2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж.
29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 709, 710, 711, 712-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
709-қосымша
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
001 "Әкiмшiлiк шығыстар" республикалық бюджеттік
бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 48894 мың теңге (қырық сегiз миллион сегiз жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29
Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасын, мүшелерiн және оның аппаратын ұстау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өздеріне жүктелген міндеттердің мейлінше тиімді орындалуына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының, мүшелерінің және оның аппаратының қызметін қамтамасыз ету.
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның (кіші бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: аппаратқа
жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуы, Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесінің үздіксіз қызмет істеуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
710-қосымша
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
010 "Кадрлардың біліктілігiн арттыру және қайта даярлау"
республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 157 мың теңге (бiр жүз елу жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлiгiн шыңдау мақсатында, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы теориялық және практикалық білімiн, оқыту бағдарламасы бойынша шеберлiгi мен ептілігiн жаңғырту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердің кәсiби біліктілігiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның (кіші бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Орындау мерзімі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Кадрлардың біліктілігiн арттыру және қайта даярлау 005 Мемлекеттік Бiлiктілік арт- жыл Қазақстан қызметшiлердiң тырудың бекітілген бойы Республикасы- біліктілігiн жоспарына сәйкес, ның арттыру мемлекеттік қыз- Конституциялық метшiлердiң білік- Кеңесi тілігiн арттыру бойынша қызметтi, соның iшiнде мем- лекеттiк тiлдi оқыту қызметiн сатып алу. Тыңдаушылардың саны 29. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттiң қазiргi экономикалық жағдайы мен ресурстық мүмкiндiктерiне
сәйкес, мемлекеттік қызметшiлердi кәсiби мемлекеттік қызмет талаптарына
жауап беретiн сапалы түрде оқытудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және
дамыту арқылы мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
711-қосымша
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
500 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" республикалық бюджеттік
бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1440 мың теңге (бiр миллион төрт жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің Төрағасы мен мүшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнде пайдаланылатын есептеу техникасына қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне ақпараттық-техникалық қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның (кіші бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Орындау мерзімі | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 500 Қазақстан 29 пайдаланушыға жыл Қазақстан Республикасының арналған электрон- бойы Республикасы- Конституциялық дық пошта және Ин- ның Кеңесiне тернет бойынша қызмет- Конституциялық ақпараттық-есеп- Компьютерлiк және Кеңесi теу қызметiн ұйымдастыру көрсету техникасына техникалық қызмет көрceту және оны жөндеу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Конституциялық Кеңестің ақпараттық жүйесiнің үздiксiз жұмыс iстеуiн сапалы
әрi уақтылы қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың интеграцияланған
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
712-қосымша
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
600 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiн
есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету"
республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1144 мың теңге (бiр миллион бiр жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 31 шілдедегi № 427 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің қызметiн материалдық-техникалық және бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, ақпарат жүйесiн жасау, жұмыс орындарын автоматтандыру. Мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне бiр мезгілде ену.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/н N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарламаның (кіші бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Орындау мерзімі | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 600 Қазақстан Шығындық материал. Жыл Қазақстан Республикасы- дар сатып алу: бойы Республика- ның Конс- картриждер - сының титуциялық 58 дана, ксерокске Конституция- Кеңесін арналған тонер - 15 лық Кеңесі есептеу дана дискеттер - 200 және ұйымдас- дана. Сканер - 6 дана, тыру желiлiк карталар техникасымен - 5 дана, HUB - қамтамасыз 4 дана. ету Желiлiк, қолданбалы бағдарламалық жабдықтауыш сатып алу - 5 дана. 30 пайдаланушыға арналған вирусқа қарсы бағдарламалық жаб- дықтауыш- "1C бухгалтерия" бағдарламалық iлеспе және адаптация |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Конституциялық Кеңестiң аппаратын есептеу және ұйымдастыру техникасымен
толық қамтамасыз ету. Ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан, сондай-ақ зиянды
бағдарламалардың ("вирустардың") әсерiнен сақтауды қамтамасыз ету.