адамдарды облыстық жинау пунктiнен алынған жаңа деректердi ескере отырып, мерзiмдi әскери қызметке шақыру мәселесiн шешу үшiн шақыру комиссиясына қайта шақырады.
54. Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясы дұрыс тағайындамаған, iріктеу талаптарына сай келмейтiн әскерге шақырылу жасындағы жастар облыстық (қалалық) шақыру комиссияларының шешiмiмен Қарулы Күштердiң өзге де түрлерi мен әскер тектерiне, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына тағайындалады.
Облыстық жинау пунктіндегі дәрiгерлердiң жұмысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құралымдары үшiн жаңа буынды медициналық тексерудің соңғы кезеңi болып табылады. Медициналық тексеру кезiнде денсаулық жай-күйi бойынша әскери қызметке жарамсыз азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды болдырмау үшiн аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының болуы мүмкiн қателерi анықталады.
55. Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясымен денсаулық жай-күйi бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған әскерге шақырылу жасындағы жастарды запасқа ресiмдеу тек облыстық (қалалық) шақыру комиссиясымен бақылау медициналық куәландыру өткiзiлгеннен кейiн ғана жүргiзiледi. Бақылау медициналық куәландыру нәтижелерi әскерге шақырылу жасындағы жастың есепке алу картасына енгiзiледi, оған облыстық (қалалық) шақыру комиссиясының төрағасы қол қояды және облыстық әскери комиссардың елтаңбалы мөрiмен расталады.
56. Облыстық (қалалық) шақыру комиссиясына сонымен қатар әскерге шақырылушы азаматтардың, олардың ата-аналары мен өзге де мүдделi адамдардың шақыру мәселелерi бойынша шағымдарын қарау жүктеледi.
Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмiне әскерге шақырылу жасындағы жастың және басқа да адамдардың шағымдары бұл шешiмнің орындалуын тоқтатпайды.
57. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының жұмысы және азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына жөнелту аяқталғаннан кейiн облыстық (қалалық) шақыру комиссиялары мыналарға міндеттi:
аудандық (қалалық) шақыру комиссиялары төрағаларының: шілдеде көктемгi шақырудың қорытындылары бойынша, қаңтарда - күзгi және толықтай жылдық шақырулардың қорытындылары бойынша олардың атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлi есебiн тыңдау;
аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының әскерге шақырылу жасындағы жастарды мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босату туралы және 27 жасқа толған адамдарды запасқа шығару туралы шешімдерiнiң дұрыстығын тексеру;
бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында саптық емес қызметке жарамды және әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарамсыз деп танылған, сондай-ақ денсаулық жай-күйi бойынша шақырылуы кейiнге қалдырылған әскерге шақырылу жасындағы жастарды бақылау медициналық куәландыруды жүргiзу;
азаматтарды Заңда көзделген мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдырудың дұрыстығын iшiнара тексерудi жүргiзу. Аудандық (қалалық) шақыру комиссиялары қабылдаған шешiмдердi тексеру нәтижелерi облыстық (қалалық) шақыру комиссиясы хаттамалар кiтабына енгiзiледi (11-қосымша).
58. Облыстық жинау пунктінің жұмысы. Әскери комиссариаттар Заңға сәйкес жабдықталған жинау пункттерiмен мынадай мақсатта қамтамасыз етiледi:
жаңа буынмен командалар құру;
командаларды әскерлерден жаңа буынды қабылдап алу және iлесiп жүру үшiн келген өкiлдерге беру;
осы буынды қажеттi мүлiкпен және тағайындалған жерге дейiнгi жолға қажеттi тамақпен қамтамасыз ету;
командаларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарына ұйымдасқан түрде жөнелту;
Облыстық жинау пункттерiнде шақырылғандардың iшiнен жекелеген адамдар науқастану немесе басқа да себептермен кейiнге қалдырылған жағдайда командаларды толықтыру үшiн қажеттiлiгiне қарай пайдаланылатын әскери командамен жөнелтiлетiндердің санынан 1 пайызға дейiнгi санда әскерге шақырылу жасындағы жастар резервiнің болуына рұқсат етiледi. Облыстық жинау пункттерiнде резервте тұрған әскерге шақырылу жасындағы жастарды 2, 3 күннен артық ұстауға жол берiлмейдi.
59. Облыстық жинау пунктiнде:
аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардан келетiн жеке құрамды орналастыру үшiн үй-жай;
жеке құрамды санитарлық тазартуға арналған (монша, душ) үй-жайлар;
әскерге шақырылушы азаматтар арасында олар жинау пунктiнде болған кезде тәрбие жұмысын жүргiзуге арналған үй-жайлар;
әрбір дәрiгер-маманға бір бөлме есебiнен медициналық тексеруге арналған бөлме;
флюрография қондырғысы үшiн үй-жай (орын);
әскери командаларды жасақтау бөлiмшесiне арналған үй-жай;
жаңа буынды әскери бөлiмдерге қабылдау және iлесiп жүру үшiн әскерлерден келген жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жай;
тамақтандыру пунктi, буфет;
дезинфекциялық камералары бар санитарлық өткізушi, екi инфекция изоляторы, санитарлық тораптар;
жеке құрамды сапқа тұрғызу және онымен саптық және спорттық жаттығуларды өткізуге арналған орын болуы тиiс.
Бұдан басқа, жинау пунктiнде жинау пунктiнiң қолбасшылығын, кезекшi қызметтi және әскери тәртiптi сақтау үшiн тағайындалатын басқа да адамдарды орналастыруға арналған орындар қарастырылуы тиiс.
60. Облыстық әскери комиссарлар мен әскери комиссарлардың тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары облыстық жинау пункттерiнде әзiрленген жоспарларға сәйкес жаңа буын арасында қажеттi тәрбие-құқықтық жұмысты ұйымдастырады, олардың шығарып салуға келген ата-аналарымен түсiндiру жұмысын жүргiзедi, сондай-ақ әскери командалардың жеке құрамын жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерi мен әскерге шақырылу жасындағы жастар ата-аналарының қатысуымен салтанатты шығарып салуды ұйымдастырады.
Облыстық жинау пункттерiнде, сондай-ақ жүру жолында жаңа буынмен тәрбие-құқықтық жұмысты жүргiзу кезiнде, жоғары ұйымшылдық пен тәртiптi қамтамасыз етуге, жергiлікті тұрғындарға қатысты бұзақылық және басқа да адамгершілiкке жат қылықтар жасауға жол бермеуге назар аударылады. Жүру жолында және тоқтаған жерлерде мiнез-құлық ережелерi мен қауіпсiздiк шаралары, жеке құрамның әскери тәртiптi, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қатаң сақтау қажеттiгi түсіндiріледi.
61. Жаңа буынды қабылдауға және iлесіп жүруге тағайындалған жеке құрам облыстық жинау пункттерiне әскери командалардың жөнелтiлуiне дейiн 2 тәулiк бұрын келуге тиiс.
Жаңа буынды қабылдау және iлесіп жүру үшiн әскерлерден келген жеке құрам облыстық жинау пунктінiң бастығына бағынады. Ол облыстық жинау пунктiнің қолбасшылығымен бірлесiп әскери командаларды құруға, әңгімелесу жолымен, әскерге шақырылу жасындағы жастардың жеке iстерi бойынша жаңа буынды зерделеуге, жеке құрамды ас iшуге, санитарлық қараудан өтуге және облыстық жиын пунктiнің жұмыс тәртібіне сәйкес басқа да iс-шараларға қатысу үшiн iлесіп жүруге мiндеттi.
Әскери командалардың бастықтары мен жаңа буынды қабылдау және iлесiп жүру үшiн әскерлерден келген басқа да адамдардың әскери комиссариаттарға әскерге шақырылу жасындағы жастарды iрiктеп алу жөнiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен көзделмеген қандай-да бір талаптарды қоюына тыйым салынады.
62. Команда жетекшiлерiне әскери команда құрамында жол жүретiн жаңа буынды қабылдау құқығына сенiмхат берiледi.
63. Шақырылғандарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына шақырылған азаматтарды жөнелту. Облыстық жинау пункттерiнде шақырылған азаматтар атаулы тiзiм бойынша (12-қосымша) әскери команданың бастығына тапсырылады.
Атаулы тiзiм жөнелтiлетiн әскери команданың әрқайсысына 4 данада жасалады. № 1 және 2 даналары есептiк-қызметтiк карточкаларымен, амбулаторлық науқастың медициналық картасына әскерге шақырылу жасындағы жасқа қосымша парақтарымен әскери команданың бастығына табыс етіледi. Тiзiмнің № 3 данасы әскери команда бастығының жаңа буынды қабылдағаны туралы қолхатымен облыстық әскери комиссариатта қалады. Тiзiмнiң № 4 данасы әскери билеттердi беру ведомосымен бірге тiгiледi.
Бұдан басқа, әскери команда бастығына әскери бөлiмге дейiнгi жолда жүрудің өн бойында әскери тасымалдау құжаттары, сондай-ақ азық-түлiк аттестаты тапсырылады.
64. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау шығыстарын өтеудi, олар ұсынған шоттар бойынша республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы бөлулер шегiнде тiкелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргiзедi.
65. Команда жетекшiлерi белгiленген жерге келісімен жеке құрамды атаулы тiзiм мен есептiк-қызметтiк карточкалар бойынша жаңа буынды қабылдау пункттерiнің бастықтарына тапсырады. Осымен бір уақытта тиiстi бастықтарға әскери тәртiптiң жағдайы туралы және жүру жолындағы оның барлық бұзылу оқиғалары туралы баяндайды.
Жаңа буынды қабылдау пункттерiнде тiзiмнің бірiншi данасының 8-бағанында әрбір тегінің тұсына шақырылушының қашан және қандай әскери бөлiмге (орналасу пунктiн көрсетпей бөлiмнің шартты нөмiрi) мерзiмдi әскери қызметтi өткеруге жiберiлгенi туралы белгi қойылады. Тiзiмнің бұл данасы жаңа буынды қабылдау аяқталған соң командирлердiң (бастықтардың) өкімімен жаңа буынды қабылдау пунктi құрылған әскери бөлiмге берiледi. Жаңа буынды қабылдау туралы белгiсi бар, сүргiлi елтаңбалы мөрмен куәландырылған екiншi данасы жаңа аттанған келген облыстық әскери комиссариатқа жiберiледi. Әскери бөлiмдерден келген атаулы тiзiмдерi бар iстер 10 жыл сақталады.
ЕРЕЖЕГЕ
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 761 қаулысымен ереже өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.09.05. қолданысқа енеді)
19__жылы туған, мерзімді әскери қызметке даярлауға
жататын,
_________________________________________________
(білім беру ұйымының және өзге ұйымдардың атауы)
жұмыс істейтін (оқитын) жастар
ТІЗІМІ
Р/с N | Тегі, аты, әкесінің аты | Ұлты | Білімі (қайда және қай сыныпта, курста оқиды немесе неше сыныпты, курсты бітірді) | Жұмыс орны және атқара- тын қызметі | Мемлекет- тік тілді меңгерген бе | Тұрғы- лықты жері | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | |
М.О. Қолы _______
20__ ж. "____" _____________
Тiзiм жасау жөніндегі түсiндiрме
1. Тiзiмдi меншiк нысанына қарамастан білiм беру ұйымдары және өзге де ұйымдар жасайды.
Жеке карточкалар (N T-2 үлгiсi), азаматтарды тiркеу кiтаптары негiзiнде алфавит тәртібімен 15-16 жастағы жастарға жеке жасалады.
2. Тiзiмге жоғарыда көрсетiлген ұйымдардың басшылары қол қояды және сүргiлi елтаңбалы мөрмен куәландырылады. Жеке үй иелiктерi бойынша - пәтер иелерi кооперативтерi.
ЕРЕЖЕГЕ
2-қосымша
19__ жылы туған әскерге шақырылу жасындағы жасты
________________________________________
ЗЕРДЕЛЕУ ПАРАҒЫ
Әңгіменің үлгілік сұрақтары | Әңгіме қашан, кіммен өткізілді және оның мазмұны |
Әскерге шақырылу жасындағы жаспен әңгiмеде оның қабiлет-бейiмi, мамандығы, қоғамдық жұмысқа қатысуы, қандай спорттық разряды барлығы, әскери оқу орнына түсудi қалайтындығы анықталады. Ата-аналарымен (туған-туысқандарымен), емдейтiн дәрiгерлерiмен әңгiмеде әскерге шақырылу жасындағы жастың денсаулық жай-күйi, жарақат, сынық болды ма, талма, жүйке-психикалық аурулары, түнгi кiшi дәретiн ұстамау, туберкулез, әскерге шақырылу жасындағы жастың мiнезi және қабiлет-бейiмi, отбасының материалдық жағдайы, әскерге шақырылу жасындағы жастың психофизиологиялық және өзге қасиеттерiн сипаттайтын басқа да мәселелер айқындалады. Iшкi iстер органдарында шақырылушы қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершілiкке тартылды ма, iшкi iстер органдарында есепте тұрама, қоғамдық тәртібі бұзғаны үшiн айып тағылды ма, туған-туысқандары қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды ма - осы мәселелер анықталады. Жұмыс (оқу) орнындағы әңгiмеде әскерге шақырылу жасындағы жастың жұмысқа (оқуға) қатысы моральдық келбетi, iскерлiк қасиеттерi, қабiлет-бейiмi, тұрмыстағы, өндiрiстегi мiнез-құлқы, қоғамдық жұмысқа қатысуы анықталады. | |